Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі
1979 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін тәмамдаған.
Тағы оқыңыз: Атышулы Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті
Еңбек өтілі
Алматы облысы Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі (1979 жылы);
Комсомолдық қызметте еңбек етеді (1981-1986);
Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы (1986), Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы (1991);
Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары (1992);
Талдықорған қаласындағы №18 мектептің директоры (1992-1996);
Тағы оқыңыз: Жаңа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов туралы не білеміз
Талдықорған облыстық мәслихатының депутаты (1994-1997);
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (1996-2002);
ҚР Білім және ғылым вице-министрі (1996-2002);
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры (2005-2007);
ҚР Білім және ғылым вице-министрі (2007-2009);
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ААҚ басқарма төрайымы (2009-2019).
Марапаттары
"Құрмет" ордені (2008).
Тағы оқыңыз: Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді