Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қараша

© Sputnik6 қараша, күнтізбе
6 қараша, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 310-ші күн. Жыл соңына дейін 55 күн қалды

6 қараша күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

6 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін барша әлем халқы саксофон туған күнін атап өтіп жатыр. Осы күні саксофонды жасап шығарған Адольф Сакс дүниеге келген еді. Көптеген адам саксофонның арнайы джаз музыкасын ойнау үшін жасалғанын айтады. Саксофон — бұл адам дауысына ең жақын аспап. Саксофон үні мен адам дауысынан пайда болатын толқын өзара қатты ұқсайды. Бастапқыда саксофон тек әскери оркестрларда қолданылған. Кейін уақыт өте келе оны опералық және симфониялық оркестрге енгізе бастады. Көптеген танымал сазгер саксофонға арнап музыка жазатын болған. Мысалы, Клод Дебюсси саксофоны бар оркестрге арнап рапсодия жазған. Кейбір музыкашылар саксофонды "джаздың әміршісі" деп те атайды.

Сондай-ақ, бүгін адамдар қолынан өлген жануарларды еске алатын күн. Жануарлардың жаппай қырылуының басты себебі — адамдар әрекеті. Адам баласы өзінің мүмкіндіктері мен сана-сезімінің бар екендігіне орай жануарларға қамқор болуы керек. Осыған қарамастан жыл сайын Жер фаунасынан көптеген Қызыл кітапқа енген жануар жойылып барады. Бұл күні жануарлар терісінен киім кигенді жақсы көретіндер міндетті түрде ойлануы керек.

Бұдан өзге бүгін тәуелсіз, жалғыз жүрген әйелдер мерекесі. Көпшілік бұл мерекені әзілге балайды. Егер сіз және өзге құрбыларыңыз сүйіктілеріңізді жолықтырып үлгермеген болсаңыздар, неге бас қосып, бұл уақытты бірге өткізбеске?! Сондай-ақ, бір-бірлеріңізге мерекенің құрметіне кішігірім сыйлық табыстауларыңызға болады. Мереке ресми емес, оны біреу ойлап тапқан.

6 қарашада болған тарихи оқиғалар

1844 жылы Доминикана Республикасының конституциясы қабылданды;

1860 жылы Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-шы президенті болып сайланды;

1923 жылы Польшада Краков көтерілісі басталды;

1960 жылы Киев метрополитені іске қосылды;

1975 жылы Sex Pistols Қасиетті Мартин көркем өнер мектебінде алғаш рет концерт берді.

6 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1972 жылы Кеме механизмдері мен аспаптарын басқаратын жүйелер мен комплекстерді шығаруға маманданған, КСРО-ның кеме өндірісі министірлігінің құрамына кірген "Омега" аспап жасау зауыты" АҚ құрылды;

1979 жылы азамат және Ұлы Отан соғыстарында қаза тапқан солтүстік қазақстандықтарға арнап Петропавл қаласының алаңында жауынгерлік даңқ мемориалы ашылды;

1992 жылы Алматы қаласындағы Райымбек батыр көшесінің бойындағы зиратта атақты әнші Әміре Қашаубаевқа қойылған ескерткіш-құлпытастың ашылу салтанаты өтті;

2007 жылы Астанадағы "Зерде" инновациялық орталығы дайындаған қазақ тілі синонимдер сөздігінің электрондық нұсқасы таныстырылды;

2007 жылы Каирде "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Мысыр Араб республикасының үкіметі арасында Каир қаласында Бейбарыс сұлтанның мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды;

2009 жылы Алматыда "Өрлеу" балет жас әртістерінің театры ашылды;

2009 жылы Қостанайдағы Тобыл өзенінің үстіне салынған көпір ашылды. Оны салу үшін 331 млн теңге жұмсалған.

6 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1814 жылы бельгиялық музыкалық аспап жасаушы, саксафонды жасап шығарған шебер Адольф Сакс дүниеге келді;

1946 жылы австралиялық танымал The Easybeats рок тобының мүшесі, шотландиялық сазгер Джордж Янг туды. Ол "Friday on My Mind" және "Love Is in the Air" сынды хитердің авторы;

1970 жылы америкалық актер, Ума Турманның бұрынғы күйеуі, "Жаттығу күнінде" Джек Хойттің рөлін сомдаған Итак Хоук дүниеге келді;

1988 жылы австриялық поп әнші және дрэг-квин Кончит Вурст туды. Ол "Еуровидение-2014" байқауының жеңімпазы.

6 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1920 жылы Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңес одағының батыры Нағи Ілиясов туды;

1924 жылы Қазақстанның халық суретшісі, өнертану кандидаты, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Нағымбек Нұрмұхамедов дүниеге келді;

1928 жылы Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаған әрі алғашқы қазақ маман археологтарының бірі Хасен Алпысбаев туды;

1930 жылы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, инженер-гидротехник, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнертапқышы Әділбек Жанғарин дүние есігін ашты;

1962 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық туберкулез проблемалары орталығы" РМКК директоры Тілеухан Әбілдаев дүниеге келді;

1974 жылы Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы істері бойынша уақытша сенімді өкілі Сергей Нұртаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде тоқтайды. Некелесу рәсімін өткізу үшін таптырмас күн. Бұл күні көңіл қосқандар отбасылық өмірде бақытты болып, бір-бірін мәңгі түсінісіп өтеді. Сондай-ақ, бұл әртүрлі зерттеу жүргізу үшін қолайлы күн. Бірақ адам көп шараларға бармаған жөн.

Жаңалықтар
0