21:23 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
79 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 83-ші күн. Жыл соңына дейін 282 күн қалды.

24 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         24 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемнің көптеген елінде Халықаралық күйзеліспен күрес күні аталып өтіп жатыр. Бұл күннің пайда болу тарихына қатысты нақты деректер жоқтың қасы Мерекенің мақсаты – қоғам назарын жан саулығы проблемаларына аудару. Күйзеліске қарсы күрес күнін атап өту идеясы бірқатар елдің медициналық топтарында кеңінен қолдау тапты. Бұл күні біраз адам күйзеліспен байланысты мәселелерден хабардар болады. Бүгінде әлемде 350 миллион адам күйзеліспен күресіп келеді. Халықаралық күнді атап өтудің жолдары көп: сүйікті комедияңызды көріп, немесе көңілді музыка тыңдауға болады, не болмаса достарыңызбен орманның таза ауасымен тыныстап, серуендеп қайтыңыз.

2010 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 24 наурызды Адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығының халықаралық күні ретінде бекітті.

Бұл дата Сан-Сальвадор архиеспископы Оскар Арнульфо Ромеро-и-о Гальдаместің құрметіне таңдалды. Монсеньер Ромеро кедейлік, әлеуметтік теңсіздік, кісі өлтіру мен азаптауға қарсы күрескен адам. Осы көзқарасы үшін талай рет радикалды ағым жақтастарынан қысым көріп, ақыр соңында солардың қолынан көз жұмды. Бұл 1980 жылдың 24 наурызында болған еді.

Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні. Бұл дата 1982 жылдан бері аталып өтеді. Халықаралық туберкулез және өкпе ауруларымен күрес одағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп мерекені бекіту бастамасын көтерді. Дәл осы 24 наурызда Р.Кох 1882 жылы туберкулез таяқшаларын ашқан еді. Әлемнің көптеген елі Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған акцияларға қатысса да, статистика бұл шаралардың мардымсыз екенін көрсетіп отыр.

         24 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1930 жылы ергежейлі Плутон планетасы қазіргі атауына ие болды;

1933 жылы Гитлер Германияны Үшінші рейх деп жариялады. Оның пікірінше, жаңа империя Қасиетті Рим империясының мұрагері еді және ғұмыры мың жылға созылуы тиіс болатын;

2001 жылы Mac OS X бірінші релизі шықты;

2008 жылы Олимпияда Бейжің олимпиадасының алауы жағылды.

         24 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан мен Венгрия, Қазақстан мен Куба арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы ноталар алмасылды;  

2000 жылы Қызылорда облысындағы Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді;

2009 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Финляндияның Ақ раушаны" және "Финляндия Арыстаны" ордендерімен марапатталды.

         24 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1900 жылы кеңестік опера және камералық әнші (тенор), режиссер Иван Козловский дүниеге келді. КСРО халық әртісі (1940). Социалистік Еңбек ері  (1980);

1954 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әншісі, композитор Александр Серов өмірге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2004);

1965 жылы америкалық актер Питер Джейкобсон туды. "Доктор Хаус" телехикаясындағы дәрігер Крис Таубты сомдап, танылған еді;

1973 жылы ресейлік театр және кино әртісі Андрей Мерзликин дүниеге келді.

         24 наурызда Қазақстанда кімдер туды

1943 жылы ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рафаэль Ниязбеков өмірге келді;

1956 жылы сенат депутаты Ерік Сұлтанов дүниеге келді;

1965 жылы бұрынғы бас прокурор, сенат депутаты Қайрат Қожамжаров туды.

         Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Жоспарлаған жаңа істерді кейінге қалдырған дұрыс. Түс пен сәуегейлікке сенбеңіз. Тамақтан уланып қалуыңыз мүмкін.         

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 наурыз 
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 наурыз
Кілт сөздер:
Қайрат Қожамжаров, ай күнтізбесі, мереке, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып