15:48 19 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.69
  • EUR429.08
  • RUB5.97
Ғашықтар

Әулие Валентин күні туралы аңыз бен шындық

© AFP 2019 / Mandy Cheng
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
345 0 0

Тарихи деректерден үш Валентин есімді дін қызметшісінің болғаны белгілі. Алайда бүгінгі таңда олар ғашықтардың жебеушісі болған деген теріс пікір қалыптасқан

Әулие Валентин күнін атап өту бірінші кезекте азап шегу және дін үшін жан берумен байланысты. Яғни оның шығу тарихының бүгінгі ғашықтар мерекесін атап өтумен еш байланысы жоқ. Сондай-ақ, әрбір христиан бұл күн әлдебір адамға ашықхат немесе ақ шоколад сыйлаумен шектелмейтінін ескеруі қажет.

Үш Әулие Валентиннің дін үшін қаза болғанын білетін бе едіңіз?

Оларды бүгінгі таңда ғашықтардың жебеушісі деп таныса да, азапты тағдыры мен өлімінің себебі бұған еш сай келмейді. Десе де, бұл Батыс дәстүріне еліктеп жүрген жастардың бетін қағып, ғашықтар мерекесін алып тастау керек деген сөз емес. Оның үстіне сүйіктіңізге романтикалық тосынсый жасау үшін міндетті түрде белгілі бір мерекені күту қажет емес секілді.

Адамның бір ақпаратты қабылдау қабілеті — таңғажайып дүние десе де болады. Көп жағдайда адам ел аузында жүрген ақпаратқа сенуге құмар келеді. Басқаша айтқанда халықты сендіру үшін бір ақпаратты көптеген басылымның көшіріп басып, блогерлердің парақшасынан көрінуі жеткілікті. Ал оның шындыққа қаншалықты жанасатыны маңызды емес. Өкінішке орай, басылым беттерінде жарық көретін жаңалықтар әуел бастан қате болуы мүмкін. 14 ақпанға қатысты да дәл осындай мәселе туындап отыр.

Қуанышымызға орай, бүгінгі таңда интернетте таралған "әдемі" оқиғалардан бөлек, мардымды тарихи зерттеулер жеткілікті. Олардың көмегімен нақты фактілер мен ойдан шығарылған әңгімелердің ара-жігін ажыратуға болады. Олай болса шын мәнінде не болғанын анықтап көрейік. Сондай-ақ, осы тұста хронологиясы бір оқиғалардың арасында міндетті түрде байланыс бар деген ой қалыптаспауы керектігін ұмытпайық.

Тағы оқыңыз: 70 жыл отасқан ерлі-зайыптыны өмірден озған соң да ешкім ажырата алмады

Біріншіден, Рим мартирологтары Христиан дінінің тарихында Валентин есімді үш адамның дін үшін азап шегіп көз жұмғанын растады. Олардың үшеуі де 270 жылға дейін бақилық болса да, 354 жылғы хронографта аты аталмайды.

Жоғарыдағы үш адамның біреуі Карфагенде діндестерімен бірге көз жұмған. Ол туралы еш жерде нақты дерек жоқ болғандықтан, әрі қарай есімін ауызға алмаймыз. Екінші Валентин қазіргі Терни, бұрынғы Интерамн қаласының епископы болған. Оның христиандарды қудалау кезінде қаза тапқаны ғана белгілі. Бірақ Аврелиан патша билік құрған үшінші ғасырдың соңында ма, әлде одан жүз жыл бұрын өлді ме белгісіз. Себебі деректерде әртүрлі жазылған. Ол Рим аймағындағы Фламиния жолында жерленген.

Үшінші Валентинге қатысты деректерде нақты ақпарат жеткілікті. 268-270 жылдар аралығында басы шабылып, ол да Фламиния жолының бойында жерленген. Бірақ Римнен алыс жерде.

Тағы оқыңыз: Астанада 80-дегі қария мен 55-тегі әйел үйленді

Бесінші ғасырдың ең соңында Геласий әкей көптеген азап шегушінің есімін елге танытуды жөн көреді. Олардың ішінде Валентин де бар. Тиісті актіде "… жұрт әділ табынып жүрген, бірақ жасағандары тек Құдайға аян адамдар ретінде" деп жазылған.

Ғашықтар мерекесінің пайда болу тарихы

Ертеректе шіркеу ежелгі мерекелерге жаңа христиандық өң беруге тырысты. Бірақ Әулие Валентин күні Луперкалий фестивалінің орнына енгізілді деп түбегейлі кесіп айта алмаймыз. Себебі, Луперкалийге қатысты да еш дерек сақталмаған. Оның үстіне Луперкалий қарапайым жергілікті қалада атап өтетін фестиваль болды. Ал Валентин күні барлық шіркеуде бекітілген, сол кездегі барлық христианның өміріне қатысы бар мереке болды. Мұнымен қатар, осы күні сол заманда халық Юнон фестивалін атап өтетін. Кейін бұл фестивальді Христиандардың дәстүрлері ысырып тастады.

Осылайша Әулие Валентин күні ғашықтардың жебеушісі болған піруадарға құрмет көрсету үшін емес, азап шегушіні әрдайым еске алу мақсатында енгізілді. Бірінші Юлий әкей кезінде Понте-Молледе Әулие Валентинге арнап шіркеу салынды. Ал жұрт қала қақпасын көпке дейін "Валентин қақпасы" деп атап келді. Орта ғасырларда оның суретін қылыш және пальма бұтағымен бірге салды. Бұл оның азап шеккенін көрсету үшін жасалды.

1260 жылы жазылған деректерде алғаш рет Валентин мен Клавди патшаның кездескені туралы жазылады. Сондай-ақ, кездесу барысында ол Христос пайғамбарға сатқындық жасаудан бас тартып, жанары мен есту қабілетінін айырылған түрме қызметкерін емдеп жазғаны баяндалған.

Адамзат тарихындағы алғашқы ашықхат қалай пайда болды?

ХХІ ғасырда жиі айтылатын жасырын неке қию мен Валентиннің атынан жазылған хаттарға қатысты еш дерек жоқ. Тек 1382 жылы ағылшын ақыны Джеффи Чосер "Құстар парламенті" атты поэмасында Әулие Валентин күні құстардың өзіне жұп іздей бастайтыны туралы жазады. Бірақ шынайы өмірде Британия климатына сәйкес, құстар жұптарын кешірек іздейді. Яғни ақын бұл жерде қиялына ерік беріп тұр.

Тағы оқыңыз: Астаналық 63 көлікпен жазу жазып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Жүз жыл бұрын басылып шыққан Брокгауз бен Эфрон энциклопедиясында 14 ақпан күні Англия мен Шотландияда ерекше дәстүр болғаны туралы жазылады. Әулие Валентин күнінің қарсаңында жастар бір жерге жиылып арнайы жәшікке қыздардың есімін жазып салған. Әрі қарай әрқайсысы бір-бірден осы қағаздан алған. Осыдан кейін бір жыл бойы қағазда есімі жазылған қыз сол қағазды суырып алған жігіттің Валентинасына айналған. Олардың арасындағы қарым-қатынас ежелгі ғашықтардікіндей өрбиді. Офелия өз өлеңінде айтатын бұл дәстүр пұтқа табынудан шықса керек. Сондай-ақ, Валентин күнінде Шотландия мен Англия жастары бір-бірімен әзілдескенді ұнатады.

Сүйген жанға ашықхат жолдау дәстүрі де Орта ғасырларда пайда болды. Адамзат тарихында алғашқы ашықхат болып 1415 жылы Лондонның Тауэр қаласында орналасқан түрмеден Орлеан георцогы Карлдың әйеліне жіберген хаты саналады. 1969 жылы Рим-Католик әулиелерінің күнтізбесін қайта жасау кезінде Әулие Валентин күнін атап өту туралы шешім осы дін қызметшісіне қатысты еш ақпараттың болмауымен байланысты болды. Яғни тарихи жазбалардан оның есімі мен басын қылышпен шапқанын ғана білеміз.

Бұл кімдердің мерекесі?

Православ шіркеуінде әлі күнге дейін Әулие Валентин күнін атап өтеді. Дәлірек айтсақ, жоғарыда айтылған екі дін қызметшісін арнайы еске алатын күн бар. Сондай-ақ осы тарихи деректерден мүлдем бөлек адамдарға қатысты ақпараттардың араласып кеткенін көруге болады. Романтикалық шығармалар да жұрттың адасуына себеп болып отыр.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда Әулие Валентин күнінің жаңа сипатқа ие болуы тікелей Орта ғасырларда романтикалық туындылар мен ойдан шығарылған аңыздармен байланысты. Бүгінгі таңда жұрт ғашықтардың жебеушісі санап жүрген Валентиннің Христиан дінінің өрлеу кезінде көз жұмған азап шегушілерге еш қатысы жоқ.

Тағы оқыңыз: Әбілхан Қастеевке әйелі не үшін иіліп сәлем салды?

Әрі қарай "Бұл сонда кімдердің мерекесі?" деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. 40 жылдан астам уақыттан бері католиктердің Құдайға құлшылық ету күнтізбесінде ешқандай Валентин күні жоқ. Мұның орнына олар 14 ақпан күні адамдардың Христиан дініне бет бұруына себепші болған Кирилл мен Мефодий күнін атап өтеді. Ал жоғарыдағы екі Валентинді Православ шіркеуі ғана еске алады.

Уақыт өте келе Англия және Франция жастары 14 ақпан күні сүйіктілеріне кішігірім сыйлық пен хат жолдауды дәстүрге айналдырды. Эмигранттардың арқасында бұл дәстүр кеңінен тарай бастады. Ғашықтар сыйлық беріп қана қоймай, бір-біріне өлең шумақтарын арнады. Әр мемлекетте бұл мерекеге деген көзқарас әртүрлі. Мұнымен қатар, бұл мерекенің жылдан жылға жалғасын табуы саудегерлерге коммерциялық жағынан тиімді болды.

Әулие Валентин күнін Қазақстан да атап өтіп келді

Мерекені шетелдіктер ғана емес, қазақстандықтар да көпке дейін атап өтіп келді. Мектептерде арнайы жәшіктер қойылып, оқушылар сырттай ұнатқан адамына хат жазып, осы жәшікке салатын. Кейін араға бірнеше күн салып әлгі ашықхаттар өз иелеріне жететін. Бірі ашықхаттың соңына өз есімін жазса, екіншісі құпия жан болып қалуды жөн көрді. Көпшілікті қуанышқа бөлеген Әулие Валентин күнінің кері әсері де болды. Оны республиканың түкпір-түкпірінде атап өту тоқтады және себебіне қатысты түрлі ақпарат тарады.

Бұған бірінші кезекте, осы ғашықтар мерекесінде қонақүйлердің бос болмай қалуы, яғни жасөспірімдердің шалыс қадамға баруы себепші еді. Осыған орай, республиканың көптеген мектебінде ерте жүктілікке қатысты да фильмдер көрсетілді. Кейін бұл мерекенің орнына қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай бастама көтеріп, 15 сәуірді ғашықтар күні етіп белгілеуді ұсынды. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. Махаббат — дүниедегі ең кіршіксіз сезім болса, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу арасындағы шынайы сезім осы махаббаттың символы іспеттес.

Тақырып бойынша

Махаббат дерті: дәрігерлер сүйіктісі тастап кеткен әйелге өлтіретін дәрі екті
Махаббат мәңгі ертегі: аймаласып тұрған қос елес суретке түсіп қалды
Махаббат жоралғылары: жақсы сөз - жарым ырыс
Махаббат пен трагедия: кездейсоқ суреттің өмірлік маңызға ие болуы мүмкін бе
Бозбала бойжеткенді іздеп жүр: ҰБТ кезінде ғашықтық хикаясы болды
ҰБТ кезіндегі ғашықтық хикаясы немен аяқталды?
Кілт сөздер:
мереке, тарих, Әулие Валентин күні, махаббат
Загрузка...

Басты тақырып