03:53 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Құрманбек  Жандарбеков  атындағы Жетісай драма театры

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры

© Foto : Құрманбек Жандарбеков атындағы театр
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (64)
10 0 0

Театр ұжымы Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей аумағын гастрольдік сапармен аралады

Театр тарихы

Драма театрдың ғимараты Оңтүстік Қазақстандағы Мырзашөл өңірінде орналасқан. Өнер ордасы 1969 жылдың 18 қаңтарында шымылдығын қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің "Жалбыр" атты музыкалық драмасымен ашты. Елу жылға жуық уақыт ішінде театр ұжымы екі жүзге жуық қойылымды сахналап, миллиондаған көрерменмен жүздесті.

Оған  қазақ  руханиятының аса көрнекті қайраткері, Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Құрманбек Жандарбековтің есімінің берілуі орынды. Театрдың іргетасын Қасымхан Шанин, Мұхтар Өтебаев сынды біртуар өнер саңлақтары қалады. Режиссер, актер, көркем сөз оқудың хас шебері Талғат Қыстаубаевтың есімі осы тұстарда елге кеңінен танылды.  

Театрда қандай танымал әртістер жұмыс істеді

Театр тарихында рухани  із  қалдырған Виктор Мингалев басқарған бишілер тобын көрермен қауым ерекше мақтан тұтты. Жетісай  театрының музыкалық театр болып қалыптасуына зор үлес қосқан дирижер, домбырашы Бөрі Иса, Владимир Тен мен Болат Айдыновтар көп еңбек сіңірді. 

Тағы оқыңыз: Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры

Мұнымен қатар, әр кезеңдерде Роот, Қойшыбаев, Байдарбеков, Сраилов театрдың бас суретшілік міндеттерін мойнына алды. Олар сахна суреттерін салуда өзінің бедерлі бояу нақыштарын тарихқа әрқалай таңбалады.

Осындай білікті мамандардың басын қосып, солардың сүйемелдеуімен зор табысқа жеткен режиссер Алтынбек Оңалбаев та театрдың дамуына көп үлес қосты.  Ол  "Айман-Шолпан", "Амангелді", "Еңлік-Кебек", "Малиновкадағы той", "Аршын-Мал-Алан", "Алдар  көсе" сынды қойылымдарды сахналап, көрермен қауымға ұсынған-ды. Аталған қойылымдар әлі күнге дейін көрермен тарапынан оң бағаға ие болып жүр.

Тасболат Бәйімбетов ұзақ жылдар бойы директорлық қызмет атқарып, бас режиссердің әрбір бастамасына дем беріп отырды. Театр сахнасында Құрманбек Жандарбеков, Байғали Досымжанов, Бақыт Нұрпейісов, Райымбек Сейтмет, Қадыр Жетпісбаев, Әскер Құлданов, Ерғали Оразымбетов, Арынов сынды режиссерлер әртүрлі жанрдағы туындыларды сахналады. 

Тағы оқыңыз: Ілияс Омаров атындағы театр туралы қызықты деректер

Бұдан өзге Жетісай театрының сахнасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған режиссер Тұрғанбек Әшімов толыққанды туындылардың дүниеге келуіне көп күш салды.

Өнер ордасының репертуары

Театр репертуарындағы "Бұлбұлдар түні", "Ана дауысы", "Қаладан келген қылжақбас", Махаббатқа табынған фараон" секілді қойылымдар сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Алматы театр институтының түлегі Сәлима Тасеменова да сәтті қойылымдарына осы өнер ордасында жан бітірді.

Өмірден көрген-түйгені мол, режиссер, драматург, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ысқақ Иманқұловтың театр өмірінде орны ерекше болды. Ол қырық жыл ішінде күлкілі рөлдердің хас шебері атанып, халыққа қалтқысыз еңбек етудің ғажап үлгісін көрсете білді.

"Малиновкадағы той", "Сүймегенге сүйкенге" сынды туындылар көрермен қауымды күлкіге қарық қылып, нағыз көңілді сәттерді еске түсірді.

Рабиға Бейсебаева, Ұлбосын Базарбаева, Кәрімбек Сейтметов, Райгүл Маңжігітова, Нышан Тілеубергенов, Айғанша Серікбаева, Бәтима Сүлейменова, Мәрияш Жұмаділдаева, Айгүл Раметова, Әлімбек Сапаров, Ұлжалғас Дәрменшина, Құрман Жолшыбеков, Бекен Балабаева, Жақсылық Тастеміров пен Орынгүл Қалыбековалар әртүрлі кезеңде театрдың ауыр жүгін арқалай білді.

Тағы оқыңыз: Маңғыстау облыстық қуыршақтар театры қалай құрылды

Театр негізінен Мырзашөл өңірін жайлаған жұртшылыққа өнер көрсетіп жүр. 

Тақырып:
Қазақстан театрлары (64)

Тақырып бойынша

Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
"Жас сахна" театры
"Современник" жастар халық театры
Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
Кілт сөздер:
актер, әртіс, өнер, театр
Загрузка...

Басты тақырып