Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қазан

CC0 / skeeze / Ғарыш станциясы
Ғарыш станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 302-ші күн, жыл соңына дейін 62 күн бар

30 қазанда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

30 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

30 қазан күні Ресейде инженерлік-техникалық мамандықтардың қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Қазіргі уақытта инженер-механик – инженерлік жобалау және әртүрлі технологиялық жабдықтарды пайдалану саласындағы әмбебап әрі сұранысқа ие мамандық. 1854 жылы орыс флотында механик-инженерлердің алғашқы корпусы құрылды. Бүгінгі күні бұл сұранысқа ие мамандарды бүкіл әлем бойынша көптеген институт дайындайды.  

Сондай-ақ 30 қазан – Суланған кепкен нан күні. Бұл мерекені шай ішіп отырып, оған нанның қыртысын, кептірілген нан немесе кепкен тоқаш батырғанды ұнататындар атап өтеді. Кейбіреулер шайды осылай ішу дәмдірек болады деп санайды. Ал құрғақ нанды сулаудың қаншалықты қажеті бар, себебі ол таңғы ас үшін өте қолайлы. Көптен бері құрғақ нан асқазан аурулары үшін ең жақсы дәрі болып саналады. Көптеген адам қазірдің өзінде дұрыс тамақтану үшін оны арнайы кептіреді.  

30 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1888 жылы шарикті қалам патенттелді;

1918 жылы Чехословакия Прагада тәуелсіздігін ресми түрде жариялады. Алайда словактар мемлекетке 2 күннен кейін қосылған. 1918 жылы 30 қазанда Мартине қаласында Словак халқының жиынында Словакия халқының Чехословакияға қосылуы туралы Декларациясы қабылданды.

1961 жылы  КСРО-да әлемдегі ең қуатты термоядролық бомба – АН602 "Царь-бомба" сыналды;

1967 жылы  ғарышта алғаш рет ғарыш аппараттары автоматты түрде түйістірілді;

1998 жылы Гетеборг қаласында жастар дискотекасында өрт шығып, 63 жасөспірім қаза тапты. 

30 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1999 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қарғалы ауылының орта мектебі мен көшелерінің біріне жазушы Ғабиден Мұстафиннің есімі берілді;

1999 жылы Алматыда орыс ақыны А.Пушкинге ескерткіш орнатылды;

2007 жылы Мәжілісте Еуропарламент депутаты С.Стивенсонның Семей ядролық полигоны туралы "Мәңгілік қайғы" кітабының тұсаукесері өтті;

2013 жылы Астанада аффинажды зауыт салынды.

30 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

— 1735 жылы АҚШ-тың 2-ші президенті Джон Адамс дүниеге келді;

— 1960 жылы шабуылшы жартылай қорғаушы және шабуылшы ретінде ойнаған атақты аргентина футболшысы Диего Марадаоны дүниеге келді. Ол "Архентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс", "Барселона", "Наполи", "Севилья" және "Ньюэллс Олд Бойз" клубтарында ойнады. Аргентина құрамасында 91 матч өткізіп, 34 гол соқты;

— 1981 жылы американлық кәсіпкер, модель, жазушы, АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп дүниеге келді. 

30 қазанда Қазақстанда кім туды

 1934 жылы суретші, монументалист, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Марат Жақыбалиев дүниеге келді; 

1939 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рымкеш Омарханова дүниеге келді;

 1939 жылы ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлім Ыдырысов дүниеге келді;

1951 жылы экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Серік Аханов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай шаян белгісінде орналасады. Бүгін сізге көптеген сынаққа төтеп беруге тура келеді, бірақ бәрі сәтті аяқталмайды, бірақ жабықпай, өзіңізді қайрай түсіңіз, бұл сізді тек күшейте түседі. Жалпы, бүгін барлық нәрсені әзіл ретінде қабылдауға тырысыңыз және сіздің табысқа жететініңізге сеніңіз және тек өзіңізге арқа сүйеңіз.

 

Жаңалықтар
0