Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қазан

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЕске алу
Еске алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 295-ші күн. Жыл соңына дейін 70 күн бар

22 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан біле аласыз.

22 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

22 қазанда Ресейде соғыс кезінде майжаң алаңында және қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған Ақ тырналар мерекесі аталып өтеді. Бұл мереке ақын Расул Гамзатовтың бастамасымен жыл сайын тойланып келеді. Мерекені басты мақсаты Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ғана емес, Ресей тұрғындарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын нығайту. Мерекенің атауы Руслан Гамзатовтың Марк Бернес әнге қосып орындаған "Ақ тырналар" өлеңінен шыққан.

Сонымен бірге бүгін Халықаралық Caps Lock батырмасының күні.

Бәрімізге белгілі, пернетақтадағы осы батырманы бассаңыз, барлық әріптер бас әріппен жазылады. Бастапқыда бұл батырма үнемі үлкен әріппен мәтін жазатындар үшін ойлап табылған еді, себебі қайта-қайта Shift батырмасын баса беру мүмкін емес. Кейінірек интернетте CAPS LOCK батырмасына қарсы қозғалыс басталды. Адамдар әлі күнге дейін осы батырма керек пе, жоқ па деп дауласып жүреді. 2001 жылы Швецияда батырмаға қарсы қоғамдық кампания құрылды, акцияның мақсаты компьютер шығарушылардан осы батырманы алып тастауды талап ету болатын. Дау әлі біткен жоқ, батырма да орнында.

22 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1730 жылы Ладож арнасы ашылды; 

1922 жылы А.Н. Туполев атындағы авиациялық құрастырушы бюро құрылды;

1938 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы ксерокопия пайда болды;

2009 жылы Windows корпорация ресми түрде  Windows 7 операциялық жүйесін таныстырды

22 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1915 жылы Семей теміржол вокзалы ашылды. Жаңа вокзалға Новониколаевск қаласынан алғашқы пойыз келді;

1921 жылы Алматыда алғашқы конькишілер ұйымы құрылды;

1966 жылы Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің лай тасқынынан қаланы қорғау мақсатында Медеу шатқалында жарылыс жасалды;

1993 жылы Улаанбаатор қаласында Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;

1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Мәдениет ауылында Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені ашылды;

2003 жылы Шымкентте жаңа Спорт сарайы ашылды;

2005 жылы Көкшетаудың «Жайлау» шағын ауданында медресе ашылды;

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды.

22 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1870 жылы орыс жазушысы, ақын, Петербург ғылым академиясының құрметті академигі, әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ұлты өкілі Иван Бунин дүниеге келді;

1926 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Спартак Мишулин дүниеге келді (фильмдері "Белое солнце пустыни", "Человек с бульвара Капуцинов");

1929 жылы әйгілі кеңес футбол қақпашысы, мәскеулік "Динамо" және КСРО құрамасында ойнаған Лев Яшин дүниеге келді;

1946 жылы итальян әншісі Робертино Лоретти дүниеге келді.

22 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1878 жылы ақын Омар Шораяқұлы дүниеге келді;

1924 жылы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, публицист, Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысы ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеге келді;

1925 жылы қазақ экономисі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Шағатай Қашықов дүниеге келді;

1933 жылы жазушы-драматург Амантай Сатаев дүниеге келді;

1943 жылы физика математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жеңіс Жотабаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Қысылтаяң кезең, тағдырды шешетін мәселелермен айналыспаған жөн, маңызды шешімдерді қабылдамаңыз, сезімге беріліп қателікке бой алдыруыңыз ғажап емес. Оданда сүйіктіңізбен романтикалық кешкі ас ішіп, уақытты жақсы өткізуге тырысыңыз.

Жаңалықтар
0