Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев19 наурыз - күнтізбе
19 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 78-ші күн. Жыл соңына дейін 287 күн бар

19 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

19 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:   

Бүгін суасты күштері әскери қызметкерлері мен азаматтық персоналының кәсіби мерекесі – Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флотының теңізші-сүңгуір күні аталып өтеді. Мерекенің тарихы сонау 1906 жылдан бастау алады. Сол кезде император Николай II жарлығымен әскери флот кемелерінің жіктемесіне алғаш рет кемелердің жаңа тобы – суасты қайықтары енгізілді. Жарлық алғашқы 10 суасты қайығын пайдалануға енгізді. Ең алғашқысы "Дельфин" деп аталып, 1904 жылы Балтық зауытында жасалды. 1911 жылы Либава қаласында негізі қаланған суасты қайықтарының алғашқы құрамы жасақталды. Бригаданың құрамына 11 суасты қайығы кірді.   

Сондай-ақ бүгін – самогоншылардың кәсіби мерекесі немесе кәсіби самогоншы күні. Самогоншы мамандығы жүйкесі нашар адамдарға арналмаған. Самогоншы болмайды, самогоншы болып туады деген сөз бар. Кәсібін жан-тәнімен жақсы көретін және қыр-сырын білетін адам ғана самогоншымын деп айта алады. Бұл кәсіп зиянды, сондықтан самогоншылар күн сайын сүт ішеді. Ешкім олардың өмірі қаншалықты ауыр және қауіпті екенін ойламаған болса керек. Бұл күні үстелге самогон сән үшін қойылмайды, ол осы кәсіп иелерінің жұмысына деген құрметті білдіреді.

Бүгін – Халықаралық клиент күні. Бейресми мерекені ресейлік және латвиялық бизнесмендер ұйымдастырды, оны олар 2010 жылы өз тұтынушыларының құрметіне құрды. Бұл идеяны көп ұзамай Еуропа мен Америкадағы басқа елдердің бизнесмендері  іліп әкетті, осылайша біртіндеп мереке бүкіл әлемге тарады.

Халықаралық клиент күнінде трансұлттық корпорациялар мен жеке фирмалар акциялар өткізіп, ұтыс ойындар, лотереялар ойнатады, сатып алушыларға тегін кәдесыйлар тапсырып, жеңілдіктер мен қосымша бонустар ұсынады. Әлемде күн сайын 33 жаңа өнім пайда болады, оның 13-і ойыншық. Әлемде тұтыну жағынан бірінші орында бензин, екінші орында – кофе. Сатушы мен сатып алушы екі ережені ұмытпауы керек: біріншісі – сыпайы болу, екіншісі – бірінші ережені оқу.

19 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар:  

1474 жылы Венецияда өнертабыстарды қорғау туралы заң – әлемдегі авторлық құқықты қорғау туралы алғашқы заң қабылданды;

1823 жылы Бірінші Мексика империясы жойылды;

1831 жылы АҚШ-та алғаш рет банк тоналды;

1859 жылы  Парижде Шарль Гуноның "Фауст" операсының премьерасы өтті;

1899 жылы Ресейде және Петерборда алғашқы жедел жәрдем стансасы ашылды;

1953 жылы "Оскар" сыйлығын тапсыру салтанаты алғаш рет теледидардан көрсетілді.

19 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1931 жылы Қазақстанның алғашқы әрі алдыңғы қатарлы медициналық жоғары оқу орындарының бірі С.Д.Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) ашылды;

1993 жылы "Целиноградсельмаш" зауытында алғашқы қазақстандық ауыл шаруашылығы самосвалы шығарылды;

2011 жылы Алматыда алғаш рет қазақ блогерлерінің құрылтайы өтті.

19 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1947 жылы америкалық киноактриса Гленн Клоуз дүниеге келді. Ол "101 далматинец" фильмінде Круэллы де Виль рөлін ойнады;

1949 жылы Кеңес және Ресей әншісі, актер Валерий Леонтьев дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (1996);

1950 жылы Кеңес және Ресей әншісі Надежда Бабкина дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1992);

1955 жылы америкалық киноактер, продюсер және музыкант Брюс Уиллис дүниеге келді. Голливудтың ең жоғары ақы төленетін актерлерінің бірі.  

19 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді:   

1899 жылы қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері  Мәдина Бегалиева дүниеге келді;

1950 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер Сердеш Қажымұратов  дүниеге келді;

1954 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  Жұмағаным Рақымова дүниеге келді;

1954 жылы қазақ кинорежиссері, сценарист, продюсер, суретші, сәулетші, қоғам қайраткері Рашид Нұғманов дүниеге келді;

1974 жылы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дүниеге келді;

1976 жылы боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Мұхтархан Ділдәбеков дүниеге келді. 27-ші Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Аласапыран. Айналаңыздың бәрі сұрықсыз, не жасасаңыз да қалаған нәтижеге жете алмайсыз, адамдар сізді көргісі келмейді. Әлемнің астаң-кестеңі шыққан, бірақ бұл елес қана, сіз бүгін жай ғана көңілсіз отырсыз.

Жаңалықтар
0