21:26 19 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
11 қараша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қараша

© Sputnik /
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (109)
20 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 315-ші күн. Жыл соңына дейін 52 күн бар.

11 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен ерекше екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

11 қарашада қандай қызықты оқиға болды

Сән қуған сылқым қыздар мен сері жігіттер, түрлі техника және гаджетті сүйетін қауым, қуана беріңіздер — бүгін керектінің бәрін үлкен жеңілдікпен алуға болады! Өйткені 11 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік шоппинг күні тойланады. Бұл мерекені қытайлықтар – Alibaba танымал концерні, AliExpress сауда алаңқайының иелері ойлап тауыпты. Олар жылына бір рет жаппай сатылым жүргізуді бастаған. Бұл күні жеңілдіктер 70-80%-ға дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, тұтынушылар жүз миллиард долларға дейін сауда жасайды! Сондықтан уақытты құр жібермей, онлайн сауда жасауға кірісейік.

Ал шоппингке қызықпайтын, ақша шашқаннан гөрі, үнемді жақсы көретіндер мына бір мейрамды құп көреді деп ойлаймыз: Энергия үнемдеу күні. Әртүрлі тұрмыстық техника, гаджеттер, кеңсе құрылғылары, жаппай компьютерлендіру пайда болғалы бері халықтың энергия тұтынуының орташа деңгейі көтеріліп кетті. Қоғам мен биліктің назарын энергия үнемдеуге аудару үшін халықаралық мереке бекітіліпті.

Сонымен бірге, бүгін – Қағаз хат жазу күні. Қазір өміріміздің басым бөлігі виртуалды өтіп жатыр, шын хат дегеннің не екенін ұмыттық. Қағазға жазылған хатты конвертке салып, арнайы марка жапысарды емес пе. Пошта жәшігінде толып жатқан жарнама парақтарының ішінде атың мен мекенжайың жазылған, әдемі маркасы бар аппақ конверттегі хатты тауып алғандағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олай болса, қолға қалам алып ең жақын деген адамдарымызға хат жазсақ па екен…

Бельгия мен Францияда бүгін – Татуласу күнін тойлайды. Қытайда – Бойдақтар күні. АҚШ-та – Ардагерлер күні. Поляктар Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

11 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1572 жылы Кассиопея жұлдыздар шоғырында жаңа жұлдыз жарқырады; 

1765 жылы Ресейде жер өңдеу мен үй салуды ынталандыру мақсатында Императорлық Тәуелсіз экономикалық қоғам құрылды;

1837 жылы Ресейдегі бірінші теміржолда Санкт-Петербург пен Царское Село арасында пойыз қатынай бастады;

1936 жылы Англияда әлемде алғаш рет ауа райы болжамы теледидардан көрсетілді.

11 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1996 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды;

1998 жылы Астанада перинаталдық орталық базасында Республикалық ана мен бала ғылыми-зерттеу орталығының филиалы ашылды;

2006 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында көрнекті ғалым, ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі ашылды.

11 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1821 жылы атақты орыс жазушысы, философ, публицист Федор Достоевский дүниеге келді;

1897 жылы америкалық психолог, тұлға ерекшелігі теориясының негізін қалаушы Гордон Олпорт дүниеге келді;

1922 жылы америкалық жазушы Курт Воннегут дүниеге келді.

1974 жылы америкалық актер әрі продюсер Леонардо ДиКаприо дүниеге келді. "Оскар" жүлдесінің иегері (2016). ("Титаник", "Авиатор" фильмдері).

11 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1903 жылы актер әрі режиссер,  педагог, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген әртісі Виктор Дьяков дүниеге келді. Ұлы Отан соғысының ардагері;

1924 жылы қазақ жазшысы  Берқайыр Аманшин дүниеге келді;

1948 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас суретшісі, "Кең Сахна" ЖШС директоры Есенгелді Тұяқов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бүгін өзіңізді керемет сезініп, бойыңызда күш тасып тұрғандай күй кешесіз, қажыр-қайратыңыз үлкен жетістіктерге жетелейді. Дәл осы күні күтпеген салада жақсы қырыңыздан таныласыз. Өзіңізді төмен бағалағанды қойыңыз, сіз мықты тұлғасыз, табыстың кілті қолыңызда.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (109)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қараша
Кілт сөздер:
қараша, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, қызықты деректер, мереке, танымал есімдер
Загрузка...

Басты тақырыптар