Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев12 ақпан - күнтізбе
12 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 43-ші күн, жыл соңына дейін 322 күн бар

12 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

12 ақпанда қандай елеулі оқиға болды

Жыл сайын 12 ақпанда Халықаралық ғылым және гуманизм күні (Дарвин күні) аталып өтеді. Алғаш рет бұл мереке 2001 жылы АҚШ-та тойланды. Мейрам Чарльз Дарвиннің туған күніне орайластырылған. Дарвин күнін ғалымдар, зерттеушілер, өнертапқыштар, ғылыммен айналысатын басылымдар мен адамдар атап өтеді.

Сондай-ақ бүгін әскери іс-қимылдарға қатысқан балаларды еске алу күні. Бұл күннің басты мақсаты мемлекеттер арасындағы немесе ел ішіндегі әскери қақтығыстардың кесірінен балалық шақтан айырылған кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтарды қолдау болып отыр. Бүгінде Конго, Уганда, Судан, Мьянма, Филиппин мен басқа да жерлерде балаларды сарбаз ретінде пайдаланады. Бұдан бөлек, қаскөйлер балаларды ұйымдасқан қылмыстық топтарға тартып жүр. Әлемде 17-ден астам мемлекет балаларды әскери ұйымдардың қатарына алады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2009 жылы 250 мыңға жуық жасөспірім әскер қатарында болған, олардың бір бөлігі – қыздар. 12 ақпанда бүкіл әлемде акциялар өткізіледі, олар аталған мәселеге мейлінше көп адамның назарын аударуды көздейді.

12 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1502 жылы Кастилиядан христиандықты қабылдамаған маврлар қуылды;

1541 жылы  Чилидің алғашқы губернаторы Педро де Вальдивия Сантьяго-де-Чили қаласының негізін қалады;

1818 жылы Чили тәуелсіздігін жариялады;

1924 жылы қабірден Тутанхамон перғауынның мумиясы алынды.

12 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1925 жылы Қазақ КСР құрамында Қарақалпақ автономиялық облысы құрылды;

1936 жылы Жамбыл медицина колледжі ашылды;

1955 жылы Қызылорда облысында Байқоңыр ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылданды;

1992 жылы Алматыда Қазақстан мен Ауғанстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды;

1994 жылы Норвегияның Лилехаммер қаласында өткен ХVII қысқы ойындарға тәуелсіз Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысты;

2014 жылы Қызылқұм шөлейтінде шымкенттік археологтар XVIII ғасыр батырларының сауытын тапты.

12 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1809 жылы әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист, биологиялық эволюцияның негізін салушы дүниеге келді;

1809 жылы АҚШ-тың 16-шы президенті Авраам Линкольн дүниеге келді;

1881 жылы танымал орыс балеринасы Анна Павлова дүниеге келді;

1916 жылы театр және кино актері,  РСФСР Халық әртісі Готлиб Ронинсон дүниеге келді.

12 ақпанда Қазақстанда кім туды

1905 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Нұриддин Атаханов дүниеге келді;

1941 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Назарбаева дүниеге келді;

1951 жылы ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманов дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Қауырт жұмыс пен үлкен жауапкершілік күні. Жаңа іс бастамаңыз, сәтсіз аяқталуы мүмкін. Бұл күні алып-қашпа әңгіме мен өсек-аяңнан аулақ болғаныңыз жөн.

Жаңалықтар
0