03:54 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қостанай облыстық қуыршақ театры

Қостанай облыстық қуыршақ театры

© Foto : Костанайский областной кукольный театр
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (75)
46 0 0

150 орындық облыстық қуыршақ театрын көрерменге лық толтырған қойылымдар көп

Оның ішінде А.Садовскийдің "Маша мен аю", Тарховскойдың "Шаянның бұйрығымен", Гернеттің "Петрик жолбарыс", Уно Лейстің "Ата жаулар", К. Паустовскийдің "Жаңа піскен нан" және тағы басқа пьесалар бойынша сахналанған қойылымдарды ерекше атауға болады.

Театр тарихы

Театр 1986 жылы 31 желтоқсанда А.Садовскийдің "Маша мен аю" қойылымымен шымылдығын түрді. 1987 жылы тамызда театрда І Республикалық қуыршақ театрлары фестивалі өтті. Әр жылдары Қостанай қуыршақ театрын Ю.Бондаренко, Л. Шестакова, Н. Мацарин, Ю.Ивлев, Б.Алпысбаев басқарған. Ал қазіргі таңда басшылық тізгіні Н.Михерскийдің қолында.

1999 жылы Қостанай қуыршақ театрын М.Горкий атындағы облыстық драма театрмен қосты. Сөйтіп ол Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры деп аталды. 2012 жылы облыстық әкімдіктің шешімімен театр қайта құрылымдалып, "Облыстық қуыршақ театры" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны болып қайта құрылды.

Көрермендерді өз талантымен тәнті еткен ардагер актерлер ішінде П.Леханов, Т. Леханова, Г. Иванов, И.Косенко, В.Чистый, Л.Бондоренко, О.Балаховцева бар.

Театр репертуары

Бүгіндері театрдың репертуарында 50 спектакль бар. Олар, негізінен, орыс, қазақ және шетелдік драматургтардың шығармалары желісінен тұрады.

Театр қойған С.Маршактың "Үйшік", С.Михалковтың "Үш торай", А.Қарасайдың "Домбырам, төк күйді", Ирина және Ян Златопольскийлердің "Қаршыға", Д. Құсайынов пен Х. Бөлібековтің "Керек болу керек", Я. Вильковскийдің "Маймақ Рим – Тим – Ти", Э.Бобровтың "От қоңыздың басынан кешкендері", М.Непряхиннің "Көліктен сақтан" спектакльдері кішкентай көрермендердің көңілінен шығып, үнемі сахналанып отырады.

Театр жетістіктері

Өз тарихында театр түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған. 2000 жылы Үлкен Орал (Челябі, Ресей) өңірінде өткен VII қуыршақ театрлар фестивалінде режиссер Б.Салмачевтің қойған "Алтын жауынгер туралы аңыз" қойылымы "Ерен кәсібилік және ұлттық эпосты сахнада тамаша қойғаны" үшін дипломымен марапатталды.

2002 жылы Алматыда өткен қуыршақ театрларының республикалық байқауында Э. Бобровтың "От қоңыздың басынан кешкендері" пьесасын режиссер Г. Иванов сахналап, бас жүлдені ұтып алды.

2003 жылы театр "Үлкен Орал – Приволжье" қуыршақ театрлары фестиваліне (Пермь, Ресей) қатысты. Мұнда Э. Бобровтың "От қоңыздың басынан кешкендері" пьесасы бойынша режиссер Г. Ивановтың қойған қойылымы 1 орын алды. Одан бөлек көрермендер көзайымы жүлдесін де еншіледі.

2006 жылы "Сары бозторғай" І Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде (Челябі, Ресей) Н.Дворскидің "Секіретін ханшайым" пьесасын режиссер Г. Иванов сахнаға алып шығып, ол арнайы дипломға ие болды.

2007 жылы Ақтауда өткен "Ортеке" І Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Д.Құсайынов пен Х. Бөлекбаевтың "Керек болу керек" пьесасын қоюшы режиссер Г. Иванов сахналап, ол арнайы дипломға ие болды.

2013 жылы Астанада өткен "Ортеке" Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде С.Коган мен С.Ефремовтің "Тағы да Қызыл телпектегі қыз туралы" пьесасын Г. Иванов сахналап, арнайы дипломға ие болды.

2015 жылы Қостанайда өткен "Ортеке" Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде В.Павловкистің "Қу түлкі" пьесасы "Ең мықты сахна үшін" дипломын еншіледі.

2016 жылы Алматыда "Еңлікгүл" театр сыйлығын табыстау кезінде театр "Балаларға арналған қойылымдар ішіндегі ең үздігі" сыйлығын жеңіп алды. Бұл жүлдені қоюшы режиссер Ю.Семеновтің "Қаршыға" спектаклі ұтып алды. Оған қоса диплом мен арнайы сыйлық табыс етілді.

2018 жылы Ақтөбеде өткен "Ассалаумағалейкум –v" Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде А.Қарасайдың "Домбырам, төк күйді" пьесасы бойынша режиссер Г.Ивановтың қойған спектаклі арнайы дипломмен марапатталды.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (75)

Тақырып бойынша

Тахауи Ахтанов атындағы драма театры
"Екі езу" сатира театры
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Астанадағы "Аттракцион Плэйхаус" тәуелсіз театры
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Кілт сөздер:
театр, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып