Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қаңтар

© Sputnik / Владислав Воднев18 қаңтар
18 қаңтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 18-ші күн. Жыл соңына дейін 347 күн бар

18 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

18 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды:   

Бүгін Ресейде Балалар телевидениесінің туған күні аталып өтеді. 1963 жылы дәл осы күні КСРО-да Орталық телевидениенің балаларға арналған бас редакциясы құрылды, соның арқасында "Ералаш", "Қайырлы түн, балақайлар" секілді сәтті жобалар дүниеге келді.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында бұрынғы одақ кеңістігінде мемлекеттік радио және телехабар тарату жүйесі қалыптасып, ақпараттық арналардың саны арта бастады. Сондай-ақ балаларға арналған бағдарламалар, фильмдер мен мультфильмдер көлемі де кеңейді.

Мереке балалық шаққа саяхат жасап, теледидар алдында өткізілген уақытты, барлық баланы уайымдатқан жағымды кейіпкерлерді еске түсіреді. Ол біздің ата-анамыз бен ұрпағымыз балалық шағында не көрді, балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдер, фильмдер мен бағдарламалар бізге не үйретті, бұл ұрпақ қалай есейді, қазір балалар мен жасөспірімдер не көреді, оларға мультфильмдер нені және қандай құндылықтарды үйретіп жатыр деген сұрақтардың жауабын іздеуге щақырады.  

Бүгін ерекше мерекелердің бірі Шамшырақ жағу күні аталып өтеді. Шамшырақ көптеген жыл бойы теңіз навигациясы үшін өте маңызды болды, көбінесе үйге оралған немесе шетелдік портқа баратын кемелердің экипажын дауылдан құтқаруға пайдаланылды. 

Сонымен қатар шамшырақ – бұл қызмет көрсету символы, қауіпті жеңуге көмек, қиын жағдайдан шығудың дұрыс жолын көрсететін нұсқаулық. Шамшырақ қараңғыда жарқырап, кеме жолын көрсетеді. Ол үйге бастайтын жолды нұсқауы мүмкін, бірақ айырылысудың белгісі де болуы мүмкін".

 Сондай-ақ бүгін Мерекені күту күні аталып өтеді. Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, мерекені күту әрдайым көңіл-күйді көтеретіні рас. Осы кезде адам сан түрлі қиялға беріліп, жүрегі алып-ұшады. Тіпті мерекенің өзі маңызды болмауы мүмкін, бірақ мерекеге дайындық, оны күту – мереке сыйлайтын рахаттың негізгі бөлігі! Осындай дайындыққа қаншалықты көп назар аударсақ, үйімізге және қонақтарымыз бен жақындарымызға соншалықты көп куаныш әкеледі. 

18 қаңтар әлемде болған тарихи оқиғалар:

1825 жылы Мәскеудегі Үлкен театрдың ашылу салтанаты өтті;

1886 жылы Германияда әлемдегі алғашқы автокөлік жасалды;

1963 жылы КСРО Орталық телевидениесінде балаларға арналған бағдарламалардың бас редакциясы құрылды;

1964 жылы америкалық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына "темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды" деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды; 

2010 жылы Ресейде Қазақстан үшін пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бірінші қорап кешені дайындалды.

18 қаңтар Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

 1991 жылы "Қазақ КСР-дегі банктер және банк қызметі туралы" Заң қабылданды;

1992 жылы Австрия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады;

2005 жылы Алматыда "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы" журналистердің жаңа қоғамдық ұйымы құрылды.

 18 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1689 жылы француз жазушысы, құқықтанушы және философы, "Парсы хаттары" романының авторы Шарль Луи Монтескье дүниеге келген. Билікті бөлу туралы доктрина әзірлеген;  

1882 жылы  ағылшын жазушысы, "Винни-Пухтың" авторы Алан Милн дүниеге келді;

1947 жылы жапон актері және кинорежиссері Такеши Китано дүниеге келді;

1955 жылы америкалық актер ("Бөтелкедегі үндеу", "Оққағар" фильмдері) Кевин Костнер дүниеге келді;

1962 жылы Ресей және грузин эстрада әншісі, пианист, композитор, актриса Тамара Гвердцители дүниеге келді. Грузин КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1989), Грузия КСР халық әртісі (1991), Ресейдің халық әртісі (2004).    

18 қаңтар Қазақстанда кім дүниеге келді:  

1900 жылы қазақтың халық ақыны Әбдіғали Сариев дүниеге келді; 

1903 жылы жазушы, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Құсайынбек Әміров дүниеге келді;  

1949 жылы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің маталар мен жұмсақ өнімдер бойынша суретші-реставраторы, кескіндемеші Лиза Калимова дүниеге келді;

1961 жылы суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Айдың осы күндері сапарлауға, саяхаттауға, жаңа таныстар арттырып, болашақ істерді жоспарлауға болады. Бұл бір нәрсе сатып алатын уақыт емес, алайда ақпаратты алып, өңдеу үшін қолайлы уақыт. 


Жаңалықтар
0