14:11 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
7 наурыз - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (349)
44 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 66-шы күн. Жыл соңына дейін 299 күн бар.

7 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            7 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде телефон аппаратының туған күні аталып өтеді. Телефон – қазіргі заманда әр адам пайдаланатын байланыс құралы, дегенмен оның ең алғашқы кезде қандай болғанын көп ешкім біле бермейді. Негізінде бұл аппараттың арғы атасы телеграф деп айтсақ болады, себебі дәл соның жетілдірілген түрін АҚШ ғалымы Александр Белл патенттеп алған болатын. Айтулы оқиға 1876 жылы 7 наурызда болып, кейіннен осы күні телефон аппаратының туған күні тойлана бастады. Александр Белл өз туындысын халыққа Филадельфиядағы Дүниежүзілік көрме кезінде таныстырған, кейін Париждегі халықаралық көрме аясында да көпшілік назарына ұсынды. Таңғажайып туындыны барша жан қуана қабылдап, ерекше қызығушылық танытқан, себебі ол алыстан байланысқа шығуды одан сайын жетілдірді.

Жыл сайын 7 наурызда Ресейде Сабақтан қалу күні бейресми түрде аталып өтеді. Ата-аналар мен мұғалімдер балалардың осы бір жаман әдетімен күресуден жалықпайды. Дегенмен жылына бір рет сабақтан қалуға болады екен. Өмірінде сабақтан қалып көрмеген оқушы кемде-кем шығар. Оның үстіне, көктем шығып, күн жылынған кезде ешкімнің төрт қабырғаға қамалып, оқығысы келмейді. Бұл мереке сабаққа деген көзқарасты қайта қарауға мүмкіндік береді. Тәртіпті оқушылар еркінсіп, жоспардан тыс демалып алады. Мектеп жүктемесінен сәл де болса тынығуға мүмкіндік туады. Ал үнемі сабақтан қалып жүретіндер, керісінше, ұстаздарын таңғалдырып, мектепте бір көрінуі тиіс.

АҚШ-та бүгін Ұлттық құрғақ таңғы ас мерекесі бейресми түрде тойланады. "Құрғақ таңғы ас" деген жалпы атау дәнді-дақылды азық-түліктердің ірі санатына берілген – бұл тағам түрі АҚШ-та кең таралған, америкалықтардың көпшілігі таңды осы аспен бастайды. Құрғақ таңғы ас қатарына әртүрлі дәнді-дақылдар қоспасы, дақылдарды үгітіп жасалған тіскебасарлар жатады. Мұндай таңғы ас түрі АҚШ-та алғаш рет 19 ғасырда пайда болған.

            7 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1657 жылы француз королі Людовик XIV Американың үндістеріне ішімдік сатуға тыйым салды;

1824 жылы 12 жастағы Ференц Лист Парижде концерт қойды;

1933 жылы Атлантик-Ситиде Чарльз Дарроу "Монополия" ойынын ойлап тапты;

1992 жылы "Сейлор Мун" аниме телехикаясының тұсаукесер көрсетілімі болды.

            7 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы тәуелсіз Қазақстанда алғаш рет парламенттік сайлау өтті;

2003 жылы Ақтөбе облысының Жастар мен балалар қауымдастығы тіркелді;

2007 жылы Астанада Қазақстанның "Электрондық үкiмет" порталының жаңа нұсқасы таныстырылды; 

2014 жылы үнді ғалымдары Алматыдағы телемедицина және теле білім алу үшін интерактивті орталықтар құру жобасын ұсынды;

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Қоғамдық келісім орталығы ашылды.

            7 наурызда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1875 жылы француз композиторы, дирижер, ХХ ғасыр музыкасының реформаторларының бірі Морис Равель дүниеге келді;

1908 жылы алғашқы итальян актрисасы, екі рет "Оскар" жүлдесін иеленген Анна Маньяни дүниеге келді ("Татуированна роза");

1941 жылы кеңестік театр және кино актері Андрей Миронов дүниеге келді ("12 стульев", "Бриллиантовая рука" фильмдері);

1970 жылы британ актрисасы, "Оскар" жүлдесінің лауреаты Рэйчел Вайс дүниеге келді ("Мумия", "Мумия 2", "Эволюция Борна", "Агора" және "Фонтан" фильмдері).

            7 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1675 жылы ақын, жырау, батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы дүниеге келді;

1946 жылы атақты режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Нармыбетов дүниеге келді;

1948 жылы ақын, М. Жұмабаев атындағы Қазақстанның Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Жарасқан Әбдіраш дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Өміріңізді түбегейлі өзгертетін маңызды шешім қабылдауыңыз әбден мүмкін. Жұлдыздар жорамалы бойынша, өткен айға зер салып, қалыптасқан ахуалды саралау керек. Білім алып, саяхатқа шығуға қолайлы кезең.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (349)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 наурыз
Кілт сөздер:
қызықты деректер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып