Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев7 қаңтар
7 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесіндегі 7-ші күн, жыл соңына дейін 358 күн бар

7 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

7 қаңтарда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін христиандар Рождество мерекесін атап өтеді. 7 қаңтар әлемнің 100-ден астам елінде мемлекеттік мейрам болып бекітілген. Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Иисус туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болды деседі. Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді. Бұл мейрамда барша христиандар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнап жатады. 

Сонымен қатар бүгін –Ұлттық темпура күні. Темпура —  бұл жапондық тағам, ол қуырылған балық, теңіз өнімдері және жеміс-көкөністен жасалады. Бұл рецептіні XVI ғасырда Жапонияға жаңа сауда жолдарынн дамыту үшін барған португалиялықтар алып келді деп есептеледі. "Темпура" деген сөздің өзінің еуропалық тамыры бар. Ол латынның "quattuor tempora" деген сөзінен шыққан, "ауыз бекіту күндері" деген мағынаны білдіреді, яғни осы уақытта діндарлар еттің орнына балық жейді. 

7 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1610 жылы итальян ғалымы Галилео Галилей Юпитердің төрт серігін тапты; 

1714 жылы британдық Генри Милль баспа машинасын патенттеді; 

1928 жылы "Кукурузник" ұшағы алғаш рет ұшырылды;  

1953 жылы АҚШ президенті Гарри Трумэн Америка Құрама Штаттарының сутек бомбасы бар екенін мәлім етті. 

7 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Француз Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады; 

1992 жылы "Қазақстан Республикасындағы ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы" заң қабылданды; 

1992 жылы Қазақстанның  мемлекеттiк қоймасына асыл металлдардың бiрiншi партиясы қабылданды;

2003 жылы "Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы" заң жарық көрді;

2010 жылы Францияның алдыңғы қатарлы "L'Essentiel des relations internationales" сыртқы саяси және сараптамалық журналы "Қазақстан — Еуропаның болашағы ма?" деген атаумен Қазақстан туралы 100 беттік қызықты репортаж жариялады.

7 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1910  жылы кеңес танкисі Зиновий Колобанов дүниеге келді. Ол КВ-1 танкісімен бір ұрыста 22 неміс танкісін жойып жіберген; 

1964 жылы америкалық киноактер, режиссер, продюсер Николас Кейдж дүниеге келді;

1964 жылы француз дизайнері және аяқ киім сәнгері Кристиан Лубутен дүниеге келді;

1985 жылы ағылшын автошабандозы, Формулы-1 пилоты, 2008 жылдың әлем чемпионы Льюис Гамильтон дүниеге келді. 

7 қаңтарда Қазақстанда кім туды

1905 жылы қазақтың атақты әншісі, Қазақстанның халық әртісі, режиссер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Құрманбек Жандарбеков дүниеге келді; 

1939 жылы химия ғылымының кандидаты, профессор, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі Шайсұлтан Шаяхметов дүниеге келді; 

1951 жылы қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Жақсы энергияны жинайтын күн, уақытыңызды керемет көңіл-күймен өткізуге тырысыңыз. Серуендер мен саяхаттар үшін қолайлы күн. Бүгін демалысқа шығу туралы шешім қабылдасаңыз жөн болады.

Жаңалықтар
0