Дерекқор

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры

© http://culturemap.kz/Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2000 жылдың 14 қыркүйегінде театрдың ресми ашылу салтанатына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты

Театр қалай құрылды

Қостанай облыстық қазақ драма театры 2000 жылы құрылды. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен театрға Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімі берілді. 2000 жылдың 14 қыркүйегінде Елбасы театрдың ресми ашылу салтанатына қатысып, Әбіш Кекілбаевтың "Абылай хан" қойылымын тамашалады.

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Шығармашылық ұжымды талантты бас режиссер Жамбылбек Есенбеков басқарды. Театрдың  шығармашылығын   қалыптастыру үшін, республиканың қалаларының тәжірибелі актерлер шақырылды. Олардың ішінде "Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері Қайыпберген Есенғұлов, оның өмірдегі серігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шахарбанум Есенғұлова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров, "Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері Зәмзәгүл Бегайдарова және Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлектерінің тобы. 

2012 жылдың 12 қаңтарында театр жаңа, заманауи ғимаратқа қоныс аударды. Бұл күн театр тарихында алтын әріптермен жазылып қалады. Сол жылдың тамызында театрға Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, әртістердің өнеріне жоғары баға берді.

Театр иеленген жүлделер

Театр құрылғаннан бері әртістердің труппасы бірнеше рет республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдерге қатысты:

Тағы оқыңыз: Құдыс Қожамияров атындағы театр туралы қызықты деректер

2001 жылы Петропавл қаласында өткен республикалық театр фестивалінде Қонысбек Бегайдаров "Ең үздік ерлер рөлі үшін" номинациясын жеңіп алды.

2003 жылы Сәкен Жүнісовтің 70 жылдығына арналған фестивальде актриса Ақмарал Қасымова "Ең үздік әйел рөлі үшін", актер Асылболат Исмағұлов "Ең үздік ер адам рөлі үшін" номинациясын иеленді.

© Photo : Ілияс Омаров атындағы театрІлияс Омаров атындағы театрда қойылым кезінде түсірілген сурет
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Ілияс Омаров атындағы театрда қойылым кезінде түсірілген сурет

2005 жылы Қызылорда қаласында өткен XIII республикалық фестивальде актриса Зәмзәгүл Балтабаева"Үздік әйел рөлі үшін" номинациясын алды.

2007 жылы театр ұжымы Көкшетау қаласында өткен Шаяхмет Құсайыновтың 100 жылдығына арналған фестивальде  арнайы дипломмен марапатталды.

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
2008 жылы Ақтау қаласында Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына орай өткен XVI республикалық фестивальде театр ұжымына диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді.

2010 жылы актриса Әсел Шакіржанова Қостанай облысы "Қанатты әйел" қоғамдық тану әйелдер жетістіктері сыйлығына  иеленді.

2010 жылы Павлодар қаласында Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық әншілер  байқауында Зәмзәгүл Бегайдарова 2-орын алды.

2012 жылы Орал қаласында Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған XII республикалық театр фестивалінде Олжас Бегайдаров "Екінші пландағы үздік ер рөлі үшін" номинациясын жеңіп алды.

Тағы оқыңыз: "Современник" жастар халық театры туралы қызықты деректер

2017 жылы Астана қаласында өткен "Шабыт" ХХ халықаралық жастар шығармашылық фестивалінде Құбаш Мөлдір "Актерлік шеберлік" номинациясы бойынша марапатталды.

2018 жылы Жезқазған қаласында өткен Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театр фестивалінде Олжас Бегайдаров "Ең үздік ер рөлі үшін" номинациясына ие болды.

Көптеген әртіс Қостанай облысы меценаттар  клубының "Қазына" және "Шабыт" сыйлығының  иегерлері болды:
"Қазына" - Шахарбанум Есенғұлов, Қонысбек Бегайдаров, Қабдул-Мәжіт Иманов, суретшілер Маралбек Нұрмаханов пен Әнуар Сәпиев, "Шабыт" - Ақмарал Қасымова, Зәмзәгүл Бегайдарова, Әлімхан Мырзахан, Олжас Бегайдаров, Нұрлан Байшин, Мөлдір Құбаш.

© Photo : Ілияс Омаров атындағы театр Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры

Театр репертуарындағы туындылар

Бүгінгі күнде театр репертуарында 30-дан астам ұлттық, шетелдік классика мен заманауи драматургия қойылымдары бар. Сонымен қатар, Қостанай өлкесінің танымал тұлғалары  Ыбырай Алтынсарин "Дала шамшырағы", Сұлтан Баймағамбетов - "Ерсұлтан",  Шоқан Уәлиханов – "Шоқанның шері",  Мыржақып Дулатов "Мыржақып", Мариям Хәкімжанова және Ілияс Омаровтың өмірі туралы "Мариям, Ілияс" спектакльдері  қойылды. Театр ұжымының өнерін көрермен жылы қабылдап, өз алғысын білдіріп жатады. 

Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры  - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Шығармашылық ұжым облыс бойынша шағын тақырыптық гастрольдік сапарға шығып жүр. Астанада  "ЭКСПО-2017" көрмесінде Қостанай облысының мәдениет күндері аясында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры сахнасында "Ыбырай" спектакілін қойып, астаналық көрермендерді тамаша өнерімен қуантып қайтты.

Қара шаңырақ Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры, ұлттық рухани игіліктердің іргетасының шайқалмауына, имандылық-адамгершілік ұстанымдарының сақталуына ерен үлес қосып, Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру" бағдарламалық мақаласының талаптарын жүзеге асыру жоғары өнер жолында жұмысын жалғастырады.

Тағы оқыңыз: Жасампаз "Жастар" театрының құрылу тарихы

Театрдың директоры - Сабыралы Байғазыұлы Кемельбаев. Көркемдік жетекшісі - "Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері Әлия Баймахан. Бас суретшісі - "Ең үздік сценаграфия үшін" номинацияның жүлдегері Маралбек Нұрмақанов.

Бүгінгі таңда театрда 115 адам еңбек атқаруда. Шығармашылық ұжымда 33 актер, оның ішінде біреуі ҚР еңбек сіңірген әртісі, тағы біреуі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, бесеуі "ҚР мәдениет қайраткері" белгісінің иегері.

Жаңалықтар
0