Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев27 сәуір - күнтізбе
27 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесіндегі 117 күн. Жыл соңына дейін 248 күн бар

27 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

27 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік мал дәрігері күні. Мереке 2000 жылдан бастап тойлана бастады.

27 сәуір – дүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Бұл мейрам дүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімінен 1957 жылдан бері мерекеленеді. Аталған федерация халықаралық үкіметтік емес ұйым болып саналады. Оның мақсаты – шаһарлар арасындағы достық байланысты нығайту. Федерецияның құрамына әлемнің 160-тан астам елінің 3 500-ден астам қаласы кіреді. Ұйымның штаб пәтері Парижде орналасқан.

Бүгін ресейліктер парламентаризм күнін атап өтеді. Мереке 2012 жылы федералды заңға өзгеріс енгізу арқылы бекітілді. Оның мақсаты - Ресей халқының федералды кеңесі және облыстар мен өңірлердегі заң шығарушы органдардың қызметіне халықтың назарын аудару;

27 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1908 жылы Ұлыбритания астанасы Лондонда IV Олимпиада ойындары өтті;

1908 жылы  мәнерлеп сырғанау алғаш рет Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді;

1965 жылы АҚШ-та "Памперс" жөргегі патенттелді;

1975 жылы Формула-1 жарысы тарихында бірінші және соңғы рет әйел спортшы ұпай жинады;

1978 жылы Ауғанстанда сәуір революциясы атауымен тарихқа енген мемлекеттік төңкеріс болды. Елде марксистік үкімет орнап, Ауғанстан демократиялық республикасы құрылды.

27 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1913 жылы "Қазақ" апталық газеті шыға бастады. Оның редакторлық алқасында қазақ ұлтының белгілі тұлғалары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов болды;

1994 жылы Алматыда "Абылай хан" қоры құрылды. Оның төрағасы Шота Уәлиханов болды;

1998 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік құрылды;

2011 жылы түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясына төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға ресми түрде өтті;

2015 жылы республикалық "Сарыарқа" велотрегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жеңімпаздар форумы өтті.

27 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1791 жылы АҚШ суретшісі және өнертапқышы Сэмюэл Морзе дүниеге келді;

1927 жылы КСРО актері Евгений Моргунов дүниеге келді. Ол көрерменге "Пес Барбос и необычный кросс", "Самогонщики", "Операция "Ы" и другие приключения Шурика", "Кавказская пленница, или Новые приключения Шурика" фильмдері арқылы таныс;

1928 жылы жеңіл атлетикадан (диск лақтыру) екі дүркін олимпиада чемпионы, Кеңес одағының спортшысы Нина Пономарева (Ромашкова) дүниеге келді. Ол - КСРО тарихында олимпиада ойындарында алғаш рет алтын медальға ие болған спортшы;

1969 жылы ресейлік танымал әнші, Ресейдің еңбек сіңірген әншісі Стас Михайлов дүниеге келді.

27 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1875 жылы ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, профессор Андрей Безсонов дүниеге келді;

1938 жылы жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шайым Шаваев дүниеге келді;

1947 жылы Қазақстан ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исин дүниеге келді;

1953 жылы Қазақстанның құрметті сәулетшісі Шухрат Юсупов дүниеге келді;

1955 жылы философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы, "Нұр Медиа" холдингінің бас директоры Жанай Омаров дүниеге келді;

1966 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, суретші Ақтоты Смағұлова дүниеге келді.

Жаңалықтар
0