Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қараша

© Sputnik29 қараша
29 қараша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 333-ші күн. Жылдың соңына дейін 32 күн бар

29 қарашада не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

       29 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Бақытты адам күні аталып өтеді. Бақытты болу табысты болу деген сөз. Ұсақ-түйек нәрсеге ренжімей, әрдайым күлімсіреп, адам жанына жылулық сыйлап жүру қажеттігін түсінген кезде сіздің өміріңіз дереу түзеледі. Әрине, қайғы-мұңға берілетін сәттер болады. Ол кезде біздің туыстарымыз бен достарымыз көмекке келеді. Бақытты адам күні ресми мереке болып есептеледі, бірақ оны атап өту бізге кедергі жасамайды. Бүгін көңілсіз сәттерді ұмытып, дұшпандарыңызды кешіріп, өмірден ләззат ала бастаңыз. Өйткені, бізге ешкім кедергі болмайды. Сондай-ақ бұл күн достарыңмен кездесіп, көңілді кеш өткізіп, қызықты сәттерді есте түсіруге керемет мүмкіндік болмақ. Дәл осындай ұсақ-түйектер біздің өмірімізді қуанышқа бөлейді.

Сонымен қатар бүгін "Ё" әрпінің күні аталып өтеді. "Ё" әрпі өкінішке қарай, қазірдің өзінде ұмытылып бара жатыр, көбінесе оның орнына балама ретінде "e" пайдаланылып жүр. Орыс әліпбиінің толыққанды символы одан әрі жойылуына жол бермеу үшін оның құрметіне 29 қарашада аталып өтетін арнайы мереке құрылды. Бұл дата кездейсоқ таңдалмаған. 1783 жылы 29 қарашада Орыс тіліндегі әдеби шығарма академиясының мәжілісі өтті, онда "io" тіркесін жаңа "ё" әрпімен ауыстыру ұсынылды. Айта кету керек, ол шын мәнінде тарихшы, әдебиетші және ана тілінің реформаторы Н.М Карамзиннің арқасында танымал болды. Ол 1797 жылы бұл әріпті кез келген баспа басылымдарда белсенді түрде қолдана бастады. 

АҚШ-та бүгін Ұлттық шоколадты кәмпит күні аталып өтеді. 16 ғасырдың басында конкистадор Эрнан Кортес шоколадты Оңтүстік Америкадан Еуропаға әкелді. Үш ғасыр бойы шоколад ыстық тәтті сусын болды. ХІХ ғасырдың басында ғана голландиялықтар алғаш рет қатты шоколад жасауды үйренді. Шамамен сол уақытта шоколад пайда болды. Кей мәліметтер бойынша, оны бельгиялық дәрігер кездейсоқ жасаған. Ол шоколад негізінде жөтелге қарсы дәрі-дәрмек өндірумен айналысыпты, бірақ ол кәмпит болып шыққан. Сонымен қатар, дәрігердің әйелі оның сыртын қаптап, жаңа тәттінің сатылуына және танымал болуына үлес қосты.  

       29 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:

1783 жылы  орыс әліпбиіне Ё әрпі енгізілді;

1945 жылы тікұшақтың көмегімен әлемдегі алғашқы құтқару операциясы сәтті аяқталды;

1946 жылы Бельгия ЮНЕСКО-ға мүше болды;

1947 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина мандатпен бсқарылаты аумағын бөліп, онда тәуелсіз еврей және араб мемлекетін құруға шешім қабылдады. Осы шешімнің нәтижесінде Израиль мемлекеті пайда болады. 

29 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

 1985 жылы Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры ашылды, онда барлық қойылымдар екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде ойналады;

1994 жылы Алматыда Қазақстандағы үнді әдебиеті күндері өтті; 

2007 жылы Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Қабдоловтың мұражайы ашылды;

2014 жылыАлматыда Қазақ спорт және туризм академиясында Шоқан Уәлиханов атындағы туризм академиясы ашылды. 

29 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:

— 1802 жылы неміс жазушысы-ертегіші Вильгельм Гауф дүниеге келді ("Кішкентай Мук", "Ергежейлі Мұрын");

— 1899 жылы италиялық көп жасаған кісі Эмма Морано дүниеге келді. Ол 2016 жылдың 12 мамырынан бастап 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін Жердің ең қарт тұрғыны атанды;

— 1930 жылы кеңестік және ресейлік актриса, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2001) Нина Гребешкова дүниеге келді. ("Бриллиантовая рука", "Не может быть!", "Спортлото 82" фильмдері);

— 1966 жылы ресейлік театр мен кино актері Евгений Миронов дүниеге келді. ("Жена керосинщика", "Утомленные солнцем", "Охота на пиранью", "Охотники за бриллиантами" фильмдері). 

29 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді:

— 1909 жылы медицина ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері  Естөре Оразақов дүниеге келді;

1948 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков дүниеге келді;

— 1960 жылы Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі (2014 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2015 жылдан бастап) Дулат Қуанышев дүниеге келді;  

— 1971 жылы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күнді ойын-сауыққа арнаңыз, жұбайыңызбен саяхаттауға немесе серуендеуге шығыңыз. Егер сүйіктіңіз жоқ болса, қамықпаңыз, бұл күні серігіңізді міндетті түрде табасыз, Ай сізді дұрыс жолға салады. 


Жаңалықтар
0