03:01 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Наз мемлекеттік би театрының ғимараты

"Наз" мемлекеттік би театры

CC0 / "Наз" би театры
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (76)
92 0 0

1999 жылы Астана қаласындағы мемлекеттік филармония базасында "Наз" ұлттық би ансамблі құрылды. 2007 жылдың 1 наурызында Астана қаласында әкімдіктің шешімімен ансамбльдің атауы "Наз" мемлекеттік би театры" болып өзгертілді

Кәсіби хореографтар Еркебұлан және Хадиша Ағымбаева театрдың негізін салды. Бүгінгі таңда театр директоры — Сұлтан Оңғарұлы Сраилов. Директордың орынбасары — Дәмет Қойроллинқызы Серікбаева. Ал бас балетмейстер, театрдың көркемдік жетекшісі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Хадиша Ермекқызы Ағымбаева.

Репертуарда концерттік бағдарламадан бөлек, көрермен қауымға арналған хореографиялық би қойылымдары мен толық актілі спектакльдер бар. 2005 жылы "Тұйғындар" хореографиялық қойылымы, 2008 жылы "Ақ пен қара" хореографиялық композициясы, 2009 жылы  "Балеро" Фламенко стиліндегі махаббат тарихы, 2010 жылы "Нұрғиса" би спектаклі, 2013 жылы Шаһризада туралы "Мың бір түн" Шығыс ертегісі сахналанды.

Марапттары мен жүлделері

2001 жылы Орал қаласында өткен Шара Жиенқұлова атындағы ІІ республикалық би байқауының лауреаты атанды. Сондай-ақ, осы жылы I халықаралық "Шабыт" жастар шығармашылық фестивалінің гран-приін иеленді.

Астана қаласындағы Наз театрының бишілері
Астана қаласындағы "Наз" театрының бишілері

2002 жылы Қазақстан жастар одағының, 2003 жылы Новосібір қаласында өткен II халықаралық хореографтар байқауының лауреаты атанды.
2004 жылы Қытайда өткен байқауда "Алтын мүсін" алып, 2017 жылы Грозный қаласында Махмуд Эсамбаев атындағы IX халықаралық фестивальдің лауреаты болды.

Театрдың шығармашылық құрамы

Театр штатында 130 қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде шығармашылық құрамда — 65 адам. Шығармашылық құрамдағы екі адам Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын, тағы жеті адам "Мәдениет үздігі" төсбелгісін алған.

Театрда балетмейстер Мейрамгүл Айтмағамбетова, балет әртісі Әлия Атымтаева, труппа жетекшісі Сағит Дүзбаев, Айнагүл Тұрсынова, Аяжан Ұмашева, Мира Байболова, Алмат Шәмшиев, Алтынбек Ермұханов, Акон Рысқалиев, Игорь Горбанев, Зағипа Иманғазиева, Әйгерім Байқарина, Айгүл Танбаева, Гүлнәр Сүттібаева, Асхат Мәден, Зүлфия Мәден, Әлия Әбілқасымова, Александра Беглова, Айдана Дайрабекова, Наталья Леонтьева, Әмина Самарбаева, Марал Темірғалиева сынды өз ісінің шеберлері жұмыс істейді.

Наз мемлекеттік би театрының әртістері
"Наз" мемлекеттік би театрының әртістері

"Наз" би театрының гастрольдік сапарлары

"Наз" мемлекеттік би театры Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Театр гастрольдік сапармен көптеген елді аралап, әртүрлі байқауға қатысқан-ды. Ресей, Франция, Бельгия, Қытай, БАӘ, Чехия, Болгария, Катар, Израиль, Украина елдерін аралап, Еуропадағы Worldfestival Parad Brunssum, Нидерландыдағы Warffum және Түркиядағы "Алтын Қарагөз" байқауында өнерін дүйім жұртқа паш етті.

Наз мемлекеттік би театрының бишілері
CC0 / "Наз" театры
"Наз" мемлекеттік би театрының бишілері

Театр 2012 жылы Катарда өткен жазғы олимпиада ойындарына, 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына, 2012 жылы "Астана 2012 — түркі әлемінің мәдени астанасы", 2012 жылы "Уфа — бірлік пен достық қаласы", сондай-ақ, EXPO-2017 шарасына белсене атсалысты.

Театр жұмысының мақсаты — қазақ ұлттық биін дамытып, ұлттық фольклорды әлемге таныту.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (76)

Тақырып бойынша

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры
"Астана-Опера" театры қазақ классикасының жауһарын сахналайды
Астанадағы орыс театры "Зың-зың" әніне ролик түсірді
"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады
Астана драма театры Путин сыйлығына ие болды
Қазақстандық биші халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері атанды
Кілт сөздер:
әртіс, театр, Астана
Загрузка...

Басты тақырып