21:46 20 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
28 ақпан - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (350)
140 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 59-шы күн. Жыл соңына дейін 306 күн қалды.

28 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         28 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні. Өкінішке қарай, адамзатқа сирек кездесетін аурулардың көп түрі таныс. Олардың кейбіріне бірлі-жарым адам ғана шалдығады, сондықтан ғалымдарға оны емдеу жолдарын іздеу қиынға соғып жатады. Әлемнің бір түкпірінде аз таралған ауру жер шарының екінші жартысында, керісінше, кең таралуы мүмкін. Олардың пайда болуының жиі айтылатын себептерінің – генетикалық, бірақ аурудың белгілері ерте жастан байқалмауы да ықтимал. Еуропа ұйымының бастамасымен жақында ғана аталып өте бастаған бұл күн қоғам мен зерттеушілердің назарын осындай проблемаларға аудартуды мақсат тұтады. Бәлкім, қаржы жағы жеткілікті болып жатса, ғалымдар дерттің дауасын тауып қалар.

Сондай-ақ, бүгін –  қыстың соңғы күні. Әлемнің көптеген елі бұл күнді асыға күтетіні сөзсіз. Далада көктем лебі сезіліп, адамдардың көңілі көтеріліп, жүздерінде қуаныш байқалады. Көктемді сағына күткен кейбір жандар қыстың соңғы күнін сән-салтанатымен шығарып салады.

Сонымен қатар, бүгін шоколадты кекс-суфлені сүйіп жейтіндер күні. Суфле – спрейден кейін "қалыңдай" түсетін шаш секілді көлемі қатты ұлғаятын жалғыз тәтті. Ал дәмі тіл үйіретіні айтпасақ та белгілі. Суфлені тәтті ететін де – француз қайнатылған кремі. Тағамның атауы да француздың souffler сөзінен шыққан, тура мағынасында аударсақ, "томпаю" дегенді білдіреді.

         28 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1066 жылы Вестминстер абаттығы ашылды;

1854 жылы АҚШ республикалық партиясының негізі қаланды;

1935 жылы Уоллес Каротерс нейлонды ойлап тапты;

1955 жылы Ханой – Бейжің – Мәскеу – Берлин теміржол желісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

         28 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1954 жылы Қостанайға жас тың игерушілердің алғашқы легі келіп жетті;

2002 жылы Алматыда Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Орта Азия ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды;

2006 жылы ұлттық кітапханада Ресейді зерттеу орталығы ашылды;

2015 жылы Балқашта тәулігіне 17 тоннаға дейін өнім шығаратын нан комбинаты іске қосылды.

         28 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар

1533 жылы француз жазушысы және Қайта өркендеу дәуірінің философы, "Опыты" кітабының авторы Мишель де Монтель дүниеге келді;

1942 жылы рок-музыкант, "The Rolling Stones" тобының гитарашысы Брайан Джонс өмірге келді;

1944 жылы неміс футбол қақпашысы Зепп Майер туды;

1981 жылы ресейлік комедия актері, "Comedy Club" тележобасының қатысушысы Гарик Харламов дүниеге келді.

         28 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1846 жылы ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев дүниеге келді;

1849 жылы қазақ ақыны Мұсабек Байзақов өмірге келді;

1918 жылы композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Садық Кәрімбаев туды;

1928 жылы актриса, Қазақстанның халық әртісі Алтын Ружева дүниеге келді;

1957 жылы алтыншы сайланған мәжілістің депутаты Кәрібай Мұсырман өмірге келді;

1953 жылы белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков туды.

         Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бүгін бастаған ісіңіз оңға баспай, сәтсіздік серігіңіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, мұқият қарасаңыз, бәрі керісінше, өмір ғажап.

 

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (350)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 ақпан
Загрузка...

Басты тақырып