Дерекқор

САНТ театры: тарихы мен қызықты деректер

© Photo : пресс-служба театраСАНТ театрының шығармашылық ұжымы
САНТ театрының шығармашылық ұжымы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Театр бір маусымда 4-5 премьера әзірлеп үлгеретінімен ерекшеленеді

Театрды кім және қалай құрды

Жамбыл облыстық қазақ драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Жамбыл облыстық қазақ драма театры
Халық театрының жетекшісі басқа қалаға кеткеннен кейін Светлана Лозова бастаған бір топ актер жаңа ұжым құруға бел буады. Алғашқы қойылым көрермен көңілінен толықтай шықты.

Ақтауда 2003 жылы құрылған ұжым қоғамдық қор ретінде тіркелді. Әуесқой театр болғандықтан, актерлер тұрақты түрде жалақы алмайды. Десе де әртістердің өнерге деген махаббаты мен режиссер Светлана Владимирқызының арқасында қойылымдар кәсіби деңгейде сахналануда.

Театр 180 мың адам өмір сүретін қалада орналасқандықтан, өнерсүйер қауымның да саны аса көп емес. Сол себепті бір маусымда театр 4-5 премьераға дейін әзірлеуге мәжбүр.

Театр репертуарындағы қойылымдар 

Осы күнге дейін өнер ордасы бірнеше ғимарат ауыстырып үлгерді. Қазіргі таңда театр бұрынғы "Достық" кинотеатрының ғимаратында орналасқан.

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры
Театр қойылымдарының барлығы орыс тілінде болғандықтан, САНТ репертуары негізінен орыс және шетелдік драматургтердің туындыларынан құралған. Олар – Булгаков, Островский, Пушкин, Ильф пен Петров, Филатов, Птушкин, Вырыпаев, Красногоров және т.б.-лар.

Көрермен сұранысына сай театр репертуарында комедиялық пьесалар басым. 20 жыл уақыт ішінде САНТ театрында сексенге жуық актер жұмыс істеді. Әдетте бір уақытта театр ұжымында 15-20 әртіс болады.

Жаңалықтар
0