00:15 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
4 қараша, күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қараша

© Sputnik /
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
249 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 308-ші күн. Жыл соңына дейін 57 күн бар.

4 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

4 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

1985 жылдан бастап жыл сайын Американың Луизиана штатындағы Аббевиль қалашығында "Алып омлет күні" тойланады. Қарашаның алғашқы демалысы қаланың бас алаңында алып омлет әзірленеді. Оған бес мың жұмыртқа, жиырма бес литр сүт және он келі түрлі көк шөп жұмсалады. Кез келген адам тағамның дәмін татып көре алады. Биыл ерекше мереке 4 қарашаға түсіп тұр. 

Тіпті атақты Наполеон Бонапарттың өзі жұмыртқа тағамын қатты сүйіп жеген деген аңыз бар. Бірде император Францияның Бессьер қаласында түнеген кезде, жергілікті жердің "тауық сыйы" деп аталатын тағамынан дәм татады. Дәмі тіл үйіргені соншалық, Наполеон бүкіл округтен жұмыртқа жинап, әскерлеріне омлет пісіруді талап еткен. 

Британияда қарашаның 4-нен 5-не қараған түні "Гая Фокс түні" аталып өтеді. Сондай-ақ бұл мейрам Алау түні немесе Отшашу түні деп те аталады. Бұл 1605 жылғы оқиғаны еске салатын Англияның ең танымал тарихи мерекелерінің бірі. Сол жылы король мен парламент бас орындаушысы дворян Гай Фокс болған қастандықтың құрбаны бола жаздаған еді. 

Ресейде бүгін Халық бірлігі күні мерекеленеді. Бұл күні Кузьма Минин мен Дмитрий Пожарскийдің жоспары бойынша Мәскеу поляк интервенттерінен азат етілді. І Петр Мининді "Отанды құтқарушы" деп атады. Бұл мейрам біраз уақыт өз мәнін жоғалтып алды, алайда КСРО құлағаннан кейін ескі дәстүр қайта жаңғырды. 

4 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар 

1493 жылы Христофор Колумбтың экспедициясы Гваделупа аралын ашты;

1873 жылы Сан-Францискодан шыққан дантист Джон Бирс алтын тіс сауыттарын патенттеді; 

1890 жылы Лондонда әлемдегі алғашқы жерасты электр жолы – метро ашылды; 

1946 жылы Парижде ЮНЕСКО құрылды. 

4 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1907 жылы Орынборда татар тілінде "Орал" газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты;

1977 жылы Қазақ кардиологиялық ҒЗИ құрылды; 

1995 жылы Трансазиялық темір жолдың Шу стансасынан Арыс стансасына дейінгі 582 шақырымдық электрификациялық учаскесі ашылды;

1999 жылы Алматыда Софья Ковалевская көшесінің атауы композитор Нұрғиса Тілендиев атындағы көше болып өзгертілді.

2000 жылы Қарағанды қаласында ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды.

4 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар

1925 жылы кеңестік және ресейлік театр, кино әртісі Николай Прокопович дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (1995). Кеңестік әскери фильмдерде Гиммлердің рөлін сомдаған. 

1956 жылы кеңестік рок-музыкант, әнші, ақын, бірқатар әннің авторы, киноәртіс Игорь Тальков өмірге келді;

1969 жылы америкалық әртіс, сценарийші, режиссер әрі продюсер, "Оскар" жүлдесінің лауреаты (фильмдері: "Интерстеллар", "Настоящий детектив", "Киллер Джо")  Мэттью МакКохани туды;

1984 жылы "Әйелдер лигасының" әртісі, сондай-ақ "Деффчонки" телехикаясында Маша Бобылкинаның рөлін сомдаған Галина Боб дүниеге келді. 

4 қарашада Қазақстанда кімдер туды

1880 жылы түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сергей Малов дүниеге келді;

1898 жылы композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Мацуцин өмірге келді; 

1915 жылы журналист, әдеби мұраларды жинаушы Гүлнар Дулатова туды;

1961 жылы әнші, актер Нұрлан Өнербаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін айналадағы адамдардың назары сізге ауады, мақтау сөздерді көп естисіз. Десе де жылы сөзге алданып, кейін өкініп қалып жүрмеңіз.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қазан
Кілт сөздер:
бірлік күні, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып