Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев9 қаңтар
9 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 9-шы күн. Жыл соңына дейін 356 күн бар

9 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

9 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды:    

Бүгін АҚШ-та Ұлттық өрік күні аталып өтеді. Оны жаңа піскен, кептірілген және консервіленген күйінде жейді. Одан бәліш, тосап, салат және компот дайындайды. Өрік кез келген қалыпта дәмді. Осылайша Америкада оған жеке мереке арнаған. Өріктің шыққан жері – Солтүстік-Шығыс Қытай. Еуропаға испаниялық зерттеушілердің арқасында жеткізілді. Мұнда оны әуелі армян алмасы деп атады. 

Ал АҚШ-қа жемісті ағылшын колонистері әкелді. Өрік ағашының биіктігі 14 метрге дейін жетеді. Ақ, қызғылт немесе қызыл түсті гүл жарады. Жаңа піскен өрік дәрумендер мен минералдарға бай. Бір шыныаяқ тазартылған өрікте А дәруменінің тәуліктік нормасының 60% —ы және С дәруменінің 26% —ы бар. Сондай-ақ оның құрамында В дәрумендер тобы, магний, темір, кальций, калий және фосфор болады. Өріктің 20 түрі бар. Олардың ең сирек кездесетін түрі – қара өрік, ол өрікті шие бұтасымен айқастыру нәтижесінде кездейсоқ пайда болған. Өрік тәтті де, тұзды да тағам ретінде әмбебап ингредиент саналады. Сонымен қатар, оның калориясы аз: 100 грамға шамамен 44 калория. 

Сербияда бүгін Республика күні аталып өтеді. 1992 жылдың 9 қаңтарында Босния және Герцеговинаның Сербия Республикасы жарияланды. Осы жылдың 28 ақпанында республика  конституциясы қабылданды. Конституцияға сәйкес, Босния және Герцеговинадағы Сербияның автономдық облыстары, қауымдастықтары мен басқа да этникалық серб жерлері республиканың аумағы деп жарияланды. Сонымен қатар, бұл ел Югославия федералды мемлекетінің бір бөлігі деп жарияланды.

Панамада –  Азап шегушілер күні. Бұл мереке 1964 жылдың 9 қаңтарындағы оқиға – Панама каналы аймағының егемендігі үшін бүлік салушылардың құрметіне құрылған.    

9 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар:  

1799 жылы Англияда табыс салығы пайда болды; 

1905 жылы петербургтік жұмысшылардың Қысқы сарайға бейбіт шеруі – "Қанды жексенбі" күштеп таратылды;

1951 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің ғимараты ресми түрде ашылды;

1992 жылы Сербия Республикасы тәуелсіздігін жариялады;

2007 жылы әлемге бірінші iPhone таныстырылды. 

9 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1960 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен  Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясының атауы "Қазақфильм" деп өзгертілді;

1992 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Иман" газеті шыға бастады. 

9 қаңтарда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1890 жылы XX ғасырдың ең танымал чех жазушыларының бірі, прозашы және драматург, фантаст Карел Чапек дүниеге келді;

1970 жылы бельгиялық әнші Лара Фабиан дүниеге келді;

1982 жылы Кембридж герцогы Уильямның әйелі Кейт Миддлтон дүниеге келді;  

 9 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

 1950 жылы көркем фильмдер режиссері, "Қазақфильм" киностудиясының продюсері, "Медетфильм" студиясының директоры Тасболат Мерекенов дүниеге келді;

1958 жылы V шақырылған парламент мәжілісінің депутаты Ізбақ Өмірзақов дүниеге келді;

1969 жылы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Дильманов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бұл даналық көрсететін күн. Ерекше шешімдер қабылдаудан қорықпаңыз, олар жақсы нәтиже береді. Бүгінге ешқандай жоспар құрмаған дұрыс, өз тілегіңізді орындаңыз.   


Жаңалықтар
0