06:28 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры

Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры – қызықты деректер

© Photo : предоставлено пресс-службой театра
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан театрлары (79)
38 0 0

Қарағанды облысында жас көрермендерге арналған театр құру мақсатында ашылған өнер ордасы жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Театр қалай құрылды

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры 1989 жылы Неміс драма театры Алматы қаласына көшкеннен кейін, осы ғимараттың базасында құрылды. Бұған дейін бұл ғимаратта Теміртау қаласының металлургтер мәдениет сарайы, музыкалық комедия академиялық театры, неміс драма театры орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртауский театр - ТЮЗ (@temirtay.tuz)

Театрдың бірінші маусымы 1990 жылы 24 қарашада О.Петрушевскаяның пьесасы бойынша "Чемодан чепухи" қойылымымен ашылды.

Театрдың өркен жаюына әр жылдары В.Н.Корастылев, С.П.Юн, Ю.Синин, Е.А.Соколова, М.М.Долиненко, А.И.Осипенко, Л.А.Синицина, Л.П.Скокова өлшеусіз үлес қосты.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры

Сәулет ескерткіші саналатын театр ғимараты Теміртау қаласының ескі бөлігінде орналасқан. Өнер ошағында 270 адам сыятын үлкен зал мен 70 орындық кіші зал бар.

Театр ұжымы және сахналанған қойылымдар

Бүгінде театр труппасы 24 актерден тұрады. Труппаның 30%-і – 30 жасқа дейінгі қыз-жігіттер. Өнер ордасында ұзақ уақыт бойы В.Хомутов, В.Левтеров, В.Шматенко, К.Снегирёв, Г.Чупаха, Ф.Гермес, С.Федоренко, У.Рыспаева, М.Н.Маскалюк және Н.К.Сытина секілді өнер майталмандары жұмыс істеп келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртауский театр - ТЮЗ (@temirtay.tuz)

Театр директоры – Владимир Дроздецкий. Көркемдік жетекшісі – Михаил Маскалюк, театр іргесін қалағандардың бірі.

1990 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта жас көрермендер театрында 170-тен аса спектакль сахналанды. Қойылымдардың барлығы – балалар, классикалық, ұлттық, қазіргі заманғы және шетелдік драматургия негізінде.

Тағы оқыңыз: Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры

Өнер ордасы жылына орта есеппен 270 спектакль қояды, оларды 37 мыңнан аса көрермен тамашалайды. Театр ұжымы ай сайын Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарына гастрольдік сапармен шығып тұрады.

Театрдың жетістіктері

Өнер ошағы республикалық, өңірлік және халықаралық театр фестивальдері мен байқауларының жеңімпазы.

  • 2001 жылы Алматыда өткен бірінші республикалық комедия блиц-фестивалінде "Сахналық өнерге деген ерлiк пен адалдығы үшін" арнайы жүлдесін жеңіп алды;
  • 2007  жылы XV республикалық театр фестивалінде М.Маскалюк қойған "Бирюзовое колечко" спектаклі үшін Қазақстан театр қайраткерлері одағының арнайы жүлдесін иеленді;
  • 2008 жылы Украинада өткен VII халықаралық "Классика бүгiн" фестивалінде "Яма" спектакліндегі "Әйел актерлік ансамблінiң бүтiндiгi үшін" қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды;
  • Қарағанды қаласында өтетін "Театр балалар көзімен" өңірлік фестивалінде төрт рет бас жүлдені иеленді.
Тақырып:
Қазақстан театрлары (79)

Тақырып бойынша

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова туралы не білеміз?
Шолпан Елгезекова туралы не білеміз?
Фариза Оңғарсынова туралы не білеміз?
Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы не білеміз?
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры туралы не білеміз?
Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
жетістіктер, жасөспірімдер, балалар, әртіс, театр, Теміртау
Загрузка...

Басты тақырып