16:39 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
28 қаңтар - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қаңтар

© Sputnik /
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
23201

Бұл – Григориан күнтізбесінде 28-ші күн. Жыл соңына дейін 337 күн бар

28 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

28 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды:   

Бүгінгі Жер шарының көптеген бөлігінде Дүниежүзілік жұмыссыздар күні аталып өтеді. Бұл мереке әр түрлі елдердегі жұмыссыздық проблемасына назар аударту үшін құрылған. Көптеген елде, өкінішке қарай, жұмыссыздық жоғары деңгейде.

Жұмыссыздар күні деген мерекенің атауын естігенде жұмыс істегісі келмейтіндерді немесе жұмыс таба алмай жүргендерді құттықтау керек секілді әсерде қаласың. Алайда мүлде олай емес. Бұл күні елдегі жұмыссыздар санына назар аударылып, еңбек етуге шақырылады.

Әрқайсымыз кез келген уақытта жағдайдың өзгеруі мүмкін екенін түсінуге тиіспіз. Тіпті өте жақсы жұмыстан бір күнде айырылып қалуың мүмкін. Отаныңның игілігі немесе кәсіпорынның пайдасы үшін ғана жұмыс істемеу керек. Жұмыс сізге табыс әкеледі, ал егер олай болмаса, тәуекелге бел буып, оны ауыстыру қажет.

Жыл сайын, 2007 жылдан бастап, 28 қаңтар күні Халықаралық деректерді қорғау күні (Data Protection Day) аталып өтеді. Бұл күн желі қолданушылары интернетті қолдану тәртібін ұмытып кетпеуі үшін құрылған. Мереке виртуалды өмірді қалай қауіпсіз ету керектігіне адамдардың назарын аударуы керек. Бұл күнді атап өту туралы шешімді 2006 жылдың 26 сәуірінде Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті қабылдады. Кейбір мемлекеттерде мереке "Құпиялылық күні" деп аталады. 

Сондай-ақ, бүгін – Дизель қозғалтқышының туған күні. 1897 жылдың 28 қаңтарында ішкі жану қозғалтқышының жаңа түрі сыналды. Ол сәтті аяқталды, ал бүкіл әлем неміс өнертапқышы және инженері Рудольф Кристиан Карл Дизель туралы білді. Содан бері бұл оқиға әлемнің көптеген елінде жыл сайын аталып өтеді. Өнертапқыш соңғы нәтижеге 17 жылда қол жеткізді. 

28 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1918 жылы Эстония мен Латвия Ресейден тәуелсіздігін жариялады;

1935 жыл Германияда бірінші жасанды зүбаржат (изумруд) өндірілді;

1956 жылы Элвис Пресли теледидарда алғаш рет өнер көрсетті; 

1986 жылы америкалық "Челленджер" ғарыш кемесі апатқа ұшырады.

28 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды;

1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады;

1994 жылы "Түркістан" апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді;

2010 жылы Шымкент арқылы ағып өтетін Қошқарата өзені ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болды.  

2011 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері павлодарлық  Қабиден  Жұмабековке Украинаның  мемлекеттік наградасы – "Ерлік"  ордені салтанатты  жағдайда табыс етілді.  

28 қаңтарда дүниеге келген танымал тұлғалар:   

1853 жылы кубалық ақын, жазушы, публицист және революционер, Кубаны Испаниядан азат ету қозғалысының көшбасшысы Хосе Марти дүниеге келді.  Ол өз елінің ұлттық батыры саналады, "Тәуелсіздік елшісі" деген ат берілген. Әдеби ортада модернизмнің әкесі ретінде белгілі;

1938 жылы ұлы кеңестік ауыр атлет, екі мәрте Олимпиада чемпионы Леонид Жаботинский дүниеге келді;

1959 жылы америкалық кинорежиссер, "Оскар" жүлдесіне үш рет номинант болған  Фрэнк Дарабонт дүниеге келді; 

1981 жылы америкалық актер ("Сақиналар әміршісі", "Хоббит: күтпеген сапар" фильмдер")  Элайджа Вуд  дүниеге келді.  

28 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді:   

1873 жылы ақын, ғалым, түрколог, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов дүниеге келді;

1935 жылы Қазақстанның ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі  Шмидт Айталиев дүниеге келді;

1948 жылы қолөнер шебері, суретші,  Қазақстандағы ұлттық этнодизайнның негізін қалаушы Сәуле Бөлтірікова дүниеге келді;

1955 жылы ҚР парламенті сенатының депутаты Рашид Түсіпбеков дүниеге келді;

1969 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов дүниеге келді; 

1971 жылы "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Сенімсіздік пен қорқыныштан арылыңыз, сізге табыс әкелетін жаңа істі бастайтын уақыт келді. Сарышаян сізге бірінші қадамды жасауға жеткілікті қуат береді, сол себепті оны қай  бағытқа жұмсайтыныңызды мұқият ойланыңыз.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қаңтар
Кілт сөздер:
күнтізбе, атақты адамдар, тарихи оқиғалар, атаулы күндер, қызықты деректер
Загрузка...

Басты тақырып