14:00 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының актерлері

Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театры

Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (77)
40 0 0

Қазақстандағы бірінші неміс театры 1975 жылы Қаз КСР мәдениет министрлігінің №34 бұйрығымен ашылды

Араға бес жыл салып Мәскеудегі кіші театрдың жанында құрылған Щепкин атындағы жоғары училищенің 30 түлегі Теміртау қаласына келді. Олар аталған театрда көп уақыт жұмыс істеп, оның жан-жақты дамуына атсалысты. 

Театрдың негізгі тарихи кезеңдері

1980 жылдың 26 желтоқсанында республикалық неміс драма театры қазақтар мен немістердің қарым-қатынасы туралы жазылған неміс жазушысы Александр Раймгеннің "Алғаш рет" атты пьесасымен шымылдығын түрді. 

Ол уақытта театр афишасында неміс классикалық драматургиясы, заманауи орыс-неміс және орыс авторлары туралы жазылды.

1983 жылы дипломын қолға алған студент Болат Атабаев неміс классигі Фридрих Шиллердің "Жауыздық пен махаббат" атты пьесасын сахналады. Кейін аталған туынды республикалық драма театрлар байқауында жеңімпаз атанды. Бұдан кейін режиссер театр тарихында алғаш рет көшіп келген немістердің тағдырын қойылымдарға арқау етті.

Неміс театрының жұмысына Германия қызығушылық танытты. Атабаев Гермения Демократиялық Республикасы билігінің шақыруымен Баутцен қаласындағы "Ұлттық театр туралы" атты конференцияға қатысты.

Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театры
Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театры

1987 жылы бас режиссер болып қызметке келген Болат Атабаев Германия Федеративтік Республикасына байланыс орнатып, театр труппасының кадры мәселесін шешу үшін барды. Осыдан кейін ансамбль біліктілік деңгейін көтеру үшін Ульм және Мюнхен қалаларына шақырту алды.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік Корей музыкалық драма театры туралы мәлімет

1989 жылы театр Алматы қаласына көшірілді. Сондай-ақ, осы кезеңде немістер жаппай өзінің тарихи отанына оралған болатын. 1993 жылы Германияға соңғы актер аттанды.

2000-жылдары Германия билігі кадр даярлау үшін театр академиясын ашуды жөн көрді. Бұл үшін арнайы Омск, Алтай, Қазақстан және Қырғызстаннан 20 абитуриент Германияға жіберілді.

2001 жылы театрдың 16-маусымы Мольердің "Скапеннің алаяқтығы" қойылымымен ашылды. Осы сәттен неміс драма театрының жаңа тарихы басталды деуге болады.

Араға бір жыл салып театр көрермен қауымға "Таңғажайыптар алаңы" атты туындыны ұсынды. Осы қойылым Мюнхен қаласындағы немісше сөйлейтін жас театрлар арасындағы фестивальде гран-приді жеңіп алды. Сондай-ақ, Ганновердегі "Театр форумына" қатысуға жолдама иеленді.

Тағы оқыңыз: "Современник" жастар халық театры қалай құрылды

2004 жылы Болат Атабаев театрға қайта оралды. Режиссердің келуімен Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екенін көрсететін бірнеше тілдегі қойылымдар саны артты. 

Театрдың жетістіктері

2008 жылы өнер ордасы Челябинск қаласында өткен "Камерата-08" фестиваліне қатысып, "Әлеуметтік маңызы зор тақырыпты тереңінен игергені үшін" арнайы сыйлығын жеңіп алды. Театр бұл кезде Болат Атабаевтың "Алматыдан келген леди Мильфорд" қойылымын сахналаған болатын.

2009 жылы "Германиядағы Қазақстан жылдары" аясында қалаларды гастрольдік сапармен аралады. Сондай-ақ, "Қыз бен өлім" қойылымы сыншылар тарапынан оң бағаға ие болды.

2010 жылы Таразда өткен ХVIII республикалық театр фестивалінде "Қалдырма мені" атты спектакльді сахналады. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған шарада "Ең үздік актерлік ансамбль" дипломымен марапатталды.

2011 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық ұлттық театрлар фестивалінде "Үздік режиссерлік шешім" дипломымен марапатталды. Бұл кезде театр "Бостандық" спектаклін сахналаған-ды.

Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының әртістері
Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының әртістері

Театрдың бас актерлері

Бүгінгі таңда театрдың директоры әрі бас режиссері – Наталья Дубс. Бас әртістер – "Сахнагер" ұлттық театр жүлдесінің лауреаты Ирка Абдулманова, актриса Светлана Скобина, Юлия Тейфель, Оксана Тяменко, Александр Дар, Тимур Бонданк және т.б.-лар.

Репертуары

Театр труппасы әрдайым эксперимент жасап, көрермен қауымды жаңа туындыларымен қуантады. Олар – "Жер бауырлап ұшу", "Қарагөз", "Рух. Жерде", "Фаусттан бір көрініс", "Арт" және т.б.-лар.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (77)

Тақырып бойынша

Астана драма театры Путин сыйлығына ие болды
"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады
Əуезов атындағы драма театры директорының пара алғаны расталды
Әлем жұртын өнерімен баураған "Астана балет" театры
"Жас сахна" театры
Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Кілт сөздер:
режиссер, актер, мәдениет, өнер, театр
Загрузка...

Басты тақырып