Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қазан

© Sputnik / Тимур БатыршинШекара бекеті
Шекара бекеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 296-шы күн. Жыл соңына дейін 67 күн бар.

25 қазанда не болғанын білесіз бе? 

 Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз. 

         25 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды?

25 қазан күні Беларусь халқы Диірменшілер күнін атап өтеді. Диірменшілердің еңбегі әрдайым жоғары бағаланатын. Өйткені күз келіп, барлық дәнді дақыл жиналған кезде, ұнның сапалы, тиісінше жейтін нанның дәмді болуына жауап беретін солар. Заманға қарай нан пісірудің әдіс-тәсілдері өзгергенмен, Беларусьте әлі күнге дейін жел және су диірмендерін кездестіруге болады. Бұрынғы заманда диірменмен байланысты мистикалық әңгімелер мен наным-сенімдер көп болған. Мәселен, желсіз, тымық күні диірменнің қалағын мыстан кемпірлер айналдырады деген наным бар. Бұған қоса, олар диірменшілерге бидай салынған ауыр қаптарды тасуға көмектеседі-міс. Ал диірменшілер алғыс ретінде өздерінің "қамқоршыларына" диірменнің бір түкпірінен орын береді екен деседі. 

Сондай-ақ, бүгін Ресейде Кеденшілер күні. Ресейде алғашқы кеден жарғысы 359 жыл бұрын пайда болғанын көбісі біле бермейді. Сол кезден бері 25 қазан ресейлік кеден тарихында айтулы дата болып қалды. Үш жарым ғасыр бұрын дәл осы күні патша Алексей Михайлович Мәскеу мен Ресейдің басқа қалаларында кеден алымын жинау туралы жарлық шығарды. 

Ресейдің қазіргі кедені әлемдік стандарттарға сай жұмыс істейтінін дәлелдеді. 1995 жылы Ресей президенті осы күнді мерекелеу туралы жарлық шығарды. Бүгінде террорлық қауіп-қатерлер кеден органдарының жұмысын қиындап отыр, сондықтан оларға қойылатын талаптар да жоғары. Кеден бақылауында жаңа технологияларды меңгеру, ақпараттық жүйелерді жаңғырту бағдарламаларын іске асыру, декларациялаудың электронды формасы мен электронды сандық қолтаңбаға ауысу кеден бөлімшелерінің жұмысын жетілдіруге үлкен үлес қоспақ.. 

         25 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1839 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы теміржол кестесі жасалды; 

1889 жылы Парижде Эйфель мұнарасының құрылысы аяқталды; 

1990 жылы "Поле чудес" телеойыны алғаш рет эфирге шықты; 

2001 жылы  Microsoft Windows XP операциялық жүйесі шығарылды. 

         25 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1990 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды; 

1997 жылы Алматыда Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға ескерткіш ашылды;

2000 жылы Астанада Президенттік мәдениет орталығы ашылды;

2013 жылы Таразда Төле бидің 350 жылдығына орай ескерткіш қойылды.

         25 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар 

1881 жылы испан суретшісі, мүсінші, керамист және дизайнер Пабло Пикассо дүниеге келді; 

1926 жылы кеңестік және ресейлік опера әншісі (сопрано), әртіс, театр режиссері, педагог Галина Вишневская өмірге келді. КСРО халық әртісі (1966);

1979 жылы ресейлік шоумен, сықақшы, комедия актері, сценарийші және продюсер Михаил Галустян туды; 

1984 жылы америкалық әнші, сазгер, актриса Кетти Пэрри дүниеге келді. 

         25 қазанда Қазақстанда кімдер туды 

1923 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тахауи Ахтанов дүниеге келді;

1925 жылы мерген, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова өмірге келді; 

1925 жылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нияз Сыздықов туды; 

1931 жылы балалар ақыны, аудармашы Әнуарбек Дүйсенбиев дүниеге келді; 

1957 жылы бұрынғы қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Сәкен Жасұзақов өмірге келді; 

1959 жылы боксшы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаев туды. 

         Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бұл күні сіз күтпеген оқиғалар көп болады, десе де оған алаңдап, мазасызданудың қажеті жоқ. Ақыр соңында барлығы оң шешіледі. Бүгінгі күнді біліктілікті арттыруға арнауға болады. 

Жаңалықтар
0