Дерекқор

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры

© Photo : предоставлено Восточно-Казахстанским областным русским театромШығыс Қазақстан облыстық драма театры
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Театр репертуары әртүрлі – орыс, шетел классикасы және заманауи драматургия

Театр тарихы

Қазіргі орыс театрының тарихы 1902 жылдан басталады. Ол кезде Халық үйі деп аталған. Халық үйі Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының бұрынғы ғимаратында 26 қазан 1902 жылы ашылды. Осылайша Халық үйі қаланың мәдени және қоғамдық өмірінің орталығына айналды.

Халық үйінің сахнасында қойылған ең бірінші қойылым "Жұмысшылар ауылы" болды. Орнықты кәсіби театр болмағандықтан, 1935 жылы қала тұрғындары Михаил Калининнен труппаның қалыптасуына көмек сұрап барды.

© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрыШығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрындағы қойылым
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры - Sputnik Қазақстан
Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрындағы қойылым

1936 жылдың қаңтар айында бірінші театр маусымы Николай Гогольдің "Үйлену" қойылымымен ашылды. Театр жанында 15 адамнан тұратын қазақ ұлттық драма үйірмесі жұмыс істеді. Үйірменің репертуарында Георгий Гребенщиковтың "Сүйкімді жігіт", Анненково-Бернар поның "Қамал" драмасы болды.

1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы жеке облыс болғандықтан, Өскемен қалалық театр облыстық статусын иеленді. 1941 жылы театр ғимараты, фашистік Германияға қарсы күштерді жұмылдыру орталығына айналды.

© Photo : ШҚО орыс драма театрыШығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрындағы қойылым
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры - Sputnik Қазақстан
Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрындағы қойылым

Театр репертуарындағы қойылымдар 

Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі 10 жыл аралығында, театр қабырғасында - "Орыс адамдар", "Сталинград қабырғасында", "Жорық" және тағы басқа қойылымдар үзілмей қойылып тұрды. Театрдың осы кездегі құлшына жұмыс істегендері, соғыстағы және тылдағы азаматтарға рух беріп, жеңіске жетуге сенім беруімен театр тарихында жазылып қалды.

Аттракцион Плэйхаус театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Астанадағы "Аттракцион Плэйхаус" тәуелсіз театры

1946 жылы Өскемен қалалық атқару комитетінің шешімімен, облыстық драма театрына, қазақ халқы Жамбылдың туғанына 100 жылдығына арналып, театрға ақынның есімі берілді. Сол кездегі театрдың репертуарында орыс және шетел классикалары орын алған.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында сахна шеберлері, ҚР еңбегі сіңген әртістер, мәдениет қайраткерлер де еңбектенуде. Театр жас мамандармен де толықтырылуда.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры туралы қызықты деректер

2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғабит Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" спектаклімен ашты.

Театр жаңа ғимаратқа қашан көшті

2012 жылы Өскемен қаласында театрдың жаңа ғимараты салынды. Алғашқы кезде ол ғимарат қазақ драма театрына арналып салынады деп жоспарланған. Алайда қазір бұл мәдени ошақ ордасында қазақ, орыс және Жастар театрлары жұмыс істеуде. Жастар театры 2015 жылы құрылды.

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры  - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жаңа ғимараты 2015 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы президентінің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Театрда екі көрермен залы, үлкені - 600 орындық, бірнеше репетициялық, музыкалық, балет, тренажер залдары, грим бөлмелері бар. Театрға қажетті жарық және музыка бөлімдеріне арналған арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған, дыбыс жазу студиясы бар.

Қазіргі күнде орыс театрында жылына 5-6 жаңа қойылым көрермен назарына ұсынылады. Бір театр маусымында 200-дей қойылым қойылады, оның жартысы аншлагпен өтеді. Сонымен қатар, балаларға да жылына 3-4 қойылым қойылады.

Жаңалықтар
0