Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев11 сәуір - күнтізбе
11 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 101-ші күн, жыл соңына дейін 264 күн бар

11 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

11 сәуірде қандай айтулы оқиға болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 сәуірді Паркинсон ауруына қарсы күрес күні деп бекітті. Мерекенің мақсаты - адамдарды дерт туралы толыққанды ақпараттандыру. Алғаш рет бұл ауруды 1817 жылы ағылшын дәрігері Джеймс Паркинсон сипаттап берген еді. Содан бері адамзат бұл дертпен күресу үшін түрлі амалдар тауып, арпалысып жүр.

Сонымен қатар бүгін бүкіл әлемде фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат ету күні аталып өтеді. Атаулы дата 1945 жылы 11 сәуірде болған Бухенвальд концлагері тұтқындарының көтерілісін еске алу күні ретінде бекітілген.

11 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1945 жылы Бухенвальд концентрациялық лагерінің тұтқындары босатылд;

1970 жылы Аполлон-13 шықты;

2008 жылы Вашингтонда жаңа ғимаратта журналистика және жаңалықтар музейі ашылды.

11 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1867 жылы Верный бекінісіне қала мәртебесі беріліп, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды;

1937 жылы Балқаш қаласының негізі қаланды;

1992 жылы Қарақалпақстанда "Достық туы" газеті қазақ тілінде жарық көрді;

2012 жылы Вашингтонда Қазақстан және АҚШ арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

11 сәуірде әлемде дүниеге келген тұлғалар

1492 жылы француз ханшайымы, Франциск I королінің қарындасы, Франциядағы алғашқы әйел жазушылардың бірі Маргарита Наваррская дүниеге келді;

1894 жылы кеңес одағының цирк әртісі, иллюзионист, РСФСР Халық әртісі Эмиль Кио дүниеге келді;

1968 жылы ресейлік фантаст жазушы, "Ночной дозор" және "Дневной дозор" романдарының авторы Сергей Лукьяненко дүниеге келді;

1997 жылы украиналық әнші, композитор, "Евровидение-2018" қатысушысы Melovin дүниеге келді.

11 сәуірде Қазақстанда кім туды

1940 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымының докторы, Америка геофизикалық одағының мүшесі Виктор Дробжев дүниеге келді;

1980 жылы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев дүниеге келді. Ол сыбайлас жемқорлық үшін 2018 жылы 10 жылға соталды. 

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Бүгін өте жемісті күн болады, әсіресе жаңа жыл түнінде тілеген тілегіңіз үшін қолайлы уақыт. Бәрі бүгін сізге көмектесуге атсалысады, сондықтан шыдамдылық таныту маңызды.

Жаңалықтар
0