Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 ақпан

© Sputnik6 ақпан - күнтізбе
6 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 37-ші күн. Жыл соңына дейін 328 күн бар

6 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

6 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін бүкіл әлемнің бармендері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күні көптеген елдің барларында үздік бармен атағы үшін әртүрлі сайыстар өткізіледі. Дәм татуға мүмкіндік беретін жарыстар жұртшылық арасында ерекше танымал. Бармендер "ішетін" викториналарға қатысып, коктейлдердің құрамын қаншалықты жақсы білетінін паш етеді. Бұл бейресми шаралардың барлығында қонақтар сауық-сайран құрып, караокеде ән айтады.   

Ямайкада бүгін Боб Марли күні – музыканттың туған күні аталып өтеді. Соңғы кездері әртістің туған күнін Ямайкадан басқа елдер де тойлай бастады. 2005 жылы Боб Марлидің 60 жылдық, ал 2010 жылы 65 жылдық мерейтойын оның бүкіл әлемдегі тыңдармандары атап өтті.

 Боб Марли (Robert Nesta "Bob" Marley, 1945 жылдың 6 ақпаны - 1981 жылдың 11 мамыры) - ямайкалық музыкант, гитарашы, вокалист және композитор. Боб Марли Ямайкадағы ауылда кедей отбасында дүниеге келген, Майамиде 36 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болды. Дүниеден озғанына отыз жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, ол бүгінде регги стиліндегі ең танымал орындаушы деп танылып отыр. Оның халықаралық жетістіктерінің арқасында регги Ямайкадан басқа елдерде де танымал болды.

Жыл сайын 6 ақпанда Саам халқының күні аталып өтеді. Бұл мереке саамдардың мәдениеті мен дәстүріне арналған және Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей Федерациясы сияқты елдерде тойланады. Норвегияда 40 мың, Швецияда 18 мың, Финляндияда 4 мың, Ресейде, Кола түбегінде 2 мың саам халқы тұрады.

Саам халқының күнін мерекелеу күні кездейсоқ таңдалмаған, 1917 жылдың 6 ақпанында Тронхеймде саамдардың алғашқы кездесуі өтті, онда солтүстік елдердің саамдарын біріктіру және олардың шекара арқылы ынтымақтастығы мәселесі талқыланды. Кейінгі жылдары түрлі елдердің саамдары арасындағы өзара іс-қимыл нығайтылды. 1956 жылы солтүстік елдердегі саамдардың мүдделерін қорғайты Саамдар одағы құрылды.

6 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар:    

1778 жылы Парижде Одақтастық туралы шартқа және жаңа республиканың ресми мойындалуын білдіретін Франция мен АҚШ арасындағы достық және сауда туралы шартқа қол қойылды;

1788 жылы Массачусетс АҚШ конституциясын ратификациялап, алтыншы штат атанды;

1813 жылы Венециядағы "Ла Фениче" театрында Джоаккино Россинидің "Танкред" операсының премьерасы өтті;

1900 жылы ресейлік ғалым Александр Попов әлемде алғаш рет теңіздегі апатты радио сигнал арқылы жеткізді.

6 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

 1920 жылы Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің бұйрығына сәйкес жеке қазақ әскери бригадасы ұйымдастырылды;

1992 жылы Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі құрылды;

2003 жылы Лондонда тәуелсіз Қазақстанның кинематографиясына арналған фестиваль ашылды;

2011 жылы Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында жеңіп алынған алтын медаль саны бойынша рекорд орнатты.   

6 ақпанда дүниеге келген танымал тұлғалар:    

1911 жылы АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейган (1981-1989) дүниеге келді. Калифорнияның 33-ші губернаторы (1967-1975). Сондай-ақ актер және радиожүргізуші ретінде танымал;

1945 жылы ямайкалық музыкант, гитарашы, вокалист және композитор Боб Марли дүниеге келді. Марли регги стиліндегі ең танымал орындаушы саналады;

1950 жылы америкалық әнші, әндердің авторы және актриса, танымал джаз пианисі Нет "Кинг" Коулдың қызы Натали Коул дүниеге келді;

1961 жылы кеңестік және ресейлік телевидение қайраткері, медиаменеджер, продюсер және сценарийші Константин Эрнст дүниеге келді. "Первый канал" ААҚ бас директоры.

6 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді:  

1952 жылы Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов дүниеге келді;

1955 жылы кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер, КСРО кинематографистер одағының мүшесі Абай Қарпықов дүниеге келді;

1960 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл дүниеге келді;

1961 жылы жазушы, "Тарлан – Үміт" сыйлығының иегері Жүсіпбек Қорғасбек дүниеге келді.

Ай күнтізбесі      

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Кемшіліктеріңізді жоюға таптырмас уақыт, әсіресе бойыңызда қызғаныш пен ашкөздік болса, уақытты текке өткізіп алмаңыз. Өз әрекеттеріңіз туралы жақсылап ойланып, дұрыс қорытынды жасаңыз. Айналаңыздарға жан сарайыңызды ашып, шынайы достар табыңыз.

Жаңалықтар
0