07:26 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Көлік

2019 жылдан бастап көлікті сақтандыру тәртібі қалай өзгереді?

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр? (31)
2378 0 0

Жаңа жылдан бастап сақтандыру шартын сақтандыру ұйымдарының сайтында жасауға болады

Жаңа жылдан бастап темір тұлпар иелері үшін көлік сақтандыру 10%-ға дейін арзандауы мүмкін.

Осы және басқа да өзгерістер туралы Ranking.kz сарапшылары айтып берді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелеріне "қағаз" сақтандырудың жоқтығы үшін айыппұл салынбайды. Көлік сақтандырылған ба, жоқ па – бірыңғай сақтандыру деректер қорынан білуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 685-бабы бойынша ішкі істер органдары ӘҚБК 230-бабына сәйкес істерді қарауға өкілетті. 230-бап (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде (24 050 теңге) айыппұл салынады.

Сақтандыру полисі арзандауы мүмкін 

Жаңа жылдан бастап сақтандыру шартын сақтандыру ұйымдарының сайтында жасауға болады. Электронды сақтандыру полисін сатып алу 10%-ға арзан болуы мүмкін.

Заңнамаға сәйкес сақтандыру шартын өзгертуге немесе бұзуға өтініш бере аласыз және сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу мүмкіндігі қарастырылған, деп атап өтті сақтандырушылар қауымдастығы.

Көлікті міндетті сақтандыру үшін жүргізушілер 2018 жылдың 11 айдағы қорытындысы бойынша 55,4 миллиард теңге төлеген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ға көп.

Сақтандыру төлемдері жыл ішінде 8,2%-ға қысқарды — 19,8 миллиард теңге. Ал биыл қараша айына дейін көлік саны 3,5%-ға артқан.

Тақырып:
Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр? (31)

Тақырып бойынша

2019 жылға жұлдыз жорамал: Жаңа жылда кімдердің жолы болады?
2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?
2019 жылы ең ұзақ демалыс қашан болады?
2019 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар
2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі
2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі
Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты
2019 жылы Рамазан айы мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?
Доңыз жылы: 2019 жылға жасалған болжам
2019 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Кілт сөздер:
өзгерістер, жүргізушілер, сақтандыру, көліктер
Загрузка...

Басты тақырыптар