21:43 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры

© Foto: Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (64)
16 0 0

Театр тарихында жасөспірімдерге ғана емес, жасы үлкендерге де арнап қойылым қойған кездер болды

2019 жылдың 6 қаңтарында Маңғыстау облысында құрылған қуыршақ театрына 38 жыл толды. Өнер ордасы Қазақстанда ашылған екінші қуыршақ театры болып есептеледі. Жылдан-жылға қанат жайып, қарыштап дамыған түлеген түбек тұрғындары үшін бұл ерекше жаңалық болды. Әсіресе, түбектің кішкентай тұрғындары айрықша қуанды.

Осынау қуаныштың өмірге келуіне басты себепкер болған Дәметкен Орынбаева еді.

Театрдың тұңғыш директоры Николай Манохин театрға бөлінген клубтың тарлығынан көп қиындық көрді. Арнайы жабдықталған сахнаның, фойенің, көркемдік цехтарды орналастыратын орындардың болмауы – бұл мәселенің бір жағы ғана еді. Басты мәселе кадр болды.

Ол кезде Қазақстанда қуыршақ театрларының кәсіби мамандарын даярлайтын база болмаған. Сондықтан, театрдың алғашқы труппасын кеңес одағының түпкір-түпкірінен арнайы жолдамамен келген жас мамандар құрады.

Қуыршақ театрының репертуарындағы қойылымдар

1981 жылдың 6 қаңтарында театр тұсауы Валентин Катаевтың пьесасы бойынша қойылған "Гүлше - жеті гүлше" спектаклімен кесілді. Келесі жылы "Жігер" жастар шығармашылық фестивалінің дипломанты атанды.

Халықаралық театр күні түсірілген сурет
"Халықаралық театр" күні түсірілген сурет

Облыстағы жалғыз кәсіби театр болғандықтан, тек балалар емес, жасы үлкен көрермендерге арналған қойылымдар қойған кездері болды. 1981 жылы Исидор Штоктың пьесасы бойынша "Таңғажайып комедия", 1984 жылы Сатаевтың пьесасы бойынша Тарас Шевченконың Маңғыстаудағы өмірін бейнелеген "Адамсыз жапан дала" атты спектаклі көрермендердің ризашылығына ие болды.

Театрдың жүлделері

1989 жылы "Алдар Көсе хикаясы" қойылымы Шымкентте өткен ІІ халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде лауреат атанды. Мамандар тарапынан ұлттық тамыры терең спектакль ретінде танылып, "Үздік режиссерлік жұмыс" және "Үздік ер адам рөлі" аталымын жеңіп алды.

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры

38 жыл ішінде театр Қазақстанның барлық аймағын аралады. Сонымен қатар, көршілес Түрікменстан, Қарақалпақстан, Украина, Молдова, Ресей елдерінде өнер көрсетті.

Театр әртістері үшін басқа театрлардың режиссерлерімен жұмыс жасап, олардың шығармашылық қолтаңбасын сезіну де маңызды. Бұл олардың біліктілігін арттырып, кішкентай көрермендерге көркемдік-эстетикалық, моральдық-этикалық деңгейі анағұрлым жоғары шығармаларды көруге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Абай атындағы опера және балет театры туралы қызықты деректер

Бүгінгі таңда театр тізгіні – қазақ труппасының ашылуына еңбек сіңірген театрдың ардагер әртісі, "Мәдениет саласының үздігі" Фарида Атакееваның қолында.

Сонымен қатар, кәсіби жас труппаның бас режиссері театрдың алғашқы қалаушыларының бірі - "Құрмет"  орденының иегері Надежда Насырова.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (64)

Тақырып бойынша

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры
Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры
Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
"Екі езу" сатира театры
Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры
Кілт сөздер:
қойылым, актер, өнер, театр
Загрузка...

Басты тақырып