Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қазан

CC0 / suetot / Қара мысық
Қара мысық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 300-ші күн. Жыл соңына дейін 65 күн қалды

27 қазан күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

27 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін жұмсақ аю ойыншықтардың мерекесі. Ол ХХ және ХХІ ғасырлардағы ең танымал ойыншықтардың бірі. Батыс Еуропа мен Америкада ол Теодер Рузвельттің есіміне ұқсас Тедди атымен аталады. 1902 жылы президент америкалық қара аюға жанашырлық танытқан-ды. Рузвельт ағашқа байланған аюды келіп атуға шақырту алады. Алайда ол оны атудан бас тартып, мұны басқа біреулерге тапсырады. Мұндағы мақсаты — қиналып жатқан аюды құтқару болатын.

Бұл оқиға туралы газет беттерінде жазылып, түрлі карикатура пайда болды. Уақыт өте келе ол кішкене сүйкімді аюға айналды. Оқиғаның мән-жайы уақыт өте келе бұлыңғырланып ұмытыла бастады. Бірақ Теддидің аюды атудан бас тартқаны жұрттың есінде қалды.

27 қазан күні Ұлыбритания тұрғындары ресми қара мысықтар мерекесін атап өтеді. Ал АҚШ тұрғындары әдетте оны 17 тамыз күні тойлайды. Бұл мереке не үшін күнтізбеге енгізілді?Статистикалық мәліметтер бойынша, халық қара мысықты алудан бас тартады. Яғни бұл мереке қара мысықтарға қамқорлық таныту үшін ойлап табылған. 

Мұнымен қатар, бүгін халықаралық аудиовизуалды мұралар күні. Ерекше күн күнтізбеде 2005 жылы БҰҰ мамандарының ұсынысымен пайда болды. 1980 жылы дәл осы күні аудиовизуалды естеліктерді, құжаттарды сақтауға кеңес берілген-ді.

Аудиовизуалды құжаттар тек ХХ ғасырда жаппай тарала бастады. Оның басты мақсаты — мәдени мұраларды сақтау.

27 қазан күні әлемде болған тарихи оқиғалар

1873 жылы АҚШ-та тікен сым темір патенттелді;

1918 жылы Иркутск мемлекеттік университеті құрылды;

1984 жылы Байқал-Амур магистралі ашылды;

2008 жылы Швейцарияда әлемдегі бірінші жерасты метросы ашылды.

27 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1953 жылы Мойынты — Шу темір жолы іске қосылды;

2005 жылы Елбасы Татарстанның сол кездегі президенті Минтимер Шаймиевке Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті;

2006 жылы Алматыда "Батыс Желтоқсан" автомобильдер жол торабының салтанатты ашылу рәсімі өтті;

2009 жылы Павлодар облыстық кітапханасында өткен кездесу барысында сазгер Кайырбек Сәтиевтің "Әнім әнге жалғассын" атты кітабының таныстырылымы өтті;

2009 жылы Братислав қаласында Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы мен Словакия Республикасының бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

27 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1782 жылы италиялық скрипкашы, гитарашы және сазгер Никколо Паганини дүниеге келді;

1927 жылы кеңес кинорежиссері және сценарий жазушы Александр Серый туды;

1944 жылы кеңес кино және театрының актері Николай Караченцов дүние есігін ашты;

1978 жылы британиялық скрипкашы және сазгер Ванесса Мэй туды.

27 қазанда Қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1944 жылы суретші, бүкілодақтық ЛКЖО сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәміл Моллашев дүниеге келді;

1946 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Уәлихан Бишімбаев туды;

1954 жылы техника ғылымдарының кандидаты, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Берік Уандықов дүние есігін ашты;

1959 жылы ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері Әбдірашид Жүкенов туды;

1962 жылы Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов дүниеге келді;

1965 жылы "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, саясат ғылымдарының кандидаты Сапар Ахметов туды.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісіне келіп тоқтайды. Бұл күні агрессияға айналатын күшті бақылай білу қажет. Ай осы күні туғандардың бойында барлық жаман сезімдерді арттырады. Сол себепті адам күйзеліске түсуі мүмкін. Осы орайда, өз ойларыңыз бен істеріңізді бақылауға алғаныңыз жөн.

Жаңалықтар
0