02:41 24 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
10 наурыз - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 69-шы күн. Жыл соңына дейін 296 күн қалды.

10 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         10 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Жыл сайын 10 наурызда ерекше мереке – Тәуекел күні аталып өтеді. Ел аузында "нар тәуекел – ер ісі", "уайым түбі − тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі − жел қайық, мінесің де өтесің" деген секілді ұлағатты сөздер сақталған. Бұл өмірде әрбіріміз тәуекелге бел буамыз. Әдетте, көп жағдайда тәуекел еткендердің жолы болып жатады. Кей кезде жүрексініп, қорқып тұрсаң да, тәуекел ете білген дұрыс. Кейде ол біреудің өмірін құтқаруы мүмкін, ал біреулер үшін – адреналиннің кезекті порциясы.  

Атаулы әлеуметтік көмек: кімге және қанша төленеді?

Ресейде бүгін – Мұрағат күні. Кеңес заманында архив мамандарын 1 маусымда құттықтайтын болған. КСРО ыдырағаннан кейін де мұрағатшыларға құрмет көрсету дәстүрі сақталды. Ресей тарихында бұл мейрам 2003 жылдың 5 наурызынан бастау алады. Федералды мұрағат қызметінің алқасы жыл сайын 10 наурызда мұрағат мамандарының құрметіне салтанатты жиын өткізу туралы шешім қабылдады.

Көпбалалы отбасылар: мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар

Сондай-ақ, бүгін – Геодезия және картография қызметкерлерінің күні. Көп ғасырлық тарихы бар Геодезия күні 1720 жылдың наурызындағы оқиғаларға арналған. I Петр империя аумағын картаға түсіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл саланы одан әрі I Николай дамытты. Оның бастамасымен Пулковская обсерваториясы құрылды. 1919 жылдың 10 наурызында "Жоғары геодезия басқармасын құру туралы" декрет жарыққа шықты. 1992 жылы Ресейдің федералды геодезия және картография қызметінің негізі қаланып, сала қызметкерлерінің еңбегі елене бастады. Мереке кезінде ұйымдастырылатын салтанатты шараларға геодезистер, картографтар, РФ Қарулы күштері Топография қызметінің жеке құрамы, олардың туысқандары мен достары, таныстары, жақындары, бейінді оқу орындарының студенттері, түлектері мен оқытушылары қатысады.

         10 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1710 жылы "География немесе жер шарының қысқаша сипаттамасы" атты алғашқы географиялық кітап орыс тілінде жарық көрді;

1878 жылы Женевада Тарас Шевченконың "Кобзарь" жинағы қалтаға сыятындай кішкене кітапша түрінде басылып шықты;

1905 жылы Лондонда "Челси" футбол клубының негізі қаланды;

1910 жылы Қытайда құлдыққа тыйым салынды.

         10 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы Ақтөбе облысы құрылды;

1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) құрылды;

2005 жылы Қарағанды қаласындағы көшелердің біріне Қазақ ССР құрметті кеншісі Оразалы Шәкіровтің есімі берілді;

2010 жылы Семейде орталық қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың майданнан жазылған бірегей хатын тапты;

2015 жылы алматылық ғалымдар қартаюды баяулататын "Ювелакс" препаратын жасап шығарды.

         10 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1940 жылы америкалық кино әртісі әрі жауынгерлік өнердің шебері Чак Норрис дүниеге келді. Әлемге атыс-шабыс жанрындағы фильмдерде басты рөлдерді сомдау арқылы танылды.

1958 жылы америкалық модель және кино әртісі Шэрон Стоун өмірге келді (фильмдері: "Знать бы, что я гений", "Агент Икс").

1984 жылы америкалық кино әртісі Оливия Уайлд туды (фильмдері: "Доктор Хаус", "Американский папаша!").

         10 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1923 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сұлтанахмет Қожықов дүниеге келді;

1934 жылы жазушы, филология ғылымының кандидаты Бекежан Тілегенов өмірге келді;

1945 жылы актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі Құман Тастанбеков туды;

1964 жылы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ербол Сыпатаев дүниеге келді;

1982 жылы қазақстандық бизнесмен Ғалымжан Есенов өмірге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін бойыңызды жалғыздық сезімі билеуі мүмкін, бұдан сізді тек жақын достарыңыз ғана құтқара алады. Күйзеліске түспеудің жалғыз жолы – жақындарыңызбен уақыт өткізу.

Тақырып бойынша

"Көшеге шығамыз, болды" Министр Наурыз мейрамын тойлауды неге өзгерткісі келеді?
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 наурыз
Қазақстандық ауыр атлет қыздар 8 наурыз туралы: Біз үшін ондай мереке жоқ
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 наурыз
8 наурыз мерекесін тойламайтын 8 ел
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 наурыз
8 наурыз мейрамы туралы ер адамдар не ойлайды - видео
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 наурыз
Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жолға шығады
Кілт сөздер:
мереке, наурыз, танымал тұлғалар, танымал есімдер, ай күнтізбесі, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып