Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 желтоқсан

© Sputnik1 желтоқсан, күнтізбе
1 желтоқсан, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 335-ші күн. Жыл соңына дейін 30 күн бар.

1 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін оқыңыз.

1 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды

Қазақстанда – Тұңғыш Президент күні тойланады. Бұл күні бүкіл елде мерекелік шаралар өтеді. Дәл осы күннің таңдалуы кездейсоқ емес —  1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші жалпыхалықтық сайлау өтіп, қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7% дауысына ие болған. Он күннен соң Президент Қазақ ССР атауының Қазақстан болып өзгертілуі туралы заңға қол қойды. Ал 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес елдің Тәуелсіздігін жариялады. Тұңғыш Президент күні 2012 жылдан бері аталып өтіп келеді.

1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл денсаулық сақтауға қатысты халықаралық ең маңызды күндердің бірі әрі халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру, дерттен қайтыс болғандарды еске алу, ауруды емдеу және алдын алуға қолжетімділікті кеңейтудің негізгі мүмкіндіктерінің бірі болып саналады. Бүгін бүкіл әлемде СПИД және бұл жаһандық эпидемияның адамзатқа қандай қауіп төндіретіні, індеттің ауқымы және ВИЧ/СПИД дерттерінің таралуын қалай тоқтатуға болатыны туралы айтылады.

Бүгін, сонымен қатар, Қар шақыру күні немесе ақ ешкінің күні. Қар – қыста жер қабатын көмкеретін аппақ мамық жамылғы. Ол күзгі батпақ пен сазды жасырып, жалаңаш ағаштарға аппақ жарқыраған көйлек кигізеді, айналаны көздің жауын алатындай әрлейді. Басқа жыл мезгілдерінде іш пыстыратын шағын көшелердің өзі қыста жайнап шыға келеді. Бүгін қыстың алғашқы күні болғандықтан, ауа райы қандай болса да, жақындарыңызға аппақ қарлы, әдемі қыс тілеңіз.

1 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1800 жылы Вашингтон АҚШ астанасына айналды;

1918 жылы Орталық Аэрогидродинамикалық институттың негізі қаланды;

1945 жылы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы құрылды; 

1996 жылы "СТС" телеарнасы хабар тарата бастады.

1 желтоқсанда Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды

1935 жылы Қазақстанның ең ескі қуыршақ театрларының бірі – Алматы мемлекеттік қуыршақтар театры құрылды;

1959 жылы "Спорт" газетінің алғашқы нөмірі қазақ және орыс тілдерінде шықты;

2005 жылы Қызылордада қуаты 50 МВт газ-турбиналық станция пайдалануға берілді;

2010 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) VII саммиті өтті.

1 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1935 жылы америкалық кинорежиссер, актер-сықақшы, продюсер, "Оскар" сыйлығының төрт дүркін иегері, жазушы Вуди Аллен дүниеге келді;

1922 жылы кеңестік футболшы, хоккейші, хоккей және футбол бапкері Всеволод Бобров дүниеге келді;

1945 жылы актер, әртүрлі жанрдағы әртіс, сықақшы, Ресейдің халық әртісі Геннадий Хазанов дүниеге келді;

1 желтоқсанда Қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1905 жылы саяси және қоғам қайраткері Сағынтай Ахметов өмірге келді;

1938 жылы жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мәди Хасенов өмірге келді;

1949 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі Жұмагүл Мейрамова дүниеге келді;

1965 жылы "Қазақстан Инжиниринг" АҚ басқарма төрағасы Әсет Құрманғалиев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бұл күні сауда мен құмар ойынынан басқа кез келген істі қолға алуға болады. Осы бір жанға жайлы күннің әр минутынан рахат алып, ғарыштан жақсы энергия бойыңызға сіңіруге тырысыңыз. Жақындарыңызға сыйлық жасап, өзіңізге сауабы тию үшін садақа берген жөн.

Жаңалықтар
0