13:14 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры

Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры

© Foto : Карагандинский драмтеатр имени К. Станиславского
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (68)
31 0 0

К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры өз тарихында тыл шебінде де, тың алқаптарында да болып, ел азаматтарының көңілін көтеріп, қуаныш сыйлаған бірегей жылжымалы театр болған

Театр тарихы

Театрдың тарихы өткен ғасырдың 30-шы жылынан бастау алады. Осы кезде Семейдегі үгіт-насихат бригадасы жылжымалы театр құрады. 1932 жылы жылжымалы театр Түріксіб саяси пойызына тіркестіріледі. Осылайша өнер ұжымы мінгескен үш вагон ел-елді аралап, кеңес драматургтерінен бастап орыс және батыс классиктерінің шығармаларымен көпті көзайым етті.

1935 жылы жылжымалы театр ұжымы Қостанайдағы емхана ғимаратына орналасады. Бұл кезде театр В.Шекспирдің, А.Островскийдің, А. Афиногенованың шығармаларын өз репертуарына өзек етіп үлгерген. 

1936 жылы ұжым Қарағанды облыстық орыс драма театры деп атауын өзгертіп, Балқаштағы құрылысқа жіберілді. 1937 жылы театрдың тұңғыш директоры В.Портнов басшылық тізгінін Ленинградтан келген көркемдік жетекші Константин Раушқа ұстатты. Оның келуімен театрдың репертуары кеңейіп, кәсіби деңгейі де арта түсті. Театр батыс калссиктері Б.Шоудың, Ж.Мольердің П.Бомарштың туындаларын да сахналай бастады.

1940 жылы ұжымды Қарағандыға ауыстырды. Өзінің алғашқы мерейтойында театр "Гамлетті" сахналады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қарағандыға Мәскеу мен Киевтің театрлары эвакуацияланып, театр ұжымы Балқаштағы Кеншілердің мәдениет сарайы құрылысына жөнелтілді. Олар мұнда 1951 жылға дейін болды.

50-ші жылдары "жылжымалы театр" деген атағына сай бұл ұжым тың алқаптарына барып, диқаншыларды өз өнерімен қуантты. 1962 жылы театр Қарағандыдағы Мир бульварындағы жаңа ғимаратқа барып орналасты. 1963 жылы ҚазКСР Министрлер кеңесінің жарлығымен театрға К.Станиславский есімі берілді.

Театр жетістіктері

Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары театр республикалық байқаулардың жүлдесін бірнеше мәрте иеленді. Бұл кезде шығармашылық ұжымға режиссер, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі А.Подобед, Г.Жезмер, халық әртістері Рубен Андриасян, Марк Зильберма басшылық еткен.

Театр Алматы, Омбы, Полтава, Фрунзе, Новосібір, Павлодар, Иркутск сынды қалаларға гастрольдік сапарға шығып, сәтті өнер көрсетті. Оның ішінде 1979 жылы Мәскеу қаласына сапарын ерекше атауға болады. Режиссер, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.Воложанин қойған спектакльде пьеса авторлары - В.Розов, А.Арбузов, В.Тендряков болып, оған жоғары баға берді.

1980 жылы театр Халықтар достығы орденімен марапатталды. 1986 және 2006 жылдары аралығында театрдың бас режиссері ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Г.Оганесян болды. Бүгінгі күндері театрға Д.Еспаев басшылық етеді.

Театр репертуары

Театрдың репертуарында бүгіндері 40 шақты спектакль бар. Оның ішінде балаларға арналған қойылымдар да кездеседі. Атап айтсақ, мұнда Н.Гоголдің "Ревизоры", А.Островскийдің "Кінәсі жоқ кінәлілер", Д. Исабековтің "Мұрагерлер", Р.Белецкийдің "Сөз болмаған әңгіме", Д.Кристнердің "Қызуқанды әйелдер", Сенеканың "Ойын" трагедиясы, В. Рыжковтың "Қайда? Қарағандыда!", Н.Носовтың "Дымбілмес пен оның достарының шытырман оқиғалары", Е.Шварцтың "Қызыл Телпек", Косарьевтің "Үйшік" сынды пьесаларын тамашалауға болады.

Тақырып:
Қазақстан театрлары (68)

Тақырып бойынша

Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры
Арқалық қазақ жасөспірімдер театры
Қостанай облыстық қуыршақ театры
Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры 
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Кілт сөздер:
өнер, театр, Қарағанды
Загрузка...

Басты тақырып