Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев15 қаңтар
15 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 15-ші күн. Жыл соңына дейін 350 күн қалды

15 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

15 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлем халқы Уикипедия энциклопедиясының туған күнін атап өтіп жатыр. Әлем бойынша мыңдаған адам 250 тілде мақала жазып, аударма жасауға атсалысады. Ақпарат көлемі мен қамтыған тақырыбы бойынша Уикипедия адамзат тарихындағы ең үлкен энциклопедия. Ақпараттың толық еместігі мен қате көрген жағдайда оны кез келген адам түзете алады. Осылайша бір адамның білімі барша адамзатқа қолжетімді болады. Уикипедияның ата-анасы —ақпарат бостандығы қағидаттарын орындайтын ағылшын тіліндегі энциклопедия Нумедия (Nupedia) деуге болады. Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың ішінде қазақшасы екінші орынды алады. 2016 жылғы ақпарат бойынша, барлық өңдеудің саны — 2 500 000. Уикипедияның кең таралуына оны кез келген адамның қолданып, жазылған ақпаратты өзгерте алуы себепші.

АҚШ жұрты бүгін Мартин Лютер Кингтің күнін атап өтіп жатыр. Қара нәсілді дін қызметшісі болған дәрігер Кіші Мартин Лютер Кинг Америка жеріндегі қара нәсілділердің құқығын қорғайтын кампания құрған. Ол өзінің мақсаттастарымен бірге билік пен заң алдында барлық ұлт өкілінің бірдей екенін көрсетуге тырысты. 1963 жылы 28 тамызда Вашингтон қаласында Линкольнге арналған ескерткіш алдында 200 000 әртүрлі нәсіл мен ұлт өкілі жиналды. "Әйтеуір бір күні бұрынғы құлдар мен құл иеленушілердің балалары Джорджияның қызыл төбелерінде қатар отырып тамақтанады деген үміттемін… Төрт перзентім оларды терісінің түсіне қарап емес, болмысына қарап бағалайтын мемлекетте өмір сүреді деп армандаймын" дейді Мартин Лютер Кинг.

Осы конгрестен кейін АҚШ сайлауға дауыс берерде, білім алып, жұмысқа тұруда, сондай-ақ, үймен қамтылуға келгенде адамдарды бөліп-жарығу тыйым салатын заң қабылдады. Бірақ 1968 жылы әлемді Кингтің өлімі туралы жаңалық дүр сілкіндірді. Жыл сайын 15 қаңтарда барша халық дәрігер Лютерге ерекше құрмет көрсетеді.

Мысырда бүгін дәстүрлі ағаштар отырғызу күнін атап өтіп жатыр. Бұл мерекенің басты мақсаты — елдімекендерді көгалдандырып, шөлейтті жерлерді азайту.

15 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1759 жылы Британияның тарихи-археологиялық музейі ашылды;

1943 жылы Пентагон ғимаратының құрылысы аяқталды;

1993 жылы АҚШ-та NBC телеарнасында "Санта-Барбара" телехикаясының 2137-ші соңғы бөлімі көрсетілді.

15 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы (1640 жылы құрылған) Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгертілді;

2010 жылы Қарағандының "Болашақ" университетінде құқық және салыстырмалы зерттеулер институты ашылды.

15 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал адамдар

1622 жылы XVII ғасырдағы француз комедиографы, классикалық комедияның негізін қалаушы, актер әрі театр директоры Жан Батист Мольер туды;

1795 жылы орыс елшісі, ақын, драматург, пианиношы және сазгер Александр Грибоедов өмірге келді;

1929 жылы америкалық актриса Реджина Кинг дүние есігін ашты.

15 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1976 жылы қазақстандық саясаткер, Қазақстан Республикасы президенті мұрағатының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы журналистер одағы жүлдесінің лауреаты Данияр Әшімбаев туды.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін мүмкіндігінше саяхат, іссапар, некелесу мен жұмыста келісімшарт жасасудан бас тартқаныңыз жөн. Жаңа іс бастап, маңызды шешім қабылдаудан да аулақ болыңыз. Қолма-қол ақшамен жасалатын қаржылай операцияларға ғана рұқсат.

Жаңалықтар
0