16:37 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
2 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
39 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 122-ші күн. Жыл соңына дейін 243 күн бар

2 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            2 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін -  Дүниежүзілік тунец күні. Мереке халық назарын балықтың осы түріне аударып, тунец популяциясына төнетін қауіп-қатер мен тунец қорын тұрақты басқарудың экономикалық және әлеуметтік басымдықтары туралы хабардар етуге бағытталған. Бұл мейрамды тойлауға 93 мемлекет себепкер болды. Тунец - скумбрия тұқымдас теңіз балықтары. Табиғатта қырық шақты түрі кездеседі, олар салмағы және көлемі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Ең кішісінің ұзындығы 50 см, салмағы 1,8 кг. Ал ең ірі тунецтің ұзындығы 4,5 метрге дейін жетіп, салмағы 600 келі тартады.

Бүгін мадридтіктер Мадрид күнін атап өтеді. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, бұл күні "Маджерит" атты қамалдың негізі қаланған. Сол кезде билік еткен араб әмірі Бірінші Мұхамед христиандардың шабуылынан қорғану үшін аумақты қоршауға бұйрық беріпті. Осы мерекені тойлау кезінде үкімет шеру ұйымдастырып, сарбаздар шеп құрып, көшеге шығады. Бас алаңға туристер жиналып, әскери парадты тамашалайды. Ойын-сауық шаралары, театр қойылымдары мен түрлі концерттер өтеді.

Ал Ресейде бүгін әскери борышын өтеуден қашатындардың мейрамы тойланады. Қазірде "отан қорғаушы күні" өзектілігін жоғалтып, осындай әзіл-шыны аралас мерекені ойлап табуға тура келіпті. Ресейдің қорғаныс министрлігінің ресми мәліметі бойынша, ер азаматтардың 9%-і ғана әскерде борышын өтеп жатыр, сондықтан көп ұзамай 2 мамыр халықтық мерекеге айналатын сияқты.

            2 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1563 жылы Иван Федоров алғаш баспадан шыққан орыс кітабы "Апостолды" жазуды қолға алды;

1892 жылы Киевте Ресей империясындағы алғашқы электрлі трамвай іске қосылды;

1919 жылы АҚШ-та алғашқы жолаушылар әуе желісі ашылды;

1955 жылы Үндістан парламенті каста бойынша кемсітушілікке тыйым салатын заң қабылдады.

            2 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1997 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша Көкшетау облысының Арықбалық, Уәлиханов, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистополь, Чкалов аудандары таратылды;

2006 жылы Мойнақ су электр станциясы салына бастады;

2012 жылы Өскемен қаласында Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің 20 жылдығына орай стелла орнатылды. Ескерткіште қолында шаңырағы бар, қазақтың ұлттық киімін киген әйел бейнеленген. Биіктігі - 12 метр.

            2 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1660 жылы итальян композиторы, неаполитандық опера мектебінің негізін қалаушылардың бірі Алессандро Скарлатти дүниеге келді. Ондаған операның авторы: "Бейкүнә қателік", "Помпей", "Розаура", "Адал ханшайым" және тағы басқалары;

1859 жылы ағылшын жазушысы Джером Клапка дүниеге келді. "Итті санамағанда, қайықтағы үшеу", "Төрт дөңгелекті үшеу" әзіл-ысқақ шығармалары мен көптеген әңгімелер жазған;

1972 жылы америкалық кино актері Дуэйн Джонсон дүниеге келді ("Мумия қайта оралды", "Геракл", "Форсаж");

1975 жылы танымал ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм дүниеге келді.

            2 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1928 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Аханов дүниеге келді;

1938 жылы қазақ жазушысы Есенжол Домбаев дүниеге келді;

1938 жылы қазақ жазушысы Сәкен Иманасов дүниеге келді;

1944 жылы әнші әрі термеші, жыраулық өнерді насихаттаушы Жақсылық Сәрсенғалиев дүниеге келді;

1944 жылы қазақ ақыны Рүстем Жанаев дүниеге келді;

1964 жылы мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова дүниеге келді;

1981 жылы ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Тоқты жұлдызында орналасады. Өзіңізге сенімді болып, тез шешім қабылдаңыз, әйтпесе біреу жуастығыңызды пайдаланып кетуі мүмкін. Басқалардың қателігінен сабақ алып, үлкендердің ақылын тыңдаңыз. Жүректің әміріне бағынсаңыз, бәрі ойдағыдай болып, уайым-қайғыға себеп қалмайды.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 мамыр
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып