Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қаңтар

6 қаңтар
6 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесіндегі 6-шы күн, жыл соңына дейін 359 күн бар

6 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

6 қаңтарда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – рождестволық сочельник, халықта сонымен қатар бұл күнді "коляда" деп атайды. Ежелгі Русьте бұл мейрамда кешке құдайға құлшылық жасағанға дейін тамақ ішпеген, тіпті үстел басына отырмаған.  Аспанда от пайда болған кезде ғана мерекені тойлау басталады. 

Рождество мерекесінің алдында сочельник кезінде христиандар ауыз бекітеді, шіркеу жарғысы бойынша сочиво – қайнатылған бидай немесе күріш дәні ғана жеуге болады.

Испанияда бүгін — үш пашаның мейрамы. Бұл Испанияда рождестволық-жаңажылдық сауық-сайранның шарықтау шегі. Бүгін балалар сыйлықтың астында қалады, оларды Үш сиқыршы патша (Reyes Magos) сыйлайды. Патшалардың есімі — Каспар, Мельхиор және Бальтазар. 

Кешке әрбір қалада Үш патшаның шеруі өтеді. Таңғажайып шеруді тамашалауға көп адам жиналады, оларға патшаның нөкерлері молынан кәмпит шашады. Әсіресе, балалар үшін бұл керемет мейрам. 

Сондай-ақ бүгін Ямайкада Марундар күні. Бұл мейрам марун (марундар – бостандық үшін күрескен адамдар, олар британдық басқыншы әскерлерге қарсы соғысты) капитан Куджоеның туған күніне (Captain Cudjoe) орайластырылған. Куджое ағылшындардың әскерін жеңді. Содан кейін 1738 жылы Британиямен бейбіт келісім жасалды. Мерекенің құрметіне елде фестивальдер өтеді, дәстүрлі би, ән мен әдеп-ғұрыптар оның ажырамас бөлігі болып қалып отыр. Аралдың кейбір тұрғындары бұл мейрамды "марундық рождество" деп атайды. 

6 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1813 жылы Александра I-дің Отан соғысының аяқталуы жөніндегі манифесті шықты; 

1937 жылы КСРО халқының екінші бүкілодақтық санағы өтті; 

1943 жылы Қызыл армияның жеке құрамы үшін погондар енгізілді. 

6 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1971 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылды;  

2012 жылы Қазақстан президенті "Ғарыш қызметі туралы" заңға қол қойды.

6 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1864 жылы ағылшын кәсіпкері, танымал виски өндіруші Томас Дюар дүниеге келді;

1892 жылы кеңес грузин актері, театр режиссері, кинорежиссер Михаил Геловани дүниеге келді. КСРО Халық әртісі, Сталин сыйлығының төрт дүркін иегері, И.В. Сталиннің рөлін сомдаған;

1938 жылы италиялық музыкант, киноактер, эстрадалық әнші, кинорежиссер, композитор, қоғам қайраткері Адриано Челентано дүниеге келді; 

1953 жылы рок-музыкант, австралиялық AC/DC тобының негізін қалаушы Малкольм Янг дүниеге келді. 

6 қаңтарда Қазақстанда кім туды

1860 жылы Абайдың шығармаларын жинап, өз қолымен көшіріп, ел арасына таратқан  Мүрсейіт Бікеұлы дүниеге келді; 

1931 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері Ысқақ Өтеғалиев дүниеге келді;

1948 жылы ҚР парламенті сенатының депутаты Владимир Редкокашин дүниеге келді;

1953 жылы "Тәңірі-Ұмай" қазіргі заман өнері галереясының директоры, "Тәңірі-Ұмай" қоғамдық қорының президенті Владимир Филатов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Жаң ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бүгін әңгіме-дүкен құрып, жол жүруге, сонымен қатар кітап оқып, ойланып-толғануға қолайлы күн. 

Жаңалықтар
0