Дерекқор

Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры 

© Photo : пресс-служба театраБөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры 
Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Театр 1993 және 2005 жылдар аралығында халықаралық классиктер мен отандық авторлардың 125 туындысын сахналады. Мұнда қойылған шығармалар еліміздің, сонымен қатар халықаралық байқаулардың жүлдесін бірнеше мәрте иемденген

Театр тарихы

Облыстық қазақ музыкалық драма театры 1935 жылы ашылып, 1949 жылға дейін жұмыc жасайды. Содан  кейін әртүрлі себептермен жабылып қалған.

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Сол ұзақ үзілістен кейін 1992 жылы Батыс Қазақстан облыстық  қазақ драма театры Орал қаласында қайта ашылды. 1993 жылдың 16  желтоқсанында – тұп-тура Тәуелсіздік күні облыстық қазақ драма театры М .Әуезовтың "Қарагөз" трагедиясымен шымылдығын алғаш рет ашты.

2002 жылы театр мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан жаңа ғимаратқа көшті.

2014 жылдың желтоқсан айында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры жанынан жастар театры құрылды.

2017 жылы 24 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен театрға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттің сыйлығының лауреаты Хадиша Бөкееваның есімі берілді.

Беткеұстар әртістері

1995 жылы театрдың бас режиссері Мұрат Ахманов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Режиссер Қуандық Қасымов - Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
2017 жылдың 21-24 мамыр аралығында ақын-драматург Иран Ғайыптың 70 жылдық мерейтойы құрметіне Атырауда ұйымдастырылған "Мәңгілік Елдің Алтын адамы" атты театрландырылған байқауда Қазына рөлін өте жақсы сомдағаны үшін актриса Нұрлыгүл Жұбатова "Ең үздік әйел рөлі" дипломымен марапатталды.

2017 жылы қазан айында театр Македонияның Велес қаласында өткен "Стоби-2016" Халықаралық антикалық драмалар байқауына қатысты. Х.Мюллердің "Филоктет - Медеясын" режиссер Қуандық Қасымов сахналап, онда ойнаған актерлер "Ең үздік ер адам рөлі" (Салауат Түменов) , "Ең үздік әйел рөлі" (Нұрлыгүл Жұбатова) номинациялары бойынша жүлделі болды. Ал театр Гран-приді иеленді.

Театр жетістіктері

1998 жылы Таразда өткен VI республикалық театрландырылған фестиваль желтоқсан оқиғасының он жылдығына арналып, С.Асылбековтің "Бір түнгі оқиға" пьесасын режиссер М.Ахманов сахналап, бас жүлдені иеленді.

2003 жылы ХІ республикалық театрландырылған фестивальде Иран-Ғайыптың "Махамбет" пьесасын режиссер М.Ахманов сахналап, ол І-орынға лайық деп танылды.

Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрындағы Қарагөз спектаклі - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры
2005 жылы Каирда өткен Бүкіләлемдік VI театрландырылған фестивальінде Иран Ғайыптың "Қорқыт" пьесасын  режиссер Қ.Қасымов сахналап, шетелдік көрермендер әрі әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

2008 жылы Ақтауда өткен ХVІ республикалық театрландырылған фестивальде А.Камюдің "Калигула" туындасын режиссер М.Томанов сахналап, ол  "Ең үздік ер адам рөлі" және "Дебютант режиссер" номинациялары бойынша бас жүлдені қанжығалады.

2011 жылы театр қырғыз еліне шығармашылық сапар жасап, халықаралық театрлар фестиваліне қатысты. Онда У.Шекспирдің "Ромео мен Джульеттасын" режиссер Қ.Қасымов сахналап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

2012 жылы 16-23 қыркүйекте театрда Ә.Мамбетовтың 80 жылдығына орай ХХ республикалық театрландырылған фестиваль өтті. Ол кезде Ғ.Мүсіреповтің " Қыз Жібек" қойылымын режиссер Қ.Қасымов сахналап, оған баға берген қазылар алқасы екінші пландағы ең мықты әйел рөлін анықтап, Х.Бөкеева атындағы арнайы сыйлықты табыс етті.

Осы жылы Қостанайдағы театрландырылған фестивальге қатысқан театр актерлері "Әлемдік классиканы жақсы аударғаны үшін", "Ең үздік режиссерлік жұмыс", "Ең үздік ер адам рөлі", "Ең үздік эпизодтық рөл", "Ең үдік әйел рөлі" сынды номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Онда Г.Гориннің "Герострат!" пьесасын режиссер М.Томанов саханалаған болатын.

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
2015 жылы Керчь қаласында өткен ХVIІ Халықаралық антикалық өнер фестивалінде Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Еврипиданың "Троян қыздары" пьесасын  режиссер сахналап, Гран-приді ұтып алды. Одан бөлек "Ең үздік режиссерлік жұмыс", "Ең үздік әйел рөлі" сынды номинациялар бойынша да жүлделі болды.

Осы жылы Өскеменде "Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы" тақырыбында өткен ХХІІІ театрландырылған фестивальде Ш.Айтматовтың "Жәмиласын" режиссер М.Томанов сахналап, ол ең жақсы спектакль деп танылды.

Рақымжан Отарбаевтың мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған Атыраудағы халықаралық театрландырылған фестивальде Отарбаевтың "Жәңгір Хан" пьесасын режиссер М.Томанов сахналап, І-орынға ие болды. Одан бөлек "Ең үздік ер адам рөлі" номинациясы бойынша жүлдені де қанжығаға басты.

"Стоби-2016 " Халықаралық антикалық драмалар байқауына қатысқан облыстық қазақ драма театры Гран-приді, "Ең үздік режиссура" (Қуандық Қасымов), "Ең үздік әйел рөлі" (Бибігүл Исалиева) атақтарын да жеңіп алды.

комедия және сатира театры  - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Тұрсынбек Қабатовтың комедия және сатира театры
2016 жылдың 22 қазанындағы республикалық фестиваль Мемлекеттік сыйлық, Алаш және Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" халықаралық сыйлықтарының иегері,  ақын-драматург Иран-Ғайыптың құрметіне арналып, ол "Мәңгілік Елдің Алтын Адамы" атауымен өтті.

Бұл байқаудың ашылу салтанатына Македония елінің өкілдері Льутков Зоран, Клинче Атилла, Коцевска-Хаци Василев қонақ боп, облыстық қазақ драма театрының ұжымына өз сыйлықтарын табыс етті. Ол кезде Иран-Ғайыптың "Ән-Мұхит" пьесасын режиссерлер М.Ахманов пен М.Томанов қойып, сахнаны қоюшы-суреткер Қ.Оразғалиев безендірген еді.

Осы байқаудың жабылу салтанатында облыстық қазақ драма театрының ұжымы 13 номинация бойынша жүлдегер атанды.

Айта кетсек, бұл театрда ересектерге арналған әртүрлі жанрдағы (драма, комедия, трагедия, т.с.с) қойылымдармен қатар балаларға арналған ертегілер де қойылады.

Жаңалықтар
0