12:28 19 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
7 желтоқсан

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 желтоқсан

© Sputnik /
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (137)
24 0 0

Григориан күнтізбесі бойынша 341-ші күн, жыл соңына дейін 24 күн бар

7 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

7 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық азаматтық авиация күні атап өтіледі. Бұл мереке 1992 жылы БҰҰ бекіткен соң ресми мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда әуе көлігі ең жылдам болып табылады, миллиондаған адам әуе тасымалының қызметін пайдаланады. Бұл күні барлық ұшқыш, механик, стюардессалар осынау тамаша мейрамды қуана қарсы алады. 

Колумбияда бүгін рождество алдындағы басты мереке – майшам күні атап өтіледі. Бұл күні Богота мен басқа қалалардың көшелерін мыңдаған майшам көріктендіріп, салюттер атылады. Колумбияда бұл мейрамды жақсы көреді және атойлатып тойлайды. Қала тұрғындары көшеде улап-шулап, дәмханалар мен түнгі клубтарда көңіл көтереді. Ел астанасының орталығында жәрмеңкелер қанат жайып, театрландырылған көріністер мен концерттер жұртшылыққа нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлайды. 

7 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1764 жылы Санкт-Петерборда Мемлекеттік Эрмитаждың негізі қаланды; 

1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыста Жапония Перл-Харборға шабуыл жасады; 

1991 жылы Ресей ғарыш федерациясы құрылды. 

7 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1963 жылы Тараз қаласында халық ақыны Жамбыл Жабаевқа қола ескерткіш қойылды; 

1995 жылы Мажарстан астанасы Будапештте Абай күндері өтті;

1997 жылы Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды;

2000 жылы "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинағы туралы" заңы қабылданды; 

2000 жылы Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері ұйымдастырылды. 

7 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1949 жылы америкалық әнші, композитор, актер Том Уейтс дүниеге келді. "Грэмми" премиясын екі рет иеленген және "Оскар" премиясына ұсынылған;

1959 жылы кеңес және ресейлік музыкант, әнші, композитор, актер, Ресейдің еңбік сіңірген әртісі Сергей Мазаев өмірге келді;

1977 жылы ресейлік музыкант, "Звери" тобының көшбасшысы Роман Зверь дүниеге келді; 

1989 жылы ағылшын актері Николас Холт өмірге келді. 

7 желтоқсанда Қазақстанда кім туды

1912 жылы Қазақстанның халық әртісі Серғали Әбжанов дүниеге келді;

1918 жылы рентгенолог-радиолог, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Айтқазы Серғазин дүниеге келді;

1941 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов дүниеге келді;

1949 жылы қазақстандық мемлекет қайраткері, депутат, мұнайшы-оператор Ләззат Қиынов дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Спортпен айналысу үшін таптырмас күн, фитнеске немесе бассейнге барыңыз. Барлық бастамаңыз бүгін табысты болады, сондай-ақ зиянды әдеттерден арылу үшін қолайлы уақыт.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (137)
Кілт сөздер:
7 желтоқсан, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер, күнтізбе
Загрузка...

Басты тақырыптар