14:42 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Студенттер

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылады

© Photo : ТюмГУ
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
431 0 0

2019 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлағандай, бұл норма жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейтуге қатысты заңнамада қарастырылды. Қазіргі уақытта сырттай оқып жатқан студенттер оқуын жалғастыра береді.

Білім министрлігінде атап өткендей, қолданыстағы нормаға сәйкес сырттай оқитындар күндізгі бөлімде оқитын студенттермен салыстырғанда оқу бағдарламасының 65 пайызын ғана меңгереді. Бірақ екеуі де жоғары оқу орнын бітіргесін біркелді диплом алады. 

Дегенмен, министрліктегілер күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар бар екенін ескеріп отыр. Болашақта осындай санаттағы азаматтар үшін қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып, жаңа жүйе енгізу жоспарланған. Мұндай студенттер күндізгі бөлімде білім алып жатқан жастармен қатар оқу бағдарламасын толыққанды меңгеретін болады. 

Қазақстанда сырттай оқуға 2010 жылы шектеу қойылған болатын. Тек жоғары білімі бар немесе колледж түлектері ғана сырттай оқып жүр. Бұдан бөлек, сырттай оқуға мүмкіндік бар мамандықтар тізімі де айтарлықтай қысқартылды. Мәселен, оның ішінде медицина, ветеринария, құрылыс және басқа да бағыттар бар.

Тақырып бойынша

1 қаңтардан бастап кімдердің ұялы телефоны жарамсыз болып қалады?
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды
Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді?
1 қыркүйектен бастап білім саласында не өзгереді?
Кілт сөздер:
диплом, білім беру, студенттер, сырттай оқу, Білім және ғылым министрлігі, Ерлан Сағадиев
Загрузка...

Басты тақырып