09:45 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Аромат

Халықаралық әйелдер күні: 8 наурыз мерекесі қайдан шықты

CC0 / Tau Nguyen
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
518202

Жыл сайын әлемнің бірнеше елінде наурыздың сегізінші жұлдызы  Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтеді

Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі. Көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірінде еркек кіндіктілер нәзік жандарға гүл сыйлап, ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнайды. Бірақ, мерекені дүбірлетіп атап өтсе де, осы күннің шығу тарихын біреу білсе, біреу білмейді.

Халықаралық әйелдер күнінің тарихы

Бүл күннің тарихы сонау 1857 жылдан басталады. Дәл осы жылы 8 наурызда Нью-Йоркте тоқыма фабрикаларының жұмысшы әйелдері бас көтеріп, шеруге шығады. Наразылық акциясын бастаған әйелдер 10 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны ерлердің айлығымен теңестіруді талап етіп, өз құқықтары үшін алғаш рет көшеге шығып күрескен еді. Жұмысшы әйелдердің жанайқайынан кейін алғашқы әйелдер кәсіподағы құрылды.

Жарты ғасыр өткен соң, 1908 жылы ақпанның соңында Нью-Йоркте социал-демократиялық әйелдер ұйымының үндеуімен 15 мыңға тарта әйел митингке шығады. Олардың басты талабы – еңбек саласында ерлер мен әйелдердің құқығын теңестіру, яғни, жұмыс күнін қысқартып, әйелдердің жалақысын көтеру, сондай-ақ нәзік жандарға сайлауда дауыс беру құқығын беру. 1909 жылы Американың Социалистік партиясы ұлттық әйелдер күнін жариялайды. Бұл күн 1913 жылға дейін ақпанның әр соңғы жексенбісінде мерекеленді.

Кейінірек, 1910 жылы Копенгагенде екінші Халықаралық социалист әйелдердің конференциясы өтті. Осы үлкен жиында АҚШ-тан келген делегаттар белгілі коммунист Клара Цеткинмен кездеседі.  

Тағы оқыңыз: Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Неміс коммунисі Клара Цеткин 27 тамызда өткен конференцияда қоғам назарын әйелдер проблемасына аударып, халықаралық әйелдер күнін бекітуді ұсынады. Осыдан болар, Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихы жайлы сөз қозғалғанда, міндетті түрде Клара Цеткиннің есімі аталады.

1911 жылдан бастап бірқатар елдің нәзік жандары Халықаралық әйелдер күні митинг ұйымдастырып, гендерлік теңсіздікті жоюды талап ететін болды.

Халықаралық әйелдер күні бірнеше жыл бойы әр елде әртүрлі мезгілде аталып өтті. Мәселен, 1911 жылы Германия, Австрия, Дания және Швейцарияда 19 наурызда мерекеленсе, 1912 жылы дәл осы елдер мейрамды 12 мамырда тойлады. 1914 жылы әйелдер күні 8 наурызда әлемнің бірден 8 елінде – АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Германия, Нидерланды, Ресей мен Швейцарияда мерекеленді.

Біріккен ұлттар ұйымы 1975 жылды – Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, 8 наурызды ресми түрде мереке етіп бекітті. Уақыт өте келе, бұл мейрам саяси көрінісін жоғалтты.

Тағы оқыңыз: Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды

Бүгінде 8 наурыз Қазақстаннан басқа, ТМД елдерінде көктем мен махаббат мерекесі ретінде аталып өтеді. Тәжікстанда 2009 жылдан бастап мерекенің атауы өзгертіліп, Аналар күні деген атауға ие болды. Қазақстанда 8 наурыз күні демалыс болып саналады.

8 наурызға арналған құттықтаулар

Әжелер, аналар, арулар

  • Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құтықтаймыз. Сіздер бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жансыздар. Көктеріңізден күн, құшақтарыңыздан гүл, өмірлеріңізден күлкі кетпесін.
  • Осынау күні біздер сіздердің сұлулықтарыңыз бен даналақтарыңызға қол соғамыз, сіздерге мейірім мен төзімділіктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге еліміздің гүлдену жолындағы жасампаз еңбектеріңізге әрдайым табыс тілейміз. Отбастарыңызда сүйіспеншілік пен ізгілік нұр шашсын, балаларыңыз жетістіктерімен қуанта берсін, ал, бақытты сәттер әрдайым серік болсын.
  • Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!
  • Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің көктемдей жайнасын.
  • Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!
  • Құрметті кыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
  • Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, баянды бақыт тілеймін!

Тақырып бойынша

Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы не білеміз?
Қалжа туралы не білеміз?
Сырға салу туралы не білеміз?
Мағжан Жұмабаев туралы не білеміз?
150 жылдық тарихы бар Ақтөбе қаласы туралы не білеміз?
Әйелі Әбілхан Қастеевке иіліп сәлем салған: әйгілі суретші туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
көктем, наразылық акциялары, атаулы күндер, Халықаралық әйелдер мерекесі, 8 наурыз
Загрузка...

Басты тақырып