Дерекқор

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры

Жазылу
Мемлекеттік қуыршақ театры 84 жыл бойғы қызметі барысында халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін иегері болған. Ал 2010 жылы Прагада өткен XIV Бүкіләлемдік қуыршақ өнері фестивалінде "Ең мықты сахна декорациясы және қуыршақ дизайны" номинациясы бойынша бас жүлдені ұтып алды

Қуыршақ театры 1935 жылы құрылған. Үш жылдан соң Республикалық қуыршақ театры деп аталды. Ол Қазақстандағы көне қуыршақ театры боп саналады. Театрдың құрылуы Сейфолла Телғараев пен Олег Гасюк есімдерімен тығыз байланысты. Мұндағы алғашқы қойылымдардың музыкасымен атақты композиторлар Борис Ерзакович пен Латиф Хамиди айналысқан.

Театр тарихы

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Ұлы Отан соғысы жылдары театр әртістері майдан шебін аралаушы концерттік бригада құрамында болған. 1940 жылдардың екінші жартысында театр Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің түкпір-түкпірін аралап, өнер көрсетеді. 1981 жылы Вьетнамда, Кампучияда (Камбоджадағы елді-мекен) гастрольдік сапарда болған.

Орта Азия елдері қатысқан 1969 жылғы Ташкенттегі, 1975 жылы Фрунзедегі қуыршақ тетарлары фестивалінің лауреаты болды, 1979 жылы Ташкентте өткен Азия елдерінің қуыршақ театрлары халықаралық фестиваліне де қатысты.

Театр әртістері

Өз тарихында театр бірнеше буынға жалғасатын талантты актерлерді, қуыршақ ұсталарын, режиссерлер мен суреткерлерді тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында Ю.Рутковский, П.Пашков, Л.Ленгорская, В.Горенберг, П.Поторока, халық әртістері Сұлтанғали Шүкіров, Серік Кабиғожин, ҚР еңбегі сіңірген әртістері Борис Слонов, Бекболат Парманов және тағы басқалары да бар.

© Photo : Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрыАлматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры
Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры

Театр репертуары

Театр өз тарихында А.Пушкиннің "Сұлтан патша туралы ертегі", С.Образцовтың "Аға Иван", А.Юдович пен А.Гориннің "Ормандағы айқас", Ш.Хусаиновтың "Алдар Көсе мен Шығайбай", Н.Оразалиннің "Чемпион Қожанасыр" және тағы басқа қойылымдарды сахналады.

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры
Соңғы жылдары жиі сахналанып жүрген қойылымдар: В.Орловтың "Алтын балапаны",  А.Чеховтың "Каштанкасы", М.Долгичевтің "Алдар көсесі", "Арыстанның қорқынышын қалай емдейміз".

Театр репертуарында 22 спектакль бар. Оның көбісі халық ертегілері, аңыздар, шығыс және батыс классикасы: "Қанбақ шал", "Атамекен", "Керуен-Дала", "Тарқамайды тойымыз", "Чемпион Қожа", "Ертегілер әлемінде қонақта: Шалқан, Маша және Аю,  Үйшік", "Кішкентай бақаның шытырман оқиғасы", "Мейрам жалғасады", "Аладдиннің үлкен шамы, "Үш торай", "Али баба және қырық қарақшы", "Алтын балапан", "Арыстанның қорқынышын қалай емдейміз" және басқалар.

Жаңалықтар
0