05:06 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Солтүстік Қазақстандағы Николай Погодин атындағы орыс драма театры

Солтүстік Қазақстандағы Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

© Sputnik / Елена Бережная
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (79)
35 0 0

Солтүстік Қазақстан облысындағы Николай Погодин атындағы орыс драма театрының 130 жылдық тарихы бар. Бұл - Қазақстандағы ескі театрлардың бірі

Театр қалай құрылды

Петропавл қаласындағы театр тарихы 1886-1887 жылдары ашылған қысқы маусымнан бастау алады. Алғаш рет өнер ордасының сахнасында Александр Островский мен Николай Соловьевтің "Бақытты күн" атты пьесасы көрермен назарына ұсынылды.

1962 жылы театрға Ленин атындағы драматург жүлдесінің иегері Николай Погодиннің есімі берілді.

1972 жылы театр жаңа заманауи ғимаратқа көшіп барды.

Северо-Казахстанский областной русский драматический театр имени Николая Погодина
© Sputnik / Елена Бережная
Николай Погодин атындағы театрда балаларға арналған қойылым кезінде түсірілген сурет

Театрдың жетекші актерлері

Театрда көптеген еңбек сіңірген қоғам қайраткері жұмыс істейді. Олар – ҚР халық әртісі Людмила Турпаян, ҚазССР еңбек сіңірген әртісі, режиссер Виктор Шалаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Надежда Косыгина және т.б.-лар. Сондай-ақ, алдыңғы қатардан Владимир Шустов, Евгений Патешкин, Людмила Шалаева, Людмила Шустова, Ирина Полещук, Ирина Пашкина, Борис Васко, Алексей Никулин, Анатолий Наргеленас және т.б.-лар.

Театр жетістіктері

Өнер ордасы көптеген халықаралық және республикалық фестивальдердің жүлдегері. Олардың ішінде – Мәскеуде өткен "Ғасыр жасы" атты халықаралық фестивальде Ирина Пашкина ең үздік әйел бейнесі үшін жүлде алды.

Северо-Казахстанский областной русский драматический театр имени Николая Погодина
© Sputnik / Елена Бережная
Н. Погодин атындағы орыс драма теартындағы қойылым

2002 жылы Петропавл қаласында Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына арналған Х республикалық театрлер фестивалінде гран-при иеленді. Аталған фестиваль кезінде көрермен назарына "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымы ұсынылған болатын.

Астана қаласында өткен XV республикалық театрлер фестивалінде Федор Достоевскийдің "Ағаның түсі" пьесасының желісі бойынша қойылған "Мардасов түстері" атты қойылымы бас жүлдені жеңіп алды.

Северо-Казахстанский областной русский драматический театр имени Николая Погодина
© Sputnik / Елена Бережная
Н. Погодин атындағы орыс драма теартындағы қойылым

Театр репертуары

Театр репертуары отандық және алыс-жақын шетелдік драматургтердің шығармаларынан құралған.  Әр жаңа маусым сайын жасы үлкен көрермендермен қатар, балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар сахналанып отырады.

132 театр маусымында көрермен қауымға 26 қойылым ұсынылып жүр. Олардың ішінде тоғызы балаларға арналған. Репертуардың ішінде "Мағжанның соты", "Шоқан Уәлиханов", "Жасын", "Геростратты ұмыту", "Поллианна", "Жұт", "Еріксіз күйеу жігіт" сынды қойылымдар сыншылар мен өнер сүйер қауым тарапынан жоғары бағаға ие болып жүр.

Соңғы 20 жылдың ішінде театр сахнасында жасы үлкендерге арналған сексеннен астам жаңа қойылым сахналанды. Мұнымен қатар, балаларға арнап жетпіске жуық спектакль қойылды. Театр ұжымы ауылдық жерлерде алты жүзден астам қойылым қойған. Ал осы спектакльдерді жалпы 195 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (79)

Тақырып бойынша

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры
Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры 
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театры
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры туралы не білеміз?
Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры
Кілт сөздер:
әртіс, жетістіктер, актер, өнер, театр
Загрузка...

Басты тақырып