Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев12 сәуір - күнтізбе
12 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 102-ші күн, жыл соңына дейін 263 күн бар

12 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

12 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін – бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. Бұл мейрам – КСРО Жоғарғы кеңесі төралқасының 1961 жылдың 9 сәуіріндегі жарлығымен адамзаттың ең алғаш ғарышқа ұшқан күнімен байланысты. Тұңғыш ғарышкер, ұшқыш Юрий Гагарин ғарышқа Қазақстандағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшқан.

12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 20 қазанындағы №164 жарлығымен бекітіліп, 2012 жылдан бастап мерекелене бастады.

Бүгін – халықаралық түс көру күні. Оны бүкіләлемдік ұйқы күнімен шатастыруға болмайды. Бұл мерекенің тарихы 1975 жылдан басталады. Осы жылы Халл Университетінің парапсихологы Кейт Хирн ұйқы кезіндегі адамның жанына зерттеу жасаған.

12 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар:

1961 жылы КСРО ұшқышы, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток-1" ғарыш аппаратымен ғарышқа ұшты. 115 минуттан соң ғарышкер Ресейдің Саратов облысына қонды;

1954 жылы Decca Records студиясында америкалық әнші Билл Хейли "Rock Around the Clock" әнін жазды. Бұл әлемде музыкалық рок-н-ролл жанрының танымал болуына әсер етті;

1992 жылы Францияның астанасы Париж қаласында "Евро-Диснейленд" ойын-сауық орталығы ашылды;

1995 жылы Yahoo каталогы іске қосылды. Оның негізін америкалық Стэнфорд университетінің студенттері Дэвид Фило және Джерри Янг қалады. Yahoo каталогы – әлемдегі ең танымал интернет ресурстардың бірі.

12 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1991 жылы Байқоңырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Ғарыш, спорт, эстрада жұлдыздары" атты халықаралық фестиваль өтті.

1993 жылы қазақстандық "31" телеарна алғаш рет эфирге шықты;

1994 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды;

1999 жылы Алматы қаласындағы Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы скверде ғалым, академик Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды.

2010 жылы Павлодар қаласында ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай ескерткіш қойылды;

2011 жылы "Электронды үкімет" порталы іске қосылды. Портал арқылы қазақстандықтарға 70-тен астам электрондық және 2 мың ақпараттық қызмет көрсетілді;

12 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1839 жылы Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы, генерал-майор Николай Пржевальский дүниеге келді;

1933 жылы әлемді зор дауысымен (сопрано) мойындатқан испаниялық каталон әншісі Монсеррат Кабалье өмірге келді;

1949 жылы кеңес және Ресей цирк әртісі, сайқымазақ, мысықтарды жаттықтырушы Юрий Куклачев өмірге келді. Ол РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1980), РКФСР халық әртісі (1986), әлемдегі жалғыз мысық театрының негізін қалаушы;

1961 жылы ресейлік эстрада әртісі, тележүргізуші, әнші, сықақшы, театр және кино әртісі Юрий Гальцев өмірге келді. Ол – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2003);

1972 жылы ресейлік театр және кино әртісі, тележүргізуші Елена Корикова өмірге келді. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі. "Бедная Настя" телесериалы арқылы танымал болды.

12 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:

1899 жылы Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаев дүниеге келді;

1920 жылы жазушы Бұқара Тышқанбаев дүниеге келді;

1926 жылы қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші Мардан Байділдаев дүниеге келді;

1928 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Байжігіт Әбдіразақов дүниеге келді;

1936 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Жауғаштин дүниеге келді;

1950 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, сенат депутаты Төлеубек Мұқашев дүниеге келді;

1975 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз дүниеге келді;

1989 жылы қазақстандық шаңғышы, 2010 жылғы Олимпиада ойындары мен 2011 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Кузин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Үйді тазалауға өте қолайлы күн.  Алайда ішкі жан дүниеңіз бен жұмыс орныңыздың да тазалығына мән беріңіз. Бұрын жасамаған нәрселерді қолға алып, өз-өзіңізді қуантыңыз.

Жаңалықтар
0