Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 желтоқсан

© Sputnik9 желтоқсан
9 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 343-ші күн. Жылдың соңына дейін 22 күн бар

9 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

9 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

9 желтоқсан күні бүкіл әлемнің халқы Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтеді. Бұл датаны енгізу туралы шешімді БҰҰ өкілдері 2003 жылы қабылдады, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияның пайда болуымен тығыз байланысты. Сол кезден бастап құжатқа әлемнің барлық мемлекеті қол қоюға мүмкіндік алды. 

2001 жылы Мексикада өткен конференция барысында 100 елдің өкілдері конвенцияға қол қойды. 2003 жылдың 31 қазанында бұл құжатты Бас ассамблея мақұлдады, ал мереке келесі жылы алғаш рет аталып өтті. 2004 жылдан бастап 9 желтоқсанда бүкіл ғаламшарда тақырыптық семинарлар, кездесулер мен демонстрациялар өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық проблемасына бей-жай қарай алмайтын адамдар барлық жауапкершілікті мемлекетке ысырып қойып, қол қусырып отыра бермеуі тиіс.

Құй сен, құй сенбе, компьютердің тышқаны бүгін жарты ғасырлық туған күнін тойлайды. Оны 1968 жылы Сан-Францискодағы мамандандырылған конференцияда Д. Энгельбард жұртшылыққа таныстырды. 

9 желтоқсанда Стэнфордтан шыққан өнертапқыш дөңгелектерге бекітілген ағашты көрсетті – компьютерлік тінтуір бастапқыда дәл осындай болды.

Біртіндеп тышқан жаңартылып, күрделене түсті – оны Xerox компаниясының инженерлері, содан кейін Apple шеберлері жетілдірді, ал бағасы 300 доллардан 25 долларға дейін төмендеді. 

 Сонымен қатар бүгін – Оле Лукойенің туған күні. Бір кездері даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсен бізді мейірімді сиқыршы  Оле-Лукойемен таныстырды, ол балаларды ертегілер еліне жетелейді. Ал сіз Оле-Лукойе Андерсеннің ертегісі жазылғанға дейін көп уақыт бұрын дат фольклоры арқылы белгілі болғанын білетін бе едіңіз? Алайда қазір бәрі Олені ұмытып кетті: оның орнын қолшатыр ұстаған Андерсеннің кейіпкері басқан.      

9 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1842 жылы Англияда алғашқы Рождество ашықхаты шығарылды;

1884 жылы АҚШ-та роликті коньки патенттелді;

1929 жылы Реологиялық қоғамның негізі қаланды;

2005 жылы Лондонда екі қабатты "Routemast" автобусы соңғы рет рейске шықты. 

9 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің "Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайын ашу туралы" қаулысы қабылданды;

1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді;

1996 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгі – "Халық Қаһарманы" атағы берілді;  

2009 жылы Алматыда көрнекті кинооператор, халық әртісі, Республиканың кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышпаевтың 100 жылдығына орай почта маркалары шығарылды. 

9 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1748 жылы француз химигі Клод-Луи Бертолле дүниеге келген, ол қағаз бен матаны ағарту үшін хлорды алғаш рет пайдаланған;

1952 жылы кеңестік және украиналық инженер, журналист, публицист, тележүргізуші, интеллектуалды телевизиялық ойындардың қатысушысы және бірнеше мәрте жеңімпазы Анатолий Вассерман дүниеге келді;

1953 жылы америкалық актер, продюсер және режиссер Джон Малкович дүниеге келді ("Трансформеры", "Тепло наших тел" фильмдері);  

1984 жылы ресейлік актриса және тележүргізуші, "Comedy Woman" шоуының қатысушысы және хореографы Екатерина Варнава дүниеге келді. 

9 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1928 жылы тарих ғылымының докторы, профессор Орынбек Керімбеков дүниеге келді;

1956 жылы Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов дүниеге келді;  

1980 жылы шахматшы, халықаралық шебер, шахмат қайраткері, жаттықтырушы Индира Бабатаева дүниеге келді;

— 1975 жылы солист, композитор, аранжировщик, "Дервиши" тобының жетекшісі, "Дервиши" дыбыс жазу студиясының директоры Ділмұрат Бахаров дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бұл күні сәттілік серік болмайды, барлық әркекетіңіз қалаған нәтиже бермейді. Адамдар сізді көргісі келмейді. Әлемнің астаң-кестеңі шыққандай күш кешесіз, алайда бұл бар болғаны елес қана, өйткені сіздің көңіл-күйіңіз жоқ.  


Жаңалықтар
0