Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев16 наурыз - күнтізбе
16 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесі бойынша 75-ші күн. Жыл соңына дейін 290 күн бар.

16 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

16 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін экономикалық қылмысқа қарсы күрескен кеңес және ресейлік ішкі істер министрлігі қызметкерлері мен ардагерлерінің кәсіби мерекесі. Бұрын бұл мерекені социалистік мүлікті ұрлауға және спекуляцияға қарсы күрес бөлімдерінің қызметкелері атап өтетін. Бұл ведомство 1937 жылы 16 наурызда КСРО ішкі істер халық комиссариаты бас милиция басқармасы жанынан құрылды.

Сонымен қатар бүгін – Республикалық Ұланның құрылған күні. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Ұлттық ұлан жеке әскери құрылым болып саналады әрі Қазақстан Қарулы күштерінің резервіне кіреді.

16 наурыз – Тосын әрекеттер күні. Сондықтан бүгін бұрыннан армандап жүрген ойыңызды жүзеге асырыңыз. Күйбең тіршіліктен бір күнге демалып, өзіңіз қалаған іспен шұғылданыңыз.

16 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1831 жылы Францияның астанасы Парижде жазушы Виктор Гюгоның "Собор Парижской Богоматери" романы жарық көрді;

1917 жылы "Maybelline" компаниясы әлемде алғаш рет кірпікке арналған бояу шығарды;

2005 жылы Уфа – Пермь – Усинск – Варандей бағыты бойынша ұшып бара жатқан ресейлік Ан-24 ұшағы Варандей кентіне құлады. Ұшақта болған 52 жолаушының 28-і қаза тапты.

16 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1944 жылы Көкшетау облысы құрылды. Оның әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы. Облыс – республикадағы астықты өңірлердің бірі;

1944 жылы Талдықорған облысы құрылды. Оның әкімшілік орталығы Талдықорған қаласы болды. Облыс 1997 жылы Алматы облысына қосылуына байланысты таратылды;

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының Красный Восток кентінде орналасқан ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Республикалық Ұлан құрылды;

2009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы наградасы Заид орденімен марапатталды;

2010 жылы Ш. Айманов атындағы "Казақфильм" киностудиясы "Интерфест" компаниясымен бірлесіп, "Махаббат тәлкегі" атты романтикалық комедияны прокатқа шығарды.

16 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1787 жылы электр өрісі заңының (Ом заңы) авторы, неміс физигі Георг Ом өмірге келді;

1859 жылы радионы ойлап тапқан өнертапқыш, орыс физигі Александр Попов дүниеге келді;

1914 жылы КСРО-ның танымал футболшысы, хоккейшісі, әрі хоккей жаттықтырушысы Аркадий Чернышев өмірге келді. Ол – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1948), КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1956), полковник;

1926 жылы америкалық актер, режиссер, жазушы Джерри Льюис дүниеге келді. Ол 2009 жылы "Оскар" жүлдесіне ие болды;

1967 жылы ресейлік танымал әнші, диджей, тележүргізуші, "Кар-мэн" тобының бұрынғы мүшесі Богдан Титомир дүниеге келді.

16 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді

1874 жылы Алаш қозғалысына қатысушылардың бірі, ағартушы педагог Төлеген Иманғазиев дүниеге келді;

1905 жылы қазақтың ақыны Дәмеш Берсүгірова дүниеге келді;

1938 жылы профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Мейірхан Әбділдин дүниеге келді;

1939 жылы жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдарбек Найманбаев дүниеге келді;

1946 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Марат Жақсылықов дүниеге келді;

1949 жылы профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, Ресейдің еңбек сіңірген инженері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шалтай Смағұлов өмірге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Өткенге көз жүгіртіп, болашағыңызды бағдарлауға қолайлы уақыт. Сондай-ақ шығармашылық және оң еңбегімен шұғылдану да жемісін бермек.

Жаңалықтар
0