Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев6 наурыз - күнтізбе
6 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 65-ші күн. Жыл соңына дейін 300 күн бар

6 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

6 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Әлемнің көптеген елінде бүгін Халықаралық тіс дәрігерінің күні (International Dentist Day) аталып өтеді. Мереке тістің саулығына қоғамның назарын аудару, тұрақты тексерістен өту мәдениетін қалыптастыру және тіс дәрігері мамандығының беделін арттыру мақсатында құрылды. Халықаралық тіс дәрігерінің күнінде тісті жүйелі және мұқият күту, сондай-ақ балаларды тісжегіден сақтау қажеттігі туралы ағарту жұмыстарына арналған іс-шаралар өткізіледі.

Бұл кәсіби мерекенің датасы стоматология ісіндегі ең танымал өнертабыстардың бірімен байланысты: 1790 жылдың 6 наурызында вашингтондық тіс дәрігері Джон Гринвуд стоматологиялық бұрғыны ойлап тапты. Электрлі бұрғы 1907 жылы ғана пайда болды.

 Барлық адамның дәмді ас жегісі келеді. Гастрономиялық ізденістерді жақсы көретіндер мен бағалаушылардың өз мерекесі бар. Бүкілресейлік тамақ талғағыш (гурман) күні 6 наурызда жыл сайын аталып өтеді. Ол ресми шара емес. Бүкілресейлік тамақ талғағыш күнінің мақсаты – тағамнан ләззат алу. Сондықтан әркім сүйікті тағамын пісіреді. Мол дастарқанға қалаған адамын шақырады. Кейбір адамдар мейрамханаға барып, дәмді тағамдарға тапсырыс береді.

Тамақ талғағыш деп тамақ пен сусынды жете түсінетін адамды айтады. Дегенмен, шын мәнінде, ол дәмді және тойымды тағамды жақсы көретін адам.  

Сондай-ақ бүгін – Бақыт құсының оралуы күні. Бүгін оны бәрі көре алады. Айналаңызға көз тастаңыз, ол тым жақын тұр. Оны қапсыра құшақтап алудың керегі жоқ. Бақыт құсына сүйсіне және таңырқай қарау керек. Сонда ғана ол әрдайым сіздің адал, сенімді, сәттілік әкелетін серігіңіз болады.

АҚШ-та бүгін Мұздатылған тағамдардың ұлттық күні аталып өтеді. Ол жыл сайын 6 наурызда тойланады - 1930 жылы дәл осы күні алғашқы мұздатылған тағам Спрингфилдте сатыла бастады. Тамақ өнеркәсібіндегі революцияны Кларенс Бирдсай жасады.

6 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар:  

1521 жылы Магелланның жер шарын айналу экспедициясы Мариана тобындағы үш оңтүстік аралды ашты;

1899 жылы неміс химигі Феликс Хоффман аспиринге патент алды;

1902 жылы "Реал" (Мадрид) футбол клубы құрылды;

1919 жылы Украинаның алғашқы конституциясы қабылданды.

6 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1917 жылы 1916 жылғы көтерілістерге қатысушылардың барлығына рақымшылық жарияланды. Ақпан төңкерісі Қазақстанда қуанышпен қарсы алынды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмасу рәсімі өтті;

2012 жылы Шымкентте облыстық клиникалық аурухана базасында ТМД-да жалғыз ерлер денсаулығына арналған орталық құрылды.

6 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1475 жылы италияндық мүсінші, суретші, сәулетші, ақын, ойшыл Микеланджело дүниеге келді. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы шеберлерінің бірі;

1936 жылы кеңес және Ресей әншісі Эльмира Жерздева дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (1992);

1937 жылы әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел, Кеңес Одағының Батыры (1963), әлемнің 10-шы ғарышкері Валентина Терешкова дүниеге келді;

1972 жылы Ресей спорт журналисі және телекомментатор, "Футбол клубы" бағдарламасының жүргізушісі, теле және радио жүргізуші, шоумен, актер Василий дүниеге келді. 

6 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1936 жылы ақын, көптеген аймақтық бүкілодақтық жарыстың жүлдегері Өмірзақ Қожамұратов дүниеге келді;

1956 жылы белгісі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Шархан Қазығұлов дүниеге келді;

1970 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аэромобиль әскерлерінің қолбасшысы Алмаз Жұмакеев дүниеге келді;

1977 жылы Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясының президенті Жанан Түсіпбеков дүниеге келген.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Тәуекел – игі іс. Бүгін ең қиын шаруаларға бел шеше кірісіп, батылдық танытуға болады. Бұл күні сөзден іске көшіп, еш нәрсеге алаңдамауға тырысу керек.

Жаңалықтар
0