18:09 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
4 желтоқсан

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан

© Sputnik /
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (134)
64 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 338-ші күн. Жыл соңына дейін 27 күн бар.

4 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз. 

4 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды 

Бүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа да туысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады.  

4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді. 

Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді. 

4 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1674 жылы француз иезуиттері Чикагоның негізін қалады;

1707 жылы Мәскеуде Н.Н.Бурденко атындағы бас әскери клиникалық госпиталінің негізі қаланды; 

1946 жылы АЗЛК зауытында алғашқы "Москвич-400" маркалы жеңіл автокөлігі шығарылды; 

1948 жылы КСРО-да сандық электронды есептеуіш машина патенттелді. 

4 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1996 жылы Ақмола аграрлық университетіне белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімі берілді; 

2005 жылы  Қазақстан президентінің сайлауы өтті;

2005 жылы Алматыда отандық сауда желісінің супермаркеті "Халық дүкені" ашылды; 

2012 жылы Астанада жаңа электровоз жасау зауыты ашылды.

            4 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар 

1795 жылы британиялық жазушы, публицист, тарихшы және философ Томас Карлейль дүниеге келді; 

1943 жылы кеңестік гимнастшы, Олимпиада чемпионы (1964) Елена Волчетская өмірге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы; 

1982 жылы аяқ-қолы жоқ мотиватор, жазушы, меценат, әнші австралиялық Ник Вуйчич туды. 

4 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды

1946 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мемлекеттік қайраткері Олег Дымов өмірге келді;

1962 жылы Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев дүниеге келді;

1975 жылы "Хабар" агенттігі" АҚ-ны басқарған Алмагүл Ахметжанова туды. 

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін кейінге қалдыра берген барлық шаруаны қайта қолға алып, соңына дейін жеткізетін күн. 


Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (134)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 желтоқсан
"Қысқа" желтоқсан – қазақстандықтар қанша күн демалады?
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қараша
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 26 қараша
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 25 қараша
Кілт сөздер:
ай күнтізбесі, Григориан күнтізбесі, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, мереке, танымал есімдер
Загрузка...

Басты тақырыптар