01:35 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры туралы не білеміз?

© Photo: Театрдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (79)
63 0 0

Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бір топ жас түлегі театрды ашуға сеп болған

Театрдың құрылуы

Театр өз шымылдығын 1996 жылы 6 наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың "Ақан сері – Ақтоқты" спектаклімен ашты. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов театрды ашуға Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бір топ жас түлегін бастап әкелген.  

2004 жылы театрға облыстық бюджет есебінен жаңа ғимарат салынды.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

Театр репертуары

Бүгінде театр репертуарында 106 қойылым бар. Олардың ішіндегі классикалық қойылымдардан У.Шекспирдің "Король Лир", Ш.Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн", С.Жүнісовтың "Абылай", А.Камюдің "Калигула", драмалық қойылымдардан Ә.Оразбековтың "Бір түп алма ағашы", О.Бөкейдің "Атау кере", комедиялық қойылымдардан О.Бодықовтың "Үйленгім келмейді", С.Ахмадтың "Келіндер көтерілісі", Б.Әлімжановтың "Құдалық" спектакльдерін атап өтуге болады.

М.Ізімов қойған Ш.Құсайыновтың "Анамның ақ көйлегі" драмасының театр репертуарында алатын орны бөлек.

Театр ұжымы

Театрда 125 адам қызмет етеді. Оның 44-і шығармашылық қызметкерлер. 30 жасқа дейінгі 35 актер бар. Мұратбек Оспанов пен Құмарбек Қалқатаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие. Театрда сахнаға тікелей қатысы бар 8 өндірістік техникалық шеберхана жұмыс істейді. Олардың өнімділігі мен сапасы бүкіл шығармашылық үдерісте үлкен рөл атқарады. Театр актерлерінің орташа жалақылары - 82 482 теңге.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры
© Photo : Театрдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

2018 жылы Б.Абдрахманов Татарстанның Қазан қаласында өткен V Халықаралық түркі тілдес мемлекеттерінің "Науруз" театр форум-фестиваліне қатысты. Режиссер Ф.Қанафин Ресейдің Новосібір қаласына С.Н. Афанасьев жетекшілігімен режиссерлік зертханаға тәжірибе алмасуға барды.

Ф.Қанафин мен Б.Әбдірахманов шетел шеберлерінің қатысуымен өткен театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумына қатысып, сертификат иеленді. 2019 жылы қаңтар айында Жалпы коллегия барысында театрдың дарынды актрисасы Маржан Бөкешқызы ҚР "Мəдениет саласының үздігі" төсбелгісімен және музыка бөлімінің меңгерушісі Медет Мұхамедин Мəдениет министрлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Өнер ошағының жетістіктері

2001 жылы Мысырда өткен әлемдік театр фестивалінде Г.Мерғалиеваның "Конвейері" 5 жүлденің біреуін иеленді. Осы жылы әйгілі қаламгер Сәкен сері Жүнісовтің мерейтойына орай Аймақтық театр фестивалі ұйымдастырылды.

Театр ұжымы 2 жүлделі орынға ие болды. "Ең үздік сценография үшін" аталымын театрдың бас суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Мақсұт иеленсе, "Ең үздік режиссура" аталымында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспановтың еңбегі еленді.

2006 жылы театрдың 10 жылдығы аталып өтті. Театрдың жетекші актерлері Ж.Қалдаров, Т.Қонбай, Ж.Құсайынова, Қ.Қалқатаев, А.Жүнісова, Қ.Мырзаболатовтарға "Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері" төсбелгісі берілді.

2007 жылы театр ұжымы гастрольдік сапармен Қытай Халық Республикасында болып, Іле қазақ автономиялық облысының 4 ауданы мен Құлжа қаласында өнер көрсетті.

2011 жылы "ТМД және Балтық елдері жас театр қайраткерлерінің байқауы" аясында Қазақстан театрлары жас режиссерлері  жұмыстарының ішінен 2 қойылым таңдап алынды. Соның бірі - театр репертуарындағы С.Раевтың "О, қыздар!" драмасы (режиссері - Ф.Қанафин).

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры
© Photo : Театрдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

2011 жылы театр Антикалық өнердің ХІІІ "Боспорские агоны" халықаралық театр фестиваліне А.Камюдің "Калигула" тарихи трагедиясымен (режиссері - Қ.Қасымов) қатысты. Қойылым "Классиканы жоғары дәрежеде сахналағаны үшін" аталымын және "Ника Боспорская" мүсіншесін жеңіп алды.

2012 жылы Қостанай қаласында өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестиваліне А.Камюдің "Калигула" қойылымымен қатысып, гран-при жүлдесіне ие болды.

2012 жылы театр актері Елтай Мұстанов Қарағанды қаласында өткен Оперетта орындаушыларының І Халықаралық Досstar байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

2013 жылы театр ұжымы Татарстанның Қазан қаласында өткен "Ремесло+" жас режиссерлердің халықаралық театр фестиваліне И.Лаузундтың "Офис" қойылымымен қатысып, дипломант атағына ие болды.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры
© Photo : Театрдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

2015 жылы өнер ошағының ұжымы ТМД, Балтық және Грузия мемлекеттерінің жас театр қайраткерлерінің II Халықаралық театр форумына қатысты. Режиссер Болат Әбдірахманов Т.Уильямстің "Құштарлық трамвайы" қойылымын сахналады.

2016 жылы театр ұжымы Ақтөбе қаласында "Айтқыштар Ақтөбеде" VII Республикалық әзіл-сықақ фестиваліне қатысты. Төлеубек Көңбай "Үздік актер" аталымында жеңімпаз атанды.

2017 жылы Ақтөбеде өткен Қазақстан драма театрларының II Республикалық "Балауса" эскперименталды қойылымдар фестиваліне қатысып, "Ізденісі үшін" дипломымен марапатталды.

2018 жылы талантты жас драматург, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Хыдырбай Манарбек IX Республикалық байқауда "Тұман" пьесасының авторы ретінде "Үздік пьеса" номинациясы бойынша дипломға ие болды.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (79)

Тақырып бойынша

Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Арқалық қазақ жасөспірімдер театры
Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Тұрсынбек Қабатовтың комедия және сатира театры
Астанадағы "Аттракцион Плэйхаус" тәуелсіз театры
Кілт сөздер:
фото, театр, Көкшетау
Загрузка...

Басты тақырып